Есеп, аудит және қаржы



бет3/6
Дата07.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#17407
1   2   3   4   5   6
N = 1500 адам, ал n= 150 адамға болса, онда:1500/150=10 болады. Бұл тізімнен әрбір ондық бірлік алынуы тиіс екенін білдерді.

Есептеу алфавиттік тізімнің басынан да, соңынан да жүзеге асырылуы мүмкін. Респонденттерді таңдауға арналған мұндай тізімдер ретінде сайлаушылар, кәсіпорын жұмысшылары, оқу орындарының тізімдері немесе үй кітапшасындағы жазбалар пайдаланыла алады.

 

Бақылауға іріктеліп алынған жиынтық бірліктерінің зерттеуге екінші рет қатысатындығы немесе қатыспайтындығына байланысты қайта іріктеу және қайталанбайтын іріктеу әдістері болып екіге бөлінеді:


  • егер бас жиынтықтан іріктеліп алынған бірліктер тексеріліп, зерттеуден өткеннен кейін қайтадан жалпы жиынтыққа қосылып, келесі бақылау кезінде екінші рет тексеруге қатысатын болса, онда оны қайта іріктеу деп атайды;
  • егер бас жиынтықтан бір рет іріктеліп алынған бірліктер тексеріліп, зерттеуден өткеннен кейін қайтадан бас жиынтыққа қосылмайтын болса оны қайталанбайтын іріктеу деп атайды. Жиынтық бірліктерінен іріктеп алу түрлі жағдайларға байланысты жекелеген, топталған және құрастырылған болып бөлінеді.
  • жекелеген іріктеуде әрбір бірлік бірінен соң бірі жеке іріктеліп алынады;
  • топталған іріктеуде зерттеуге алынған топтың барлық бірліктері толығымен тексеріледі;
  • құрастырылған іріктеуде жекелеген және топтама әдістердің құрамы бірге алынады.


  • кездейсоқ іріктеу тәсілі деп бас жиынтықтың арасынан таңдамалы бақылауға алынатын бірліктерді кездейсоқ іріктеп алуды айтады;
  • ал егер іріктеу бірдей интервал сайын механикалық түрде жасалса – механикалық деп атайды;
  • таңдамалы бақылаудың типтік іріктеу тәсілінде бас жиынтық бірліктері өздеріне тән типтік белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді, содан кейін пропорциялық үлесі арқылы әр топтан кездейсоқ немесе механикалық тәсілмен зерттелуге жататын бірліктер тағы іріктеліп алынады;
  • сериялы іріктеуде бас жиынтық бірліктерінен іріктеп алу кездейсоқ жеке-дара жүргізілмей, сериялармен, топтармен алынып, әр серияның, топтың бірліктері жаппай бақылауға толығымен алынады, ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштер бас жиынтыққа таратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет