Есеп туралы



жүктеу 135.99 Kb.

бет1/8
Дата03.03.2017
өлшемі135.99 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

МАЗМҰНЫ
2
1
Басшылықтың алғы сөзі .............................. 3
2
Есеп туралы .................................................... 9
3
Елдегі макроэкономикалық жағдайды 
сипаттау және оның Холдингтің 
қызметіне әсері ........................................... 11
4
Холдинг туралы ақпарат ............................ 15
5
Операциялық қызмет ................................ 29
6
2015 жылдың қорытындылары бойынша 
Холдинг қызметі нәтижелігінің негізгі 
көрсеткіштеріндегі жетістіктер туралы 
есеп ................................................................ 61
7
Жылдың негізгі оқиғалары ....................... 65
8
Корпоративтік басқару .............................. 69
9
Тәуекелдерді басқару ................................. 91
10
Орнықты даму ............................................. 99
11
2016 жылға арналған негізгі мақсаттар 
мен міндеттер ............................................105
12
Байланыс ақпараты ..................................109
13
Тәуелсіз аудиторлардың есебі ................111
14
GRI көрсеткіштерінің кестесі...................123
15
ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ .......................127
16
1-қосымша. Шоғырландырылған 
қаржылық есептілікке ескертулер .........128

БАСШЫЛЫҚТЫҢ АЛҒЫ СӨЗІ

4
«ҚАЗАГРО» ҰБХ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ 
ТӨРАҒАСЫНЫҢ АЛҒЫ СӨЗІ

5
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Бүгінгі күні Қазақстанда жаһандық ауыл шаруашылық реформалар іске асырылуда. Өтіп 
жатқан түрлендірулердің басты мақсаты – республиканың аграрлық секторын жоғары дең-
гейге шығару, оның қарқынды дамуын қамтамасыз ету.
Қойылған міндеттерді шешуде отандық агроөнеркәсіптік кешенде жетекші даму институты 
болып табылатын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің қызметі маңызды рөл атқара-
ды. Сіздің қолыңызда «ҚазАгро» 2015 жылға арналған жылдық есебін ұстап отырсыз, онда 
аталған кезең ішінде ұйым жұмыс жасаған қызметтің стратегиялық бағыттары және басты 
міндеттері толық көлемде көрсетілген.
Өткен жыл күрделі және сонымен қатар экономикалық және қаржылық оқиғаларға толы 
болды. Қазақстан сыртқы факторлардың әсер етуінің эпицентрінде болып қана қоймай, 
жаңа шындықпен де беттесті. Бұл жағдайларда ұлттық экономиканың дамуы үшін Қа-
зақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бес институционал-
ды реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам маңызды рөлді атқарды.
Бағдарламалық құжатта белгіленген ауыл шаруашылық саласындағы бірқатар стратегия-
лық міндеттер «ҚазАгро» қызметінің мәніне айналды.
Қойылған мақсаттарға жету жолында Холдинг 2015 жылы ет және сүтті мал шаруашылығын 
қаржыландырумен, шағын және орта агробизнесті қолдаумен, ауылда кооперация жүйесін 
дамытумен байланысты қызмет өрістерін кеңейтті.
«ҚазАгро» холдингінің мақтанарлық нәтижелері бар, бірақ біз алға қарай ұмтыламыз. Ол 
үшін бізде ең бастысы – ниеттестеріміздің кәсіби командасы және адамдардың сенімі бар. 
Бүгінгі күні Холдингтің алдында тұрған міндеттердің орындалатындығына нық сенімдімін!
Құрметпен, 
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Б.А. Сағынтаев

6
«ҚАЗАГРО» ҰБХ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ 
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

7
Құрметті Серіктестер мен Әріптестер!
Сіздермен сәлемдесуге және «ҚазАгро» Холдингінің 2015 жыл қорытындылары бойынша 
Жылдық есепті назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіз.
Отандық агроөнеркәсіптік кешенде дамудың жетекші институты ретінде «ҚазАгро» ұлттық 
басқарушы холдингі Қазақстанның экономикалық әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл 
атқарады. Мемлекет Басшысы мен республика Үкіметі қойған мақсаттарды орындай оты-
рып, Холдинг ауыл шаруашылығының әртараптандырылуына, аграрийлер үшін несие ре-
сурстарының кеңеюіне белсенді ықпал етеді, салада еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал етеді. 
Жалпы алғанда, «ҚазАгро» барлық қызметі елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне көмек көрсе-
туге және оның экспорттық потенциалын іске асыруға бағытталған.
2015 жылы Холдингтің компаниялар тобының жұмысы Қазақстан Республикасының 
 Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, ортақ болашақ» халыққа 
жолдауына, сондай-ақ «бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 
нақты қадам» бағдарламасында белгіленген міндеттерге сәйкес құрылды.
Жыл ішінде АӨК қолдауға Холдинг шамамен 317 млрд теңге жұмсады. Іске асырылған 
бағдарламалардың арқасында 29 мың адам жұмыспен қамтылды, 6 мың жаңа жұмыс орын-
дары құрылды. Холдингтің клиенттері 49 мыңнан астам қарызға алушылар болып табыла-
ды, олардың жиынтық қарыз портфелі 490 млрд теңгеден астам соманы құрады, бұл 2014 
жылдың көрсеткіштерінен 23 пайызға асады. Ал бұл аграрлық сектор бизнес үшін тартым-
ды бола бастағандығының көрнекті мысалы, ауыл кәсіпкерлерінің АӨК-де мемлекеттік сая-
сатқа деген сенімі өсіп келеді.
Өткен жылда «ҚазАгро» басты жетістіктерінің бірі ретінде ауылда кооперативтік қозға-
лыстың туындауына серпіліс берген өңірлік астық кооперативтерін құру бойынша пи-
лоттық жобаның сәтті іске асырылуын да жатқызуға болады. Одан басқа, тікелей ин-
вестицияларды тарту бойынша Холдингтің қызметі Қазақстандық-Венгриялық тікелей 
инвестициялар қорының құрылуына ықпал етті, оның мақсаты – біздің республикамыздың 
аумағында ауыл шаруашылық жобаларын қаржыландыру болып табылады.
Холдингпен қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске асыруы 2015 жылы 8 мың жұмыс 
орындарын сақтап қалуға, айналымда 2 млн га жыртылған жерлерді ұстап тұруға, ауыл ша-
руашылық тауар өндірушілерінің несие салмағын төмендетуге мүмкіндік берді.
Қорытындылай келе, осы жыл бойы бізбен бірге болған әріптестерімізбен серіктестеріміз-
ге және еңбегі Қазақстанның гүлденуіне, оның экономикалық қуатының нығаюына және 
біздің халқымыздың әл-ауқатының жақсаруына бағытталған барлықтарыңызға шын ние-
тіммен алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге денсаулық, істеріңізге табыс және береке 
тілеймін!
Құрметпен, 
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы 
 
 
 
 
 
Н.Т.Малелов

8

ЕСЕП ТУРАЛЫ

10
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, ҚазАгро, Холдингі) 
өзінің қызметі туралы жылдық есептілікті дайындауды жыл сайынғы негізде жүргізеді. Хол-
дингтің 2015 жылғы есебі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша жасалған. Осы есеп 
алғаш рет халықаралық стандарттардың (GRI) негізінде әзірленді. Жылдық есепте Холдинг 
тұрақты даму көзқарасынан қызметінің аса маңызды аспектілерін қамтиды. Жылдық есеп-
пен жұмыс жасаған кезде есептің сапасын қамтамасыз ету үшін және мазмұнын анықтау-
дың келесі қағидаттары ескерілген.
Маңыздылық
Есептің маңызды тақырыптарын анықтау кезінде:
• Холдингтің мүдделі тараптармен өзара іс-қимылы тәжірибесі зерделенді;
• Бұқаралық ақпарат құралдарында Холдинг туралы мақалаларға талдау жасалды;
• Қазақстанда тұрақты даму саласында есептіліктің тәжірибесі зерделенді және талданды.
Мүдделі тараптарды қамту
Есепті дайындау кезінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ диалог, іскерлік әріптестік және есептік жылдағы 
ынтымақтастыққа назар аудара отырып, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылмен байла-
нысты арнайы іс-шараларды өткізген жоқ.
 
Толықтық
Есепті жазу кезінде Холдингтің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі мен тұрақты да-
муы саласындағы қызметі көрсеткіштерінің мәнін ашатын барлық маңызды көрсеткіштер 
ескерілді. 
Нақтылық
Есепте Холдингпен ресми танылған және ішкі құжаттамасымен расталған деректер және 
бар ашық қолжетімді материалдар ұсынылған. 
 
Салыстырмалық
Есепте өнеркәсіптік, экономикалық және басқа көрсеткіштердің бірнеше жылдардағы ди-
намикасы ұсынылған.
ЕСЕП ТУРАЛЫ

ЕЛДЕГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ЖАҒДАЙДЫ СИПАТТАУ ЖӘНЕ 
ОНЫҢ ХОЛДИНГТІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ 
ӘСЕРІ

12
ЕЛДЕГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ 
СИПАТТАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХОЛДИНГТІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ 
ӘСЕРІ
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 
2015 жылы Қазақстанның ІЖӨ өсуі шамамен 1,2% құрады, бұл сыртқы нарықтардағы тұрақ-
сыз жағдаймен және әлемде мұнайға бағалардың төмендеуімен байланысты. 
Дамушы елдердің ұлттық валюталарының девальвациясының аясында Қазақстан Респу-
бликасының Үкіметімен жүргізілген бекітілген курс саясатының нәтижесінде теңге 2015 
жылдың бірінші жарты жылында 30-60% -ға қайта бағаланған болып қалды. Бұл саясат ел-
дің экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне жағымсыз әсер етті. Алайда, 2015 жылдың та-
мызында ҚР Ұлттық Банкі инфляциялық таргеттеу және құбылмалы курс режиміне ауысты. 
Нәтижесінде теңгенің бір АҚШ долларына 187 теңгеден (тамызда) 2015 жылдың желтоқса-
нында бір АҚШ доллары үшін 340 теңгеге дейінгі әлсіреуі орын алды. Девальвация қазына-
лық табыстарды қолдады және қайта бағаланған курс мәселесін шешті. 
Айырбас бағамының режимін ауыстырумен бірге, ҚР Ұлттық Банкі ақша нарығында 
өтімділікті белсендірек басқара бастады, бұл инфляциялық таргеттеу режиміне ауысу 
бойы нша жоспарларға сәйкес келді. 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ҚР Ұлттық Банкі 12% +/– 
5 пайыздық тармақ деңгейінде негізгі мөлшерлеме құралын енгізді және одан кейін 2015 
жылдың 2 қазанында пайыздық тармақты 16% +/– 1 дейін ұлғайтты. Бұл РЕПО нарығын-
дағы мөлшерлемелерді тұрақтандырды. 
Елде экономикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты құрылымдық реформалар-
ды күшейту басты мәселеге айналды, оның басты құраушысы жекешелендіру болып табы-
лады. 2015 жылдың желтоқсанының соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2016-
2020 жылдарға жекешелендірудің жаңа кешенді жоспарын бекітті. 2015 жылдың сәуірінде 
2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы бекітілді, бағдарлама экономи-
каға инвестициялардың қомақты сомаларын қарастырады және ІЖӨ өсуіне және инду-
стриалды дамуға бағытталған. Бағдарламаны іске асыру инфрақұрылымның дамуының 
есебінен өндірістің және дайын өнімді өткізудің шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді, 
шағын және орта бизнесті қолдайды.
Тұрақсыз сыртқы жағдайлар Қазақстанға тікелей инвестициялардың келуіне және төлемдік 
балансқа әсер етті. Нәтижесінде 2015 жыл ішінде бюджет 2,2% ІЖӨ дефицитімен қалыпта-
сты. Дефицитті қаржыландыру негізінен 4 млрд АҚШ доллары сомасына еурооблигация-
ларды шығару жолымен және 12 млрд АҚШ доллары сомасына Ұлттық Қор қаражаттары-
ның есебінен жүргізілді. 
2015 ЖЫЛДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ 
2015 жыл қазақстандық аграрилер үшін оңай болмады. Егін күрделі ауа райы жағдайында 
жиналды. Жылдың қорытындысы бойынша 18,8 млн тонна бидай бастырылды, бұл 2014 
жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 1,6 млн тоннаға көп.

13
2015 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 2,7 трлн теңге соманы құрады, бұл өт-
кен жылдың деңгейімен салыстырғанда 4,4% көп.
Көрсеткіштердің өсуі өсімдік шаруашылығында өнімі өндірісі көлемінің 5,6% (1,5 трлн тең-
геге) және мал шаруашылығы өнімі өндірісі көлемінің 3,2% (1,2 трлн теңгеге) өсуі есебінен 
қамтамасыз етілді.
Тамақ өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар 28% (55,9 млрд теңгеге) едеуір ұлғай-
ды. Бұл ретте ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың көлемі 6,3% 
төмендеді және 167,1 млрд теңгені құрады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша АӨК өнімінің импортының 24% төмендеуі байқала-
ды. АӨК экспорты 2,0 млрд АҚШ долларын (22,8% азаюуы) құрады.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен негізгі баста-
малардың қатары іске асырылды.
Мысалы, республиканың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін қолайлы жағдайлар-
ды жасауға бағытталған бірқатар заңнама актілері қабылданды.
Ұсақ ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің бірігуіне кедергілерді алып тастау үшін «Ауыл 
шаруашылығының кооперативтері туралы» ҚР жаңа заң қабылданды.
Заңның концептуалды негіздері өндірілетін өнімдерді өткізу, өндіріс құралдарын жеткізу, 
ауыл шаруашылық техникасына қол жеткізу және білімдерді тарату мәселелерінде АШТӨ-
нің кооперациясы мен келесі көмек көрсету үшін жағдайлар тудыруға бағытталған. Ауыл 
шаруашылық кооперацияның артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: өндіріс 
ауқымдарынан үнемдеу, қызметтің тиімділігінің жоғарылауы, жабдықтау тізбектеріне және 
өткізу арналарына қол жеткізудің оңайлауы.
Сондай-ақ, «Органикалық өнімді өндіру туралы» Заң қабылданды, ол органикалық өнімді 
өндіруді дамыту үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бұл Заң тұқым шаруашылығы-
на, асыл тұқымды мал шаруашылығына, АӨК мемлекеттік реттеу салаларындағы бірқа-
тар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейді, нәтижесінде АШТӨ сұрыпты сынау 
үшін қажетті уақыт кезеңін қоса, алдыңғы қатарлы селекциялық жетістіктерді пайдалануға, 
әкімшілік тосқауылдарды төмендетуге және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) нарығы-
на жеке және заңды тұлғалардың бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге, селекциялық және 
тұқымдық жұмысты өз бетінше реттелуге тапсыруға мүмкіндік пайда болады.
2015 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мем-
лекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 
Заңының шеңберінде астықтың мемлекеттік ресурстарын жою қарастырылады.

14
Ветеренария саласында республиканың 9 облысы бойынша вакцинациясыз аусылдан бос 
елдің мәртебесі алынды, нәтижесінде отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мал 
шаруашылығының өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге тасымалдауға мүмкіндік алды.
Аграрлық ғылымды реформалау мақсатымен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім орталығы» 
коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, оның негізгі міндеті жоғары білікті ма-
мандарды даярлау және қайта даярлау негізінде аграрлық сектордың жылдамдатылған ин-
новациялық дамуын қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерді жасау және нәтижелерін ендіру, 
тиімді шетелдік технологияларды АӨК-не трансферттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне түзетулер енгізілді, ауыл шаруашылық мақ-
саттағы жерлерді сауда арқылы жеке меншікке берудің жаңа механизмдері, бұрын жалға 
берілген жеке меншікті жеңілдік бағамен жеке меншікке сату; ауыл шаруашылық өндірісін-
де пайдаланған кезде ауыл шаруашылық жерлерінің мақсатты белгіленуін өзгерту рәсім-
демелерін алып тастау сияқты өзгерістер енгізілді.
Ағымдағы жылдың басты оқиғаларының бірі Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына 
енуі болды. Демек, біздің республикамыз толық құқылы тауарлық-экономикалық серіктес 
ретінде мойындалды. Сонымен бірге БСҰ-на ену бойынша келіссөздер барысында ауыл ша-
руашылық мәселесі ең сезімтал және даулы мәселе болды. Нәтижесінде Қазақстан ауыл 
шаруашылығына жыл сайын өндірілетін өнімнің жалпы көлемінен 8,5% көлемінде субси-
диялау құқығын алды, бұл басқа елдердің міндеттемелерінен жоғары болып табылады.
ЕЛДЕГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ 
СИПАТТАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХОЛДИНГТІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ 
ӘСЕРІ

16
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» 2006 
жылғы 11 желтоқсандағы №220 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және 
«2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын 
іске асыру бойынша іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 
23 желтоқсандағы N 1247 қаулысына сәйкес құрылды.
Холдингті құру мақсаты – инвестициялық активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету 
арқылы және акцияларды орналастырылатын акциялардың төлеміне берілген, агроөнер-
кәсіп кешені саласында қызметтерді жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың корпора-
тивтік мәдениеттерін дамыту арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін 
дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. 
Холдингті құрудың негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған агроө-
неркәсіп кешенін қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асы-
ру болып табылады. 
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін еншілес акционерлік қоғамдарды 
нәтижелі басқару арқылы дамуын ынталандыру Холдинг қызметінің мәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚазАгро» ҰБХ» АҚ 100% орналастырылған акциялары 
тиесілі Жалғыз құрылтайшысы болып табылады. ҚазАгро» ҰБХ» АҚ акцияларының мем-
лекеттік пакетіне иелік ету құқығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берілген («Қазақстан Республикасы-
ның Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекет-
тік мекемесі, тіркеу нөмірі- 3960-1901-ГУ, БСН – 980 240 000 950, мекен-жайы: Астана қ., Са-
рыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй). Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 
министрлігі акционерлердің жалпы жиналысы құзіретіне жатқызылған мәселелер бойын-
ша Жалғыз акци онер ретінде мемлекеттің мүддесін білдіретін және ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ак-
цияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарына ие мемлекеттік 
орган болып табылады.
Қызметтің стратегиялық бағыттары:
1. Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің өсуін ынта-
ландыру.
2. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.
3. АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру және дамытуға ықпал ету.
4. АӨК субъектілерін қолдау жөніндегі қызметтің қолжетімділігін арттыру.
5. Корпоративтік басқару сапасын және Холдинг қызметінің ашықтығын арттыру.
МИССИЯСЫ 
Холдингтің құрылымдарымен тиімділік және ашықтық, нәтижелі корпоративтік басқару 
қағидаттарында агро өнеркәсіптік кешенді индустриалды дамытуды ынталандыру бойын-
ша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Холдингтің миссиясы болып табылады.
ХОЛДИНГ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

17
БОЛЖАМ 
2020 жылға дейін Холдинг Қазақстан Республикасында АӨК саласын тиімді арттыру бойын-
ша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы жетекші басқарушы компания болады.
Ауыл шаруашылықты стратегиялық дамыту жобаларының маңызды қаржылық операто-
ры бола отырып, холдинг АӨК инфрақұрылымның ақпараттық және қызмет көрсету, өн-
дірісті одан әрі дамытуды жүзеге асыра отырып, мемлекеттік және тартылған ресурстарды 
мақсатты және тиімді, қол жетімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
2020 жылға дейін Холдинг және оның барлық еншілес құрылымдары бірлесіп корпора-
тивтік басқару рейтингтерін алады, бұл адами мүмкіндіктерді дамытудың жоғары өлшем-
дері және ашықтық негізінде Холдинг компаниялары топтарының бірлесіп дамуының жоға-
ры мәдениетін растайтын болады.
АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛ 
2013 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша жарияланған қарапайым акциялардың саны 
268 122 911 дананы құрады, олардың ішінде KZ1C55020016 түрінде бағасы 1000 теңгеден 
267 816 731 дана қарапайым акциялар түрінде орналастырылған, орналастырылмаған қа-
рапайым акциялардың саны 306 180 дананы құрады.
2014 жылығы 7 сәуірдегі 20 000 000 дана Холдингтің қарапайым акцияларын орналастыру 
туралы Жалғыз акционердің шешімі негізінде 2014 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ  қарапайым бір 
акцияға 1 000 теңге бағамен 20 000 000 дана акцияларды орналастыру жүзеге асырылды. 
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Жалғыз акционерінен жарғылық капиталға жарна ретінде 20 000 000 000 
теңге алынды.
2014 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша жарияланған қарапайым акциялардың саны 
288 122 911 дананы құрады, олардың ішінде бағасы 1000 теңгеден 287 816 731 дана қара-
пайым акциялар түрінде орналастырылған, орналастырылмаған қарапайым акциялардың 
саны 306 180 дананы құрады.
2015 жылдың ішінде акционерлік капитал өзгерген жоқ, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы аху-
ал бойынша 287 816 731 000 теңге сомасында құрылған.
Бұл ретте «2016-2018 жылдарға республикалық заң туралы» ҚР Заңымен «ҚазАгро» хол-
дингі» АҚ жарғылық капиталын 25 млрд теңге сомасына ұлғайтуға бюджеттік қаржылар 
қарастырылған.
2016 жылы ҚР Ұлттық банкімен шығарылымын мемлекеттік тіркеу жүргізілді және  «ҚазАгро» 
холдингі» АҚ № 0001487 бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 
берілді.

18
Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес жарияланған 
акциялардың саны 313 122 911 дананы құрайды, оның ішінде қарапайым акциялар дана-
сына 1 000 теңге баға бойынша орналастырылады, орналастырылмаған қарапайым акци-
ялардың саны 306 180 дана.
ХОЛДИНГТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ холдингтік компания ретінде өзінің мамандандырылған еншілес компа-
нияларының қызметі арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені субъе-
ктілерін қолдауды жүзеге асырады. Холдинг корпоративтік басқару шеңберінде компания-
лардың бірыңғай тобы секторын дамытуға әсердің қажетті синергетикалық нәтижелігін 
қамтамасыз етеді.
Холдингтің еншілес компанияларына жатады:
• «Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ (АКК)
•  «ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚАҚ)
• «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК)
•  «ҚазАгроӨнім» АҚ (ҚАӨ)
•  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (АШҚҚҚ)
•  «ҚазАгроКепіл» АҚ (ҚАК)
•  «Қазагромаркетинг» АҚ (ҚАМ)
 
«Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ қызметі елдің азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ астық экспорты инфрақұрылымын дамыту 
және ресурстарды тиімді басқару есебінен Қазақстанның астық экспорты әлеуетін дамы-
туға бағытталған. «Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ астыққа ие болмаса да, 
үкіметтік агент ретінде мемлекеттің астық резервтерін қолдады.
Сондай-ақ компания негізгі өндірісіне қатысты емес, мақта өндірісі мен өңдеумен байла-
нысты қызметті жүзеге асырады. АКК тарихи түрде ауыл шаруашылығы секторының ин-
вестициялық жобаларында қатысты және форвардық сатып алу жолымен егін егуге фер-
мерлерді қаржыландыру бойынша операцияларды жүзеге асырды.


  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал