Эссе Менің студенттік өмірім



Дата27.02.2023
өлшемі24,47 Kb.
#70114
Байланысты:
Эссе Еркежан


Эссе
Менің студенттік өмірім
Студенттік кезең.Адам баласы өсе келе бала бақша,мектеп,университет табалдырықтарынан білім алып өсіп үлкен өмірге қадам басады.Осы білім алу кезеңдерінің әрбірі өздігімен ерекше.Бастапқы екі кезеңі,яғни балабақша,мектеп бұл ең тәтті кезең.Әлі ештеңеден саспай ата-анаңның ортасында шалқып жүретін кездер секілді.
Ал енді үлкен өмірге алғашқы қадам бұл-студенттік кезең.Яғни университет табалдырығын аттап,өз болашақ мамандығыңды игеретін кез десек те болады.Бұл уақытта өте маңызды дүние ол өз мамандығыңды дұрыс таңдау! Себебі мамандық таңдауда қателесу болашағыңды жартылай құрту деп ойлаймын.Әлбетте қазіргі таңда мамандық түрлері өте көп.Оқыған мамандығы бойынша емес неше түрлі әдіспен,көбіне онлайн түрде табыс тауып жүрген адамдар біршама.Бірақ болашақта бізді не күтіп тұрғаны бәрімізге беймәлім тек бір Аллахқа аян!
Осы мамандық таңдау тұсында мен біраз ойланып,қиналдым деуге де болады. Неге?Деген сұрақ туындайтын болса мен айта кетейін.Ең алдымен менің бала кезгі арманым “ПРЕЗИДЕНТ” болу еді.Одан кейін өсе келе бұл мамандыққа келу жолы ұзақ ,әрі үлкен күшпен білімді қажет ететінін білдім.Менің арманымнан -ақ бала күнімнің өзінде жоғарыны ойлағаным,жетелегенім түсінікті деп ойлаймын.Бірақ та ес жыйған соң нақты мамандық таңдау керек екенін ұқтым,жүрегімнің нені қалайтынын түсіну қыйын болды.Алғашында 9-ыншы сынып оқып жүрген кезімде актриса болуға еліктеп арман құштым.Және басты мақсатымның бірі Алматы қаласына барып сол жерден армандарыма жету еді.Бар ойым Алматы қаласындағы Жүргенов университетіне түсіп,актриса болып,танымал жұлдыздармен бір ортада болу еді.Одан соң киноға түсіп көтерілу ықтыймалдылығы аз екенін айтып айналам тоқтатып тастады десе де болады.Бұл мамандық жұмыс болмайды табысы жоқ деп үлкендер де ой білдірді.Одан кейін екінші ойым Қарағандыдағы МВД академиясына түсу болды.Қарағанды қаласы мүлдем тартпаса да МВД-дағы мамандықтар қатты қызықтырушы еді.Ендігі мақсатым осы болып ЕНТ да құқық пен тарих пәнін таңдап дайындалып бастаған едім.Бір жағынан арман қалам Алматы болғансоң ойланып та жүрдім.Әкемнің,анамның бір әңгімесінде “бұл сала қыз баласына ауыр”-дегені мені тағы бір ойландырып тастады.Сүйтіп жүргенде анам,апаларым маған “Физика-математика” пәнін таңдауды ұсынды.Себебі бұл салада грант көп деді.Іштей әрине бұл пән мен үшін қиын екенін әрі мүлдем тартпайтынын білдім.Бірақ та,ақыр соңында осы пәнді таңдап сирек дайындалып және осы бойынша ЕНТ тапсырдым.Мүлдем ұнатпаған пәнім болғансоң дайындығым аз болып төмен балл жинап қалдым.Гранттың көлеңкесін де көрмейтінімді біліп ата -анам не дейді деп қатты мұңайдым.Сырттан қысым,әркімнің ойы мазалап,қиналып іштей шағын деппрессияға түстім.Сырттай саспай жүргендей көрінгеніммен өз өзімді күнде кінәлі сезініп қатты өкініш пайда болды.Енді не істеймін?Қайда оқимын?Кім боламын? деген ойлар маза бермеді.
Бірақ анам Ақтөбе қаласындағы,яғни өз қаламдағы Жұбанов университетіне спорт факультеттіне түсуді ұсынды.Бір жағынан үміт болып келісіп 4 күндік шығармашылық емтиханын тапсырдым.Бұл мамандыққа да тарсырған 600ге жуық абитуриенттер болды.Ал емтихан кезінде 400ге жуық балалар болды.Емтиханның басында бізге бір хабар келді.Осы 400-500 абитуриенттің ішінен тек қана 100 адам оқуға алынады делінді.Бұл сөзден кейін тағы да үмітім азайды.Сонда да берілмей 4 күн тапсырып шықтым.Төрт жүз адамның ішінде 60%-і бұрыннан осы спорт саласындағы адамдар болған соң бізге мүмкіндік жоқ екені анықталды.
Сүйтіп жүргенде,тамыз айында,тағы Ұбт мүмкіншілігі бар екенін біліп,тіркеліп,кішкене болсын дайынық жинадым.
Осы жолы мамандықты дұрыс таңдауым керек деп барынша ойландым.Оның үстіне өз арман қалам Алматыға түсем деп шешім қабылдап ата-анамның рұқсатын алдым.Менің “ПРЕЗИДЕНТ” болу арманыма жақын “Бизнес” саласын ұнатушы ем.Солай осыған жақын мамандық қарастырдым.Ақыр соңында ,, қаржы” мамандығын таңдап,Ұбт дан жақсы балл жинап оқу орнын қарастыра бастадық.
Мамандық таңдау қандай маңызды болса,сол саланы үйрететін орынды таңдау да өте маңызды!Алматы қаласында бәріміз білетін Аль-Фараби атындағы университетке түскім келді.Біршама университеттерді қарап олардың оқу ақысымен таныстым.Біршама тиімдісі әрі жаңасы ҚазИту университеті болды.Анам екеуіміз іздеп,сұрап осы оқу орынына құжаттарымды келіп тапсырамыз деп тұрақталдық.
ҚазИту-табалдырығына алғаш келгенді өте кішкентай,көзіме үйреншіксіз болды.Бірақта айналасындағы әсем таулар,ағаштар яғни сұлу табиғат баурап алды.Арман қалам Алматыма келгенім мені қатты қуантты десем де болады.Университеттің суденттер үйі маған қатты ұнап тартқан болатын.
Алғашында мен студенттер үйіне өтініш тастағанда нақты берілетініне сендірген еді.Ешкімім жоқ қалаға ең алғашқы келуім.Оған қоса 17жыл өмірімнің ішінде ата-анамнан алғаш рет жыраққа кетіп тұрмын.29 тамыз күні сайтқа байқау нәтижесі шықты.Мен өкінішіме орай бұл тізімге ілікпеппін.Бірақ “кезекте” тұрсыз делінді.Мен соны естіген күні енді қайда барамын деп жылап университетке келіп проректормен және біраз осы табалдырықтың жоғарғы жұмысшыларымен жолығып өз мәселемді айттым.Ол кісілер маған ректорға хат жолдап күтуден басқа амалымның жоқтығын айтты.Ата-анамның қолауымен шыдап,осы күніме шүкір етіп,өз-өзімді жұбатып күттім.Осы қалада оқитын бөле әпкемнің қасына квартирасына 9-ыншы қыз болып уақытша кірдім.Әпкемнен басқа іштегі қыздар жақтырмағандай болып,артықсың деп 1 айдан кейін кет деп өз ойларын білдірді.Бірақ осы уақыттың ішінде ҚазИту-ыма үйреніп қалдым.Группаластарыммен танысып ішінен өзіме жақын адамдарды да таптым.Жаңа ұстаздарыммен таныстым.Әрқайсысы өз ісінің мамандары екеніне көзім жетіп қуанып та қалдым.Әрине ішінде өте қатты кісілер де бар бірақ оның өзі жөнді деп ойлаймын!Осы кісілердің арқасында тәртіпке,білімге деген құштарлығымыз ашылып өз мамандығымыз жайлы анығырақ біле бастадық.Ұстаздарымыздың қарапайымдылығы мен үшін жағымды болды.Ректорымыз өте көңілді,қарапайым,шуақты,ашық жарқын кісі екен.Бұл менің шынайы өз ойым.Себебі әрбір сөзі мейірімге толы әрі өзіне тартып тұрарлықтай көрінеді.
Бір айдан кейін яғни қыркүйектің 24-ті күні менің телефоныма белгісіз номерден қоңырау түсті.Бұл студенттер үйінің комендантшасы екен. “Еркежан саған студенттер үйінен орын бар келесің бе?” деген сөз екі езуімді құлағыма жеткізіп қуантып жіберді.Бір жағынан бөлем Алтынайдың қасында тұрып мейірімінде,жылуына үйренісіп қалған мен ол жақта өзімді жалғыз сезінетіндей қорықтым.Қасымдағы қыздар қандай болар екен деп ойладым.
Келесі күні яғни жұмада не болса да көшіп барамын деп шештім.Бұл университетте қатты тартқан студенттер үйі расымен де әдемі,жаңа,жарық екен.Маған екінші қабаттан 206-шы комнатаны берді.Негізінде 3адамдық бөлме екен,бірақ басында өзім тұрдым бөлмем өзіме қатты ұнады.Оған қоса студенттер үйінде жерлестерімнің көп екенін біліп одан сайын қуанып жүрдім.Араға 2,3күн салып жаныма екі қыз келді.Өте жақсы,жайлы қыздар болып шықты.Менің бұнда келгеніме 2 аптадан кетті шүкір етемін “жанымда жүр жақсы адам”-деп айналамның бәрі көңілді,ақылды,қарапайым жандар.Университетімнің өзі қазір қызық болып көрінеді.
Ендігі үлкен мақсатымның,арманымның бірі болған “ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМДЫ” алу нәсіп естсе екен деймін.Осы қызықты әрі қиын шақтарымды дұрыс өткізссем деймін. Және ұстаздарым мен жанымдағы әрбір жанға ҚазИтуыма алғыс айтып,үлкен үміт артамын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет