Есептер шығару Абсолют қара дене. Стефан – Больцман заңы. Виннің ығысу заңы



Дата24.04.2023
өлшемі13,4 Kb.
#86115
Байланысты:
11.3С Атомдық және кванттық физика. Жылулық сәулелену. Стефан-Больцман заңы. Вин заңы. Ультракүлгін апаты. Планк гипотезасы дидактикалық материал (1)


Есептер шығару
Абсолют қара дене. Стефан – Больцман заңы.
Виннің ығысу заңы.

  1. Қандай температурада абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауы 459 Вт/м2-ге тең болады?

(300 К)

  1. Балқыту пешін абсолют қара дене деп алып, оның ауданы 8 см2 болатын бақылау терезесінен 5 минутта шығатын энергияны табыңыз. Пеш ішіндегі температура 1000 К.

(13,6 кДж)

  1. Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауын екі есе арттыру үшін оның температурасын неше есе өзгерту қажет?

(1,19)

  1. Абсолют қара дененің температурасы а) 300 К; ә) 1000 К болса, оның энергетикалық жарқырауының сәуле шығару қабілетіның максимумы қандай толқын ұзындығына сәйкес келеді?

(9,6 мкм, 2,9 мкм)

  1. Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығының максимумы 1,45 мкм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Оның темпераьурасы қандай?

(2000 К)

  1. Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының сәулелену қабілетінің максимумы 725 нм толқын ұзындығына сәйкес келетін болса, 1 секундта осы дененің 1 см2 ауданы қанша энергия шығарады?

(1,45 кДж)

  1. Абсолют қара дененің сәулелену қабілетінің максимумы 720 нм толқынға сәйкес келеді. Бұл дененің бетінің ауданы 5 см2 болса, 1 сағат уақытта қанша энергия шығарылады? Сәулелену нәтижесінде дене мессесы 1 с-та қаншаға азаяды?

(26,5 МДж, 8,2∙10-14 кг)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет