2019 жылы ДК ретінде тіркелмей ақ заңды кəсіп жүргізудің тағы бір
жолы пайда болды. Ол бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ). Ол салық
органдарында өз өзін жұмыспен қамтығандардың қызметін тіркеудің
оңайлатылған тəртібі.
БЖТ мөлшері
Бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері:
• Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жəне облыстық
маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК;
• Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК. БЖТ кім
төлейді? ҚР Салық кодексінің 24-бөлімінің 774-бабына сəйкес, дара кəсіпкер
ретінде тіркеусіз кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар
БЖТ төлеушілері болып танылады, олар бір мезгілде мынадай шарттарға
сəйкес келу қажет:
1. бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
2. жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды;
3. акцизделетін өнімдерді қоспағанда, салық агенттері болып
табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетеді жəне (немесе) салық
агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана акцизделетін өнімді
қоспағанда, өз өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығының ауыл
шаруашылығы өнімдерін өткізеді
Сонымен қатар, БЖТ төлеушілері табысының мөлшері жылына 1175
АЕКтен аспауы тиіс.
БЖТ қашан жəне қалай төлеу қажет?
БЖТ-ді табыс алынған əр ай үшін жеке-жеке төлеу қажет. Сондай-ақ
келесі айларға аванс төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
БЖТ-ді Қазақстанның кез келген банкінің кассаларында, сондай-ақ
"Қазпошта" бөлімшелерінде төлеуге болады. Ол үшін өзіңіздің жеке
куəлігіңізді көрсетіп, "183" ТТК бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК
КЕАҚ банктік шотына төлем жүргізу қажет.
БЖТ кəсібі бар, табыс тауып жүрген адам төлейді. Карантин кезінде
42500 тг төлеу үшін төленетін төлем емес.
Дара Кəсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ кəсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жəне бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1.БЖТ төлеген
2.жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын
3.Қызметтерді салық агеттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана
көрсететін жəне (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы
шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін салық агеттері
болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ
төлеушілер деп танылады.
БЖТ төлеушісі бола алмайды:
1. Коммерциялық мүлікті жалға берушілер
(егер пəтеріңізді жалға берсеңіз бжт төлеуге болады, бутик, офис, салон
арендаға берсеңіз бжт болмайды)
2. Коммерциялық мүлікті пайдаланып, жалдап жеке практикамен
айналысатындар (егер макияж жасап үйден тапсаңыз болады, егер
арендаға отырсаңыз бжт болмайды.
3. ИП ретінде тіркелгендер
БЖТ төлеушінің жылдық табысы 1175 МРП-дан аспау керек
(1175*2651=3114925 тг)
Мысалы, сіздің жылдық табысыңыз 1175 МРП-дан аз, бірақ
жұмысшыңыз болса немесе коммерциялық мүлікті пайдалаңсаңыз ИП
тіркеуіңіз қажет болады. Яғни жоғарыдағы шарттардың барлығына
сəйкес келуіңіз керек.
БЖТ мөлшері қанша?
Қала үшін 1 МРП
Ауыл үшін 0,5 МРП
БЖТ өткен айларға төленбейді, əр айдың соңғы күніне дейін төлеуіңіз
қажет. Алда келер айларға алдын ала төлеп қоюға болады.
БЖТ – төлемінің құрамы
1. ИПН
2. ОПВ
3. СО
4. ОСМС
Лайфхак: егер сіз жұмыссыз жəне ОСМС төлемінен босатылмаған
категорияға жататын жеке тұлға болсаңыз, ОСМС статусыңыз
Застрахован болуы үшін БЖТ төлеп жүргеніңіз тиімді. Себебі: жеке
тұлға ретінде тек ОСМС төлемі 2125 тг. Ал, БЖТ арқылы сіз тек
ОСМС емес 4-түрлі төлемдерді төлейсіз.
Барлық төлем 42500 тг көлемінде есепке алынады. Ауыл тұрғыны
үшін де, қала тұрғыны үшін де. Төлемді пропискаңыз бойынша
төлейсіз. Ауылда пропискада болып, қалада тұрып жатсаңыз да ауыл
тұрғыны ретінде төлейсіз.
БЖТ төлеушілердің қандай құқықтар мен кепілдіктер бар?
БЖТ төлеушілер:
●
міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы
болуға; ОСМС статусыңыз застрахован болады.
●
зейнетақы жинақтарын жүргізуге мүмкіндік жəне зейнетақы жүйесіне
қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқық
береді; пенсионные накопление болады, базовая пенсия алуға болады
Əлеуметтік қауіп төнген жағдайда, оның ішінде
●
еңбек
ету
қабілетінен
айырылған,
жұмысынан
айырылған,
асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, 1
жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында əлеуметтік төлемдер алуға
мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, тағы бір маңызды тұсы ретінде БЖТ-ны үнемі үзбей төлеп отыру
арқылы БЖТ төлеушінің табысы расталып отыратындықтан, несие төлеу
қабілетінің жоғарылағанын айқындап банктенресми түрде несие алуға
болады.
Ал, енді маңызды деген негізгі бөліміміз: ЕСП арқылы декретке шығу.
Декреттік дородовой сумманың жалпы формуласы төмендегідей:
(Соңғы 12-айдың орташа табысы*4,2)-10%
БЖТ мөлшері 42500 тг деп атап өткенімдей егер сіз, жүктілігіңіздің
30-аптасына дейінгі соңғы 12 ай бойы (Жүктілікке дейінгі 5-ай, жүктіліктің
алғашқы 7-айы) БЖТ төлеп келсеңіз:
(42500*4,2)-10%=160650 тг шығады.
4,2 дегеніміз қалыпты жағдайдағы коэффицент. Ал егер, сіз егіз босансаңыз,
ядролық сынаққа түскен аймақта тұрсаңыз, кесір тілігімен босансаңыз бұл
коэффицент жоғарылайды, сəйкесінше дородовой суммаңыз да көбірек
есептелініп шығады.
Ал егер сіз уже жүкті болсаңыз сəйкесінше алатын дородовой декреттік
төлеміңіз де азырақ шығады. Төменге кестеге қанша ай БЖТ төлеп, қанша тг
дородовой ала алатыңызды есептеп қойдым:
Неше ай БЖТ төлейсіз?
Қанша тг дородовой аласыз?
1 ай
13387 тг
2 ай
26775 тг
3 ай
40162 тг
4 ай
53550 тг
5 ай
66937 тг
6 ай
80325 тг
7 ай
93712 тг
8 ай
107100 тг
9 ай
120487 тг
10 ай
133875 тг
11 ай
147262 тг
12 ай
160650 тг
Егер, сіз жұмыс жасап жүрсеңіз ЕСП төлеуге болады ма?
Болады, егер сіз жұмысыңыздан бөлек табыс тауып жүрсеңіз, яғни кəсібіңіз
болса. Мысалы, сіз мектепте мұғалімсіз жəне қосымша репититорствамен
айналыссаңыз БЖТ төлеп жүрсеңіз болады. Нəтижесінде дородовой үшін
жалақыңызбен қоса, 42500 тг табыс қоса есептелінеді.
Жұмыспен қатар ЕСП кім төлей алмайды?
● Мемлекеттік қызметкерлер
● ИП-сы барлар
● Гос корпорацияларда трудовой договорда: «Қосымша кəсіппен
айналысуға болмайды»,- деп көрсетілгендер.
Қай айда больничный лист алсаңыз, сол ай есепке алынбайды. Тіпті айдың
соңғы күні болса да. Қалыпты жағдайда больничный листты 30-апта
жүктілікте беруі тиіс. Жүктілігіңіз бойынша есепке тұрғанда врачқа
ескертуіңіз тиіс БЖТ төлеушісімін деп.
Больничный лисқа Плательщик ЕСП деп жазып беруі тиіс.
Қажетті құжаттар:
Егер тек БЖТ төлеушісі болсаңыз:
Больничный лист
Уд.личности
20-значный банковский счет
8-күннің ішінде жауабы келуі тиіс.
БЖТ арқылы декретке құжаттарлы қабылдаудан бас тартса не істеу керек?
БЖТ төлемі 2019 жылы енгізілгеніменен ол арқылы декреке шығу 2020
жылдың 03-04 айларынан бастап көтеріле бастады. Сол себепті дəрігерлер
ЕСП төлеушілерге больничный лист бермеймін. Оларға не положено деп
айтуы мүмкін. Себебі ол кісі білмейтін болар. Ондай жағдайда :
1. Заң жүзінде талап етіңіз. Салық кодексінің 774 бабына сəйкес БЖТ
төлеушісі деп жазылып маған больничный лист берілуі керек деп өз
құқығыңызды дəлелдеңіз.Ал, кейде, тіпті ЦОН қызметкерлері де білмей
жататын өңірлер де бар. Ондай жағдайда орталық аппаратына
шағымданыңыз
2. ГФСС орталық аппаратына хабарласып, шағымдануға болады:
8(7172) 983 971
БЖТ төлеп декретке шықтыңыз ба ары қарай ешқандай төлем төлеудің
қажеті жоқ. Егер ары қарай да төлейтін болсаңыз, до года балаға ақша
алып отырғанда төленетін субсидированный ОПВ түспей қалады.
БЖТ төлеушісінің жұмысының ең ұтымды тұстары:
Төлемдерді бөліп жеке жеке төлеудің қажеті жоқ
Табыс болмаған айларға төлем жасамайсыз
Бухгалтерлік есеп жүргізбейсіз
Салық есептілігін тапсырмайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |