Рекурсия –
математика мен компьютерлік ғылымының
фундаментальды ұғымы. Бағдарламалау тілдерінде рекурсиялы
бағдарламалар деп өз-өзін шағыратын бағдарламаларды айтады. Рекурсиялы
бағдарлама өзін-өзі шексіз шақыра алмайды, сондықтан, екінші негізгі
ерекшелігі аяқталу шартының болуында.
Осылайша бағдарлама барысында рекурсия сол бағдарламаның өзіне
негізделген, бірақ қарапайым берілімдерді қолданатын көмекші бөлігі деп
қарастыруға болады.
Рекурсия екі түрлі жағдайда орындалуы мүмкін, біріншісі – рекурсиялы
шақыру («күрделі» берілімдер жағдайы), екіншісі – рекурсиялы емес шақыру
(«қарапайым» берілімдер жағдайы.