Есептер шығарудың мысалдары мысал 1


Сурет. 3.6 Интегралдықисықтың таралуы



бет5/7
Дата06.10.2022
өлшемі240,39 Kb.
#41619
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СРС

Сурет. 3.6 Интегралдықисықтың таралуы





Сурет 3.7 Дифференциалды қисықтың таралуы
ЕСЕП ТАПСЫРМАЛАРЫ


3.1 Егер 297 K кезінде диффузиялық – седиментациялық тепе – теңдік орнатылғаннан кейін, һ = 7,06 см биіктікте бөлшектердің концентрациясы е рет өзгереді, осы алтын гидрозоль бөлшектерінің радиусын анықтаңыз. Алтынның тығыздығы = 21,3 г/см3, судың тығыздығы = 1,0 г/см3
3.2 Төмендегі берілген мәліметтерге байланысты гравитациялық және центрифугалық өрістегі бөлшектердің шөгу уақытын есептеп, салыстырыңыз: бөлшектердің радиусы r = 10-7 м; дисперсиялық фазасының тығыздығы  = 3  103 кг/м3; дисперсиялық ортаның тығыздығы 0 = 1 103 кг/м3; тұтқырлығы  = 1  10–3Пa  с; шөгу биіктігі һ = 0,1 м; центрифуганың жылдамдығы2һ = 200g.
3.3 Егер олардың центрифугадағы шөгу уақыты 10 мин болса, төменде берілген мәліметтер бойыншасудағы AgCl золь бөлшектерінің радиусын есептеңіз.Бастапқы деңгей h1 = 0,09 м; соңғы деңгей h2 = 0,14 м; дисперсті фазаның тығыздығы  = 5,6  103 кг/м3; дисперсиялық ортаның тығыздығы 0 = 1  103 кг/м3; центрифуга айналу жиілігі n = 1000 айн/мин; тұтқырлығы  = 1  10–3 Па  с тең.
3.4 Егер 298 K температурададиффузиялық – седиментациялық тепе – теңдік орнатылғаннан кейін SiO2 гидрозоль бөлшектерінің концентрациясын екі есе азайтатын биіктігін анықтаңыз. Дисперсті бөлшектегісфералық зольдің мөлшері: а) 0,2 нм – 1; б) 0,1 нм – 1; в) 0,01 нм – 1,SiO2 тығыздығы 2,7 г/см3, судың тығыздығы 1 г/см3.
3.5 Егер 293 K температурададиффузиялық – седиментациялық тепе – теңдік орнатылғаннан кейін A12O3 гидрозоль бөлшектерінің концентрациясын2,7 есе азайтатын биіктігін анықтаңыз. Бөлшектердің пішіні шар тәрізді,дисперсті фазадағы гидрозольдің меншікті беткі ауданы: а) 109 м– 1; б) 0,5  109 м–1; в) 108 м –1. А12О3 тығыздығы4г/см3, дисперсиялық ортаның тығыздығы 1г/см3тең.
3.6 Сулы ортада ауырлық күшінің әсерінен бентонит бөлшектері D = 0,8 – 1 мкм шөгеді. Егер бентонит тығыздығы  = 2,1 г/см3,орташа тығыздығы 0 = 1,1 г/см3, =2  10–3Па  с, арақашықтығы h = 0,1 м болса, шөгу уақытын анықтаңыз. Егер бастапқы осьтеге айналуқашықтықтағыh0 = 0,15 м, ал центрифуга айналу жылдамдығы n = 600 айн/с болса, онда бөлшектер центрифугалық өрістегі қашықтықта қанша рет жылдам шөгеді?
3.7 Егер 298 K кезінде диффузиялық – седиментациялық тепе – теңдік орнатылғаннан кейін, һ = 8,4 см биіктікте бөлшектердің концентрациясы е рет өзгереді, осы алтын гидрозоль бөлшектерінің радиусын анықтаңыз. Алтынның тығыздығы = 12,6 г/см3, судың тығыздығы = 1,5 г/см3тең.
3.8 Вестгрен тәжірибелерінде ауырлық күшінің әсерінен алтынның гидрозоль бөлшектерінің биіктігі бойынша төменде таралуы берілген:



h, мкм

100

200

300

400

500

0

50



Көлем бірлігіндегі бөлшектер саны

779

408

254

148

93

1431

1053

Егертемпературасы 292 К болғанда,ал дисперсті фазаның тығыздығы 19,6 г/см3тең, осы гидрозоль бөлшектерінің орташа өлшемін анықтаңыз.


3.9 Егер тұтқырлығы 1,5  10-3 Па  с ортада таратылған болса, ал 1 см биіктікте тұндырылса, А12О3 сфералық бөлшектеріне қанша уақыт кететінін есептеп шығарыңыз. Осы бөлшектердің меншікті беттік қабаты төменде берілген мәнге тең: а) 104 м-1; б) 105 м-1; в) 106 м-1. Дисперсті фазаның және дисперстіортаныңтығыздығы4 және 1 г/см3тұрады.
3.10 Егер оның бөлшектері сулы ортада 0,226 м биіктікте 1350 с уақытта (бөлшектер сфералық болса) шөгетін болса, барий сульфаты ұнтағының меншікті беттік қабатын (массаның бірлігінде) анықтаңыз.Барий сульфатының және судың тығыздығы 4,5 және 1 г/см3, ал судың тұтқырлығы 1  10-3 Па  с құрайды.
3.11 Алтын гидрозолініңжәне дисперсиялық орта арасындағы шекарадағыультрацентрифуга орталығының өрісінде тәжірибе басталғаннан кейін 1 сағ айналу осінен 3,70 см қашықтыққа жетті, ал 1,5 сағаттан кейін –3,78 қашықтықта болды. Егер центрифуга роторының айналу жылдамдығы 8700 айн/мин, алтынның тығыздығы 19,3 г/см3, судың тығыздығы 1 г/см3, ал судың тұтқырлығы 1  10–3 Па с тең болса, онда осы гидрозольдың сфералық бөлшектерінің өлшемін және меншікті беттік қабатын (массаның бірлігінде есептегенде) анықтаңыз.
3.12 Пробиркаға биіктігі 0,1 м суда(тығыздығы 1000 кг/м3, тұтқырлығы 0,001 Па  с)кварцтың (тығыздығы 2650 кг/м3)жоғары дисперсті суспензиясымен толтырылады. Бөлшектердің толық шөгу уақыты 2 сағатты құрайды. Бөлшектердің сфералық пішіні бар деп есептегенде олардың минималды өлшемі қандай болады?
3.13 Судағы гравитациялық және центрифугалық өрістің төменде берілген мәндері бойыншагравитациялық және центрифугалық өрістегіAl2O3 бөлшектердің шөгу уақытын есептеп, салыстырыңыз: бөлшектердің радиусы r = 5 10-7м; дисперсті фазаның тығыздығы = 3,9  103 кг/м3; дисперсиялық ортаның тығыздығы 0 = 1,103 кг/м3; тұтқырлығы  = 1  10–3 Па  с; центрифуганың жылдамдығы2сағ = 300g тең.
3.14 Судағы гравитациялық және центрифугалық өрістің төменде берілген мәндері бойынша саз бөлшектерінің шөгу жылдамдығын есептеп, салыстырыңыз: бөлшектердің радиусы r = 2  10-6 м; шөгу биіктігі H = 0,2 м; дисперсті фазаның тығыздығы  = 2,7  103 кг/м3; дисперсиялық ортаның тығыздығы 0 = 1  103 кг/м3; тұтқырлығы  = 1  10–3 Па  с; центрифуганың айналуыжиілігі n = 1000 айн/мин құрайды.
3.15 БиіктігіH = 0,2 м болғанда, ал айналу жиілігі центрифугалардың орталықтепкіштің өрісіндегі 600 айн/мин және 6000 айн/мин тең болса, осыбөлшектердің жылдамдығы мен шөгу уақытын есептеңіз. Бөлшектер радиусы r = 2  10-6 м; дисперсті фазаның тығыздығы  = 2,7  103 кг/м3; дисперсиялық ортаның тығыздығы 0 = 1  103 кг/м3; тұтқырлығы  = 1  10–3 Па  с құрайды.
3.16 Егер центрифугадағы шөгу уақыты 8 минутболса, төменде берілген мәндер бойынша ацетондағы AgCl бөлшектерінің мөлшерін есептеңіз, бастапқы деңгей h1 = 0,05 м; соңғы деңгей h2 = 0,10 м; дисперсті фазаның тығыздығы  = 5,6  103 кг/м3; дисперсиялық ортаның тығыздығы 0 = 0,79  103 кг/м3; тұтқырлығы  = 0,33  10–3 Па  с; центрифуганың айналу жиілігі n = 1800 айн/мин.
3.17 Егер радиусы r = 10-7 м болатын болса, онда A12O3 бөлшектерінің шөгу уақытын есептеңіз, центрифугалық өрістегіберілген мәндері бойынша: дисперсті фазаның тығыздығы  = 3,9  103 кг/м3; дисперсиялық ортаның тығыздығы 0 = 1  103 кг/м3; шөгудің бастапқы деңгейі h1 = 0,05 м; соңғы деңгейі h2 = 0,12 м; тұтқырлығы  = 1  10–3 Па  с; центрифуганыңайналу жиілігі n = 1800 айн/мин құрайды.
3.18 Егер орталық тепкіштің өрісіндегі шөгу уақыты 180 с болған болса, төменде берілген мәндердің келесі шарттары бойынша судағы сары түсті пигмент бөлшектерінің мөлшерін есептеңіз: бастапқы деңгейі h1 = 0,04 м; соңғы деңгейі h2 = 0,09 м; дисперсті фазаның тығыздығы  = 1,3  103 кг/м3; дисперсиялық ортаның тығыздығы 0 = 1  103 кг/м3; тұтқырлығы  = 1  10–3 Па  с; центрифуганың айналу жиілігі n = 1800 айн / мин тең.
3.19 Егер радиусы 10-6, 10-7 және 10-8 мболатын болса, онда ауадағы аммоний хлоридаэрозоль бөлшектерінің шөгу жылдамдығын есептеңіз және салыстырыңыз. Оның температурасы 293 К болғанда, дисперсті фазаның тығыздығы 1,5 г/см3, ал ауа тығыздығын ескермей отырып, дисперсиялық ортаның тұтқырлығы 1,8  10–5 Па  с тең.
3.20 Тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып,Гуммигут суспензиясындағы эталон деңгейлерінің әр түрлі биіктіктеріндегі бөлшектердің санын (n) (х – горизонталь жазықтыққа дейінгі биіктік), Перрин формуласына қолданылуын көрсетіңіз:



х, мкм



–25

–50

–75

–100

n

100

116

146

171

200





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет