Камалова Дияра
ФҚӘ-711
Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары.
ЕСІМДІКТІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тілінде есімдік дербес сөз табы ретінде қарастырылып жүр. Ал орыс тілінде бұл мәселеде екі түрлі көзкарас болды. Ғалымдардың біразы есімдікті есім сөздермен бірге карау керек десе, кейбір галымдар есімдік өз алдына жеке сөз табы болу керек деп санайды. Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте карау керек дейтін пікір ұстанушы ғалымдардан А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, А.Н.Гвоздевті атауга болады. Ал есімдікті жеке сөз табы деген көзкарасты дәлелдеушілер: В.В.Виноградов, Е.Н.Сидоренко т.б.
Қазақ тіл білімінде есімдіктер мәселесі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, А.Ибатов, А.Төлеуов еңбектерінен орын алган. Аталган ғалымдардың кай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырады. Мәселен, А.Байтұрсынов есімдікке былайша анықтама береді: «Есімдік дегеніміз есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер» [7, 226]. Ғалым есімдікке осылайша анықтама бере отырып, есімдікті магыналык жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) таныктык есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да казіргіден баскаша. Сондай-ақ ғалым «жіктеу есімдігі» деген атауды екі рет колданып, біріншісіне казіргі мен, сен, (сіз), ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген казір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді.
Профессор Қ.Жұбанов есімдікке: «Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалкы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз» — деген аныктама береді [16, 236]. Қ.Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жаткызады: мен, сен, ол (зат есім орнына), бұл, сол, ол (зат пен сын орнына), мұндай, сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), ойтіп, сөйтеді (етістік орнына), өйткені, онда (жалғауыш орнына), т.т. Ғалым есімдік деп таныған сөздердің ішінде есімдіктер де, есімдіктен баска сөз таптарына қатысты сөздер де араласып жүр.
А.Ыскаков есімдіктер: «заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары» — деп сипаттайды
Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес, не бәрі 60‑70 сөз.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Ал олардың түрленуінде, жалпы алғанда, есімдерге есімдерге ұқсастықтар болмағанымен, өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек, грамматикалық формаларының ешбірін де қабылдамайды.
Есімдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортақ деп есептерліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.
Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді: оның бір тобына өте ерте заманнан келе жатқан байырғы ( көне ) түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тіліміздің даму, жетілу процестерімен байланысты, кейінгі замандарда пайда болған, демек, соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер жатады.
Алғашқы топқа жататын есімдіктер әрқашан негізгі түбір сөздер сипатында болады. Бұған мен, сен, ол, біз, сіз, қай? не? міне, бұл, осы, сол т.б. сияқты қазіргі кезде бөлшектеп талдап жатуды қажет етпейтін түбір тұлғалы сөздер жатады. Есімдіктердің екінші, кейінгі тобына мынадай үш түрлі есімдік сөздер жатады:
Біріншіден, бұған белгілі бір категорияға тән сөздердің мағыналары өзгере келе есімдіктер дәрежесіне ауысуы арқылы, демек, лексикалық жолмен жасалған: бір, бар, біреу, бүкіл, түгел т.б. сияқты есімдіктер, әр, күллі, пәлен сияқты басқа ( араб, парсы т.б. ) тілдерден ауысып енген сөздер жатады.
Екіншіден, морфологиялық тәсіл арқылы жасалынған сөздерге сұрау және сілтеу сияқты негізгі түбір есімдіктеріне, мысалы, ‑уэлементінің қосылуы арқылы жасалынғанмына‑у, ана‑у, сона‑у тәрізді есімдіктер жатса, сонымен бірге оларға әр қилы формалар арқылы жасалынған: барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші тәрізді есімдіктер де жатады.
Үшіншіден, синтаксистік тәсіл арқылы жасалынған есімдіктер тобына бірдеңе, бірнешеу, кейбіреу, әлдекім, әлдеқашан, әлдеқайда, әрбір, ешкім, ешқандай сияқты жеке сөздерден құралу арқылы жасалынған күрделі есімдіктер және кімде‑кім, қай‑қайсы, бірде‑бір сияқты қосарланып қолданылатын күрделі есімдіктер жатады. Есімдіктерді арнайы зерттеген — галым А.Ибатов. Ғалым А.Ибатов есімдіктердің сөз табы ретіндегі тұлгасын, олардың мағыналык топтарын жеке- жеке сөз етеді. Ғалым: «Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де соз таптары сияқты сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп калыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық магынасына, морфологиялық белгілеріне жэне синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді» -деп, « …оларга 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай эр қилы нақтылы магыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын сөздер» — деген түсінік береді [22, 3-8].
Есімдіктердің өзіндік тарихи дамуы бар, өйткені есімдіктер көне сөздер сапынан орын алады. Бұл туралы А.Ибатов: «Есімдіктердің өте ерте заманда пайда болуы, ең алдымен, олардың магыналарының тым жалпылама түрде келуінен көрінсе, олардың түбір сөздері мен қосымшаларында кездесетін өте кбне формалардың сақталып қалуынан да айқын көрінеді» — дейді
Достарыңызбен бөлісу: |