Эссе. 1926 жылы Бакуде еткен I Туркітанушылар съезі.
Орындаған:Аралбай Жасмин
Тобы:Кял 21-5
Түркілердің қалай, қайдан пайда болғаны 1926 жылғы Баку
конференциясында да ғалымдардың қызу пікірталасын туғызған.
Түркология туралы сөз енді басталған кезде, ол толастамауы тиіс.
Сол себепті биылғы жылдың маусым айында Түркістан
облысында «Ежелгі дүниедегі түркілер» атты халықаралық үлкен
конгресс жұмысын өткізу жоспарланып отыр. Түркі-шумерлер,
Вавилонды, Ежелгі Римді мекендеген түркілер, Оңтүстік Еуро-
падан табылған түркі іздері туралы табылған тарихи деректерді
жинақтап, сүзгіден өткізіп, мәміле негізінде сұрыпталған маңызды
мәліметтер осы конференцияда ғалымдардың кең талқылауына
түспек.
Дөңгелек үстел басындағы негізгі әңгіме «Бірінші Бүкілодақтық
түркітану съезі. Стенографиялық есеп» атты кітаптың жарыққа
шығуы туралы болғандықтан, осы жинақты тарту етіп отырған
Әзербайжан Республикасының Алматыдағы консулы Рамил Рзаев
ғасыр басында өткен түркологтар жиынының маңызына көбірек
тоқталды. Съезде түркітілдес елдерден келген ғалымдардың бәрі
де өз ұлтының тілдік ерекшелігі мен дамуы, латын әліпбиіне көшу
туралы ойымен шектелмей, ортақ түркі әліпбиін түзіп,
қолданысқа енгізу туралы мәселе көтергенін еске салды.
Кеңестік жүйеге бағынып, жаңаша өмір сүруді бастаған түркі ел-
дерінің рухани дамуына бұл тарихи съезд зор серпін береді. Осы
съезде Ахмет Байтұрсынов «Орфография туралы» және «Қазақ
терминологиясының принциптері туралы» деген тақырыптарда
баяндама жасап, екі рет мінбеге көтеріледі. Ең ғажабы, бірнеше
тілде еркін сөйлейтін кемеңгер ғалымның баяндамасына съезге
қатысушылардың ықыласпен құлақ қойып, ой-пікірінің терең-
дігіне қызығушылық танытқаны сондай, қолдауы мен мүдделес-
тігін қатты соғылған алақан шапалағымен білдіріп, қайта-қайта
қолпаштауға көміп салып отырған. Ахмет Байтұрсынов – осы
съездің негізгі дем берушісі, тірегі әрі басты тұлғасына айналады.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры
Ерден Қажыбек Баку съезі әлемдік деңгейдегі түркі
халықтарының тұңғыш құрылтайы болғанына, Баку съезінен
кейін де КСРО-да үлкенді-кішілі халықаралық құрылтайлар
өткенімен, бұл кезде «Түркі» деген сөзді айтуға тыйым салын-
ғанына тоқталды.
Жалпы, осы дөңгелек үстелде таныстырылған бұл кітап ғалым-
дардың кәсібилігін танытуға, түркітілдес елдерді бір-біріне
жақындастыруға, рухани тұрғыдан интеграциялануына мүмкіндік
беретін бағасы зор мәдени ескерткіш. Бакуден басталған тарихи
маңызды қадамды қуаттап отыруға бүгінгі күні бүкіл түркі
дүниесі тегіс мүдделі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |