ЕСІМДІК Қазақ тобына 1.Мәтіннен есімдіктерді тап Баяғыда бір Есімдік атты қария өмір сүріпті.Оның жеті ұлы бар екен.Қарт осы ұлдары дүниеге келген кезде өскенде үлкен азамат болсын деп затына лайық ат қоймақ ниетпен Ербол, Есбол, Азамат, Батыр, Ерасыл, Мақсат, Ардақ деген ат қойыпты.Бірақ өсе келе қарттың ұлдары әке үмітін ақтамай,атына лайық іс жасамай, ерке, шолжаң, өр көкірек болып өсіпті. Ерболы «мен барсам ол да барсын,сен де жүр» деп не нәрсеге болса да санасатын әдет тауыпты. Есбол болса өзі жасаған қателіктерін ешқашан мойындамай, үнемі біреуден көріп, «оны істеген анау,мынау» деп жала жабудың шебері боп шығады. Азамат болса ешқандай сөзге түсінбес надан болыпты. Не сұрасаң да «қашан?» ,«қалай?», «неге?» деп қайталауын қоймапты. Ал, Ерасыл тура өзімшіл боп өсіпті. Өзім , өзім деп кеуде қаққан оның айналасында достары да қалмапты. Ал Батыр сараң болады,ешнәрсесін ешкімге татырмапты. Үлкен үмітпен атын Мақсат деп қойған қарттың алтыншы ұлы да әке сенімін ақтамапты. Әкесі оның достары кім,қайда жүретіні,не істейтінен де бейхабар болыпты. Тек ұлдарының ішінде Ардақ қана көпшіл, бірлікті жақсы көретін болып өседі. Ұлдарының атына заты сай болмағанына ренжіген Есімдік қарт өз ұлдарын шын атымен атамай, өздеріне лайық есім беріпт
Есімдіктер:Осы,мен,ол,сен,өзі,ешқашан,біреуден,оны,анау,мынау,ешқандай, қашан,қалай,неге,өзімшіл,ешнәрсесін,ешкімге.
2. Берілген есімдіктерді есімдіктің мағыналық түрлеріне қарай топтастырып жаз.
1. Сен тұтас жер болып едің, Жер ана. Сен-жіктеу,
2. Сол оқиғаны есіне алғысы келмейді. Сол-сілтеу
3. Алмат достарының қашан келетінін білмейді. Қашан-сұрау
4. Өзін Мадиярға аға тұтып жүр. Өзін-өздік
5. Енді ол үшін бүкіл дүние тас қараңғы. Ол-жіктеу
6. Басқа ешкім дыбыс шығарып сөйлемейді. Ешкім-болымсыздық
7. Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп. Кейбір-белгісіздік