Есірткісіз өмір ғажайып



Дата19.03.2022
өлшемі17 Kb.
#28469

Есірткісіз өмір ғажайып

Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауаттын өмір салтын сақтау және оны насихаттау мәселесі. Адам-денсаулығы қоғам байлығы, ал, оны сақтау әрбір азаматтың міндеті.

Бабаларымыз «Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал,қайта көтерілген дауылдың алдын ал» деген екен. Ғасыр індетіне айналған бұл кеселдің алдын алып, түп – тамырымен жою барша адамзатқа жүктелген ауыр жүк.

Адам өмірі – жүйткіген арбадай, қай құзға не қырға барып тоқтары белгісіз. Есірткі де сол секілді, өміріңді қай тұсынан кеп қияры беймәлім. Қазірде ұлт болашағына қару асынғандар емес, есірткіге есі кетіп, өмірін есірткіге байлағандардың тигізер зияндары ұшан теңіз. Есірткінің түр-түрін пайдаланып, спирттік өнімдерді тұтынып, шылымды қоса шегетіндер өз денсаулықтарымен қоса, талай жанның өміріне де зияндарын тигізіп жатады. Бүгінде көк экранды қоса қалсаң, сайтанның асынан дәм татып, сусынынан ұрттағандардың түзу жолдан шығып, адам өлтіріп, зорлықпен айналысып, түрмеге тоғытылғандардың көрінісін күн сайын тамашалаймыз. Зорлық-зомбылық, азаптау, аюдық, қолын қанға малу – мұның бәрі сол есірткінің зардабы. Дегенмен, зиянын көре тұра бұл заттарға еліктеуші жастар да аз емес. Олардың дені көбі мектеп жасындағы оқушылар мен жасөпірімдік кезеңде жүрген жеткіншектер. Басы қызығушылықтан басталып, кейіннен бұл тордың шырмауынан шыға алмай қалып жатқан жасөпірімдерді көріп жаным езіледі. Жастықтың буымен ескіртікінің құрығына іліну оңай, сол шырмауықтың арасынан босап шығу біраз күш-қайрат пен жігерді талап етеді. Жігерлісі бұл сыннан сүрінбей өтіп, өмірлерінің жаңа парағын есірткісіз есті әлеммен байланыстырса, бәз біреулер талпынбай жатып беріліп, есірткінің тұқынына айналады.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналған бұл дерт барша адамзат жұдырықтай жұмылып, бірлесе әрекет еткенде ғана жойылары хақ. Ал бұл уақыт еншісіндегі дүние. Осы мақалам арқылы өскелең жасұрпақты, құрдастарымды шалыс қадам жасамай, өмірдің мәнін ұғынып, есірткісіз өмірдің ғажайып екендігін көруге, түсінуге шақырамын. Себебі келешектің тізгінін ұстау біздің қолымызда. Келешегіміз кемел болуы үшін өміріміз тек жарқын сәттерге толы болып, денсаулығымызда мықты болуы керек деп білемін!

Мақаланы дайындаған:

Академик С.А.Джиенкулов атындағы

Байқоңыр жоғары колледжінің студенті



Ж.А.Ибайрайханов

#есірткігеқарсыбайқауы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет