Сынамалық іріктеу Іріктелген сынаманы алу экспертиза сатыларының ең маңыздысы, оған жауапты қызметкерлердің қатынасуымен медицина қызметкерлер өкілдерімен де жүргізілетін жұмысы.Судың және азық-түлік сынамасына зерттеулерді УЗ-ң, улардың, ауыр металл тұздарының, сонымен бірге, радиоактивті заттар мен бактериалық құралдарға оның залалдануына тексеру жүргізу, химиялық барлау құралдары ПХР-МВ көмегімен өткізіледі. Кейбір жағдайда, азық-түлік, химиялық және ветеринарлық қызмет орындарында төселгендер осы мақсатты көздейді. Сирек жағдайда әр түрлі қолда бар құралдарды қолданады.
Лабораториялық анализдер үшін бір литрден кем емес су алынады. Сынама- арнаулы құрал – батометрмен алынады. Қарапайым батометр (27- сурет) қаңқасы сымдардан жасалған салмақ беретін «жүгі» шыны бөтелке оның ауызы (пробкасы) тығыз тығынмен жабылған. Сынаманы алу үшін алдымен бөтелкені сымды қаңқаға қояды, бір шетін жіңішке арқан немесе лескамен, тығынды байлап, екіншісін одан жуанырақ арқан металды қаңқаға байлап осы күйінде батометрді белгілі тереңдікке дейін батырады. Одан соң жіңішке арқанды тартады,осыдан бөтелкенің ауызы ашылып су толтырылады.
Сынаманы кәдімгі тығыз тығынды бөтелкенің көмегімен алады, ол байланған салмақты жүктемеден суға батады. Бөтелкенің аузына дейін толғанша суды толтырмай алады, өйткені, алынған ыдысымыздың тығыздалған тығынмен жабылғанда сынып кетпеуі керек. Немесе су температурасы жоғарылағанда су көлемі ұлғаятындықтан бөтелке сынып кетпеуі керек. Егер суды басқа ыдысқа ауыстырғанда, онда соңғы сынаманың зерттелуге алынған суымен үш рет шайылуы керек. Су көздерімен сынамалы суды алу үшін сол судың температурасы өлшенеді. Химиялық шабуылдан соң, алғашқы минуттар мен сағаттарда су сынамасы ашық су қойманың беткі қабаттарынан судың 20-30 см тереңдегі орташа қабаттардан алынады.
Қиын еритін УЗ су түбінде тамшы күйінде (иприт) онда одан кейінгі тәулікте су түбінен және су көзінен орта қабаттардан іріктеліп алынады. Алдын ала маймен сіңірілген, мақталы екі қабат тканьді жүк- салмақты ыдыстың көмегімен сынама су түбінен алынады
.