Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі 1) "Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу және олардың күшін жою, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды тіркеу және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13171 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған); 2) "Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15255 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 шілдеде жарияланған); 3) "Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17545 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 қазанда жарияланған); 4) "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 82 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесінің 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20920 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 шілдеде жарияланған).