47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.
Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидент-дәрігерлер және докторанттар жатады.
Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуге;
8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
12)оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар."Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында және тараптардың - білім беру ұйымдары мен ата-аналардың (заңды өкілдері) келісімі бойынша бекітілген білім беру ұйымдарындағы оқушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау жөніндегі міндеттемелерін растайды.
Осы шартқа қол қойған тараптар
Білім беру ұйымы______________
______________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Мекен-жайы:
______________________________
Білім беру ұйымының басшысы
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Қолы_________________________
Мөр (мемлекеттік ұйымдар үшін), (жеке
ұйымдарға - бар болған жағдайда)
Ата-ана (заңды өкілі)
____________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты
(болған жағдайда))
Мекен-жайы: __________________
_____________________________
Паспорт мәліметтері: ____________
жұмыс орны: ___________________
лауазымы: _____________________
Байланыс мәліметтері ___________
_______________________________
Қолы_____________