Гигиеналық тәрбие Соғыс уақытында гигиеналық тәрбиеге үлкен көңіл бөледі, оны ушықтырмай гигиеналық ережелерді қатаң сақтай отырып, тиімді жүргізу, жауынгерлер организмін көптеген қолайсыз факторлардан қорғау арқылы, қолайсыз әрекеттерді бәсеңдетудің үлкен маңызы бар. Мынадай факторлардың болғанын еске түсіру артық емес, ол Москва Мемлекеттік Университетінде ірі қоғам қайраткер, терапевт Г.А. Захаревичтің сөйлеген сөзінде «жалпы көпшіліктегі сырқатты тайталасып жеңетін ол тек - гигиена. Сондықтан гигиеналық мәліметтің қажеттілігін әркімнің білуі, аурудан гөрі емделу үшін керек». Салауатты өмірде гигиеналық тәрбиедегі ережелер мен дағдыға еретіндердің ең маңыздысы жеке бас гигиенасы мен қоғамдық гигиена: организмді шынықтыра білу ережесі және ұжымдық индивидуалды әр түрлі амалдарды пайдалану арқылы қорғану. Осыған байланысты медициналық қызмет бастығы медициналық құраммен арнайы дайындықтар өткізіп, жеке құрамдағы медициналық дайындықты басқарып және бөлімшелерде санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Барлық қызметті басқаратындар жүйелі түрде бақылау жасап, тұрақты жұмыс жүргізіп, қажет болса түсіндіріп, жеке құрамның, Қарулы Күштердің ішкі қызмет саласында жарлыққа сай жалпы гигиена мен ережелерді орындауы міндетті, сөйтіп, әркім өз организмін шыңдауы керек. Жеке бас гигиенасын орындауды - таңғы жуынып шайыну, денені суық орамалмен сүртіну, беліне дейін суық сумен жуыну, тамақтану алдында қол шаю, ұйықтар алдында тіс, аяқты жуу, уақытында моншада жуыну, іш киімдерін және төсекті ауыстыру, аяқ киім, әскери киімдерді таза ұстау. Әрбір әскер қызметкерлеріне Әскер Қарулы Күштердің жарлығына сәйкес жалпы гигиена мен ержелерді орындауға: жатын орны, әжетхана, басқа да бөлмелерді және қоғамдық орындарды ,сонымен қатар орналасқан аумақты да таза ұстау, желдендіріп тұру; жөткіру, жөтелу кезінде бет орамалды пайдалану, темекі тартудың өзінде де арнаулы орындарда өткізу. Казармада кір киімдерді жууға тыйым салынады, ондай жұмыстар арнайы тек жуып шаятын орындарда өтеді. Жауынгерлер өз ауруларын жасырмауы қажет, міндетті түрде бастықтарна айту солардың рұқсатымен бригаданың медициналық пункттерге баруы керек.
Қоғамдық гигиена ережелерінің қағидаларына сай, жауынгерлер, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, тазалық сақтау, қолайлылықты қамтамасыз ету және ұжымда қалыпты психологиялық климаттты сақтауы қажет.