Ескі замандағы шығармалардағы әйел бейнесі. Әйел бейнесі XVIII-XIX ғасырлардағы әдебиетте орын алғанмен үлкен әлеуметтік мәселе деңгейіне көтеріле алмады да, ақын-жазушылар әйел бейнесін жырларына қосканда "жақсы қатын", "жаман қатын" сияқты дидактикалык сипаттағы сарындардан әрі асқан жоқ. XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының туындылары әйел мәселесін жеке такырып етіп қозғамаса да, жаңа мазмұндағы әйелге сипат беру, жақсы, жаман әйелді салыстырып тәрбиелік мәнге назар аудару жағынан ауыз әдебиетімен жане осыган дейін XV-XVIII ғасырларда ғұмыр кешкен Асанкайғы, Шалкиіз сиякты жыраулар толғауларымен сабақтас, ақыл, нақыл, ғибрат, өсиет түріндегі дидактикалык жырлар. Майлықожа өз өлендерінде әйел теңдігі мен калың мал кызды беру салтына өз наразылырын білдіріп, Алдаберген байға деген арнау өленінде жасы жетпістен аскан шалдың жеке басының мүддесі ушін жас тоқал алып, әйелдерді қорлаған қылықтарын мазақ қылады. Акынның әйел туралы ойлары жалпы адамгершілік ниеттен туған. Соған қарамастан акын әйел теңдігін жалпылама айтады да, әйелдің коғамдық-әлеуметтік құқықтары туралы пікірін білдірмейді, әйелді отбасы, ошак қасының берекесі, сүйген жар, жақсы әйел бейнесінде ғана тусіндіреді. Қазіргі замандағы шығармалардағы әйел бейнесі.ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті әйел образын жаңа қырынан суреттеген шығармаларға өте бай. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Бейімбет Майлинның «Шұғаның белгісі», Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» т.б. көптеген туындыларда әйел психологиясы мен оның нәзік болмысы суреттелген. ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық өзгерістерге байланысты қазақ жастары оқуға ұмтылып, тәрбиесі мен болмысында өзгерістер пайда болды. Әдебиетте зиялы жастар, оқыған қыздардың бейнесі сомдала бастағаны белгілі. Аталған сипаттағы шығармалар заман өзгерісіне орай «дәстүрлі отбасы құндылықтарына жақындығы қандай дәрежеде», «әйелдердің жағдайы қалай өзгерді» деген сауалдардың жауабын табуы орынды. Осы ретте 1926-27 жылы жазылған Смағұл Садуақасұлының «Күлпаш» әңгімесін ерекше айта аламыз. Қорытындылай келгенде, ХХ ғасырда қазақ әдебиеті жанр жағынан дамып қана қоймай, тақырып мен идея тұрғысынан жаңа белеске көтерілді. Қазақ қаламгерлері әлем әдебиетіндегі жетістікке сүйеніп, әйелдердің қайталанбас образын жасады. Шығармаларда қазақтың ұлттық ойлау жүйесінің формасы сақталып, ұлттық құндылық пен таным-түсініктің көрініс табуы – сол заман қаламгерлерінің шеберлігі. Алғашқы классикалық туындылар қазақ әдебиетінде проза жанрындағы бағыт-бағдарды айқындап берді.