Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі барлық сабақтың маңызды бөлігі болып табылады. Жаңа тақырыпты түсіндірген кезде бейнематериалдар ерекше орынға ие. Өз сабақтарымызда Интернет желісінің бейнематериалдары біздің мұқтаждықтарға сәйкес келмейді. Сондықтан мұғалім өзі жасаған бейнематериалды ұсынған дұрыс. Бейнематериалдың сілтемесін сабақ жоспарында көрсетіп, үйде қайталап көруге мүмкіндік жасаймын. Жаңа сабақ түсіндіруде көрнекілік әдіс-тәсілдерді, бейне сабақтарды, презентациялау арқылы және интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланамын. Модуль қорытындысы бойынша тест тапсырады және практикалық тапсырманы жоба ретінде қорғайды, Жобалау бойынша жеке тапсырма немесе топтық әдісті қолданамын. Жоба тапсырмасына модульдегі тақырыптар қамтылатын болады.
Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды бағдарламалау сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім.
Оған дәлел – біріншіден, студенттердің пәнге деген қызығушылығы артты.
Екіншіден, әр студент өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды.
Бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.