«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехнакалық университеті» КеАҚ
Есеп және аудит кафедрасы
ПӘН: СТАТИСТИКА
3ТАҚЫРЫП:СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТОПТАУ
Нұр-Сұлтан, 2021
3. СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТОПТАУ.
3.1 Статистикалық мәлімет ұғымы 3.2 Статистикалық топтауды өткізудің мәні мен реттілігі 3.3 Статистикалық топтау түрлері
Сабақ мақсаты:Мәліметтерді топтау негізінде құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауды, себеп-салдарлық қорытындылар жасауды үйрету Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттегенде алғашқы мәліметтерді бір жүйеге келтіру және соның негізінде жалпылама көрсеткіштер арқылы объектіге сипаттама беру статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау арқылы жүргізіледі.
Мәліметтерді жинақтау-зерттелетін құбылысқа тән қасиеттер мен заңдылықтарды анықтауда жиынтықтың нақты жеке бір фактілеріне жалпылама сипаттама беру үшін ретімен жүргізілетін іс-шаралар кешені.
Материалды өңдеудің тереңдігі мен нақтылығына байланысты мәліметтерді жинақтау жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай жинақтау-бақылау бірлігінің жиынтығы бойынша жалпы жиынын есептеу.
Күрделі жинақтау-әр топ және тұтастай зерттеліп отырған объект бойынша қорытынды жиынтығын есептеп, олардың нәтижелерін статистикалық кесте түрінде бейнелеу.
Статистикалық мәлімет жинау келесі кезеңдер бойынша жүргізіледі:
топтау белгісін таңдау;
топтарды құру тәртібін анықтау;
топтар мен объектіні тұтастай сипаттау үшін статистикалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру;
мәлімет нәтижелерін бейнелеу үшін статистикалық кесте макетін құру.
Материалды өңдеу формасына байланысты мәлімет жинау орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болады. Біріншісінде, барлық алғашқы материал бір ұйымға келіп түсіп, осында басынан аяғына дейін өңделеді. Ал екіншісінде, кәсіпорындардың алғашқы мәліметтері статистикалық органдарда жинақталып, алынған мәліметтер ҚР Ұлттық статистикалық комитетіне тапсырылып, содан кейін жалпы халық шаруашылығы бойынша қорытынды мәліметтер анықталады .
Статистикалық мәлімет жинау екі жолмен-қолмен және машинамен ( электронды-есептеу техникасын қолдану арқылы) жүргізіледі.