Әскерді тамақтандыруындағы санитарлық- гигиеналық бағалау 2- сабақ І. Тақырыбы: Табельдік жабдықтарымен және құралдармен танысу және әскердің санитарлық -гигиеналық бақылауға арналған медициналық қызметтік құралдары сарбаздар сыбағасының (пайек) бөлектеп орналастырылуы және құрастырылуы
ІІ. Сабақтың мақсаты: Санитарлық - гигиеналық бақылауға арналып алынған, санитарлық- эпидемиологиялық мекемелердегі табельдік жабдықтар мен құралдарды оқу барысында: ЛГ-1, ЛГ-2, ДП-5, РЛУ-2, ПХР-МВ, МПХЛ құралдарымен танысу.
Стационарлық және дала жағдайында әскери тамақтануда санитарлық- гигиеналық бақылауды ұйымдастыруда алған теориялық білімдерін бекіту.
Сарбаздардың негізгі сыбағасын бөлектеп бағалап құрастыра білуі керек.
ІІІ. Сабақтағы студенттердің өзіндік дайындаудағы тапсырмасы Стационарлық және дала жағдайында әскердің тамақтануында санитарлық-гигиеналық бақылауды ұйымдастыра білу, медициналық қызметтегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға арналған табельдік жабдықтар мен құралдарды оқу.
Стационарлық және дала жағдайында әскери тамақтануда санитарлық- гигиеналық бақылауды үйрену.
Бақылау сұрақтарының жауаптарын дайындау: Табельдік жабдықтармен танысу және әскердің санитарлық -гигиеналық бақылауға арналған медициналық қызметтік құралдарды сарбаздардың сыбағаларының бөлектеп орналастырылуы және құрастырылуында әскери звенолардың, медициналық қызметкерлерінің және санитарлық-эпидемиологиялық мекеме мамандарының атқаратын жұмыстары.
Рационды тамақтану туралы түсінік және оны ұйымдастыру принциптері.
Калориялылығы, белок құрамы, май, көмірсулары, дәрумендер, минералдық тұздардың құрамды бөліктерін есептеп құрастыру ережелері.
Тамақтың толық құнарлылығын бақылау әдістемесі.
Далалық азық түлік қызметіндегі құралдар. Шаруашылық үлес пункттері.
Азықтың тасымалдануына, қабылданатын тамақтың дайындалуына және сақталуына қойылатын талаптар.
Қарсыластың жаппай қырып жою қаруларды қолдану жағдайы болғандағы тамақтандыру.
Әскерді тамақтандырудағы стационарлық және дала жағдайындағы бақылауда медициналық қызметкерлердің міндеттері.