Эссе Мәтін және тіл дамыту. Қазақ тілін орыс сыныптарында мәтін арқылы меңгертудің маңызы. Мәтінді оқытудың негізгі міндетінің бірі- оқушыларды қазақ тілінде еркін сөйлей білуге үйрету, сөйлеу қабілетін Мәтін оқытуддың негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларды қазақ тілінде еркін сөйлей білуге үйрету, сөйлеу қабілетін арттыру үшін жағдай жасау. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда біз оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әр түрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыру.
Орыс сыныптарында қазақ тілін оқитын оқушылармен тіл дамыту жұмысын дұрыс жүргізу үшін қойылатын шарт-қазақ тіліндегі мәтіндерді дұрыс түсініп,жылдам және мәнерлеп оқу. Мәтінді бірден түсініп оқып кету бір ғана жылдың жемісі емес,ол үзбей жүргізілетін тиянақты еңбектің нәтижесі.
Мәтінді оқуға қойылатын төрт түрлі талап бар.а)Дұрыс оқу, әбір әріпті,буынды, сөзді бұрмаламай, сөздің соңғы буынын «жұтып қоймай» анық оқу, әрбір сөзге екпінді дұрыс түсіру. ә)Түсініп оқу-тіл үйренуде қажетті әдіс.Оқушы сөзді,сөйлемді түсініп оқымаса,ол сөз де, тіл де үйрене алмайды. Сондықтан оқушы әр сөздің тура мағынасын түсініп оқуы шарт. б) Жылдам оқу- қазақ тілін оқитын орыс оқушыларының «ежіктеп» буынға бөліп тұрмай,орташа екпінмен оқуға дағдылануы.Егер оқушы ежіктеп, буынға бөліп оқитын болса, сөйлемнің аяғына жеткенше не оқығанын ұмытып та қалады. Мұндай жағдайда оқушының бар назары әріпті, буынды, сөзді дұрыс оқуға ауады да, сөйлемнің жалпы мазмұнын түсінбей қалады.Сондықтан екінші сыныптан бастап мұғалім оқушының мәтінді,сөйлемді асықпай оқуын қадағалау керек. в)Мәнерлеп оқу-дауыс екпінін дұрыс түсіріп, анық айтып және түсініп оқу, яғни оқушы әрбір сөзді анық айтып, тиісті тыныс белгілеріне тоқтап, біреудің сөзін оқығанда дауысты өзгертіп, сөзді бұрмаламай оқиды.
Бұл оқу түрлері өз алдына жеке қолданылмай барлығы бір-бірінен ажыратылмастай үйлесіп жатуы керек. Мәтінді түсініп оқыған оқушы дұрыс та. жылдам да,мәнерлеп те оқи алады.Ал, мәтінді дұрыс оқи алмай ежіктеп тұрған оқушы түсініп те, жылдам да, мәнерлеп те оқи алмайды.
Мәтінді түсініп оқу үшін оқушының қазақ тілінен сөздік қоры жеткілікті болуы шарт,яғни,бірінші күннен, бірінші сабақтан бастап меңгерген жаңа сөздерін жадында сақтай алмайды.Ол үшін сол сөздерді ауызша,жазбаша жұмыс түрлерінде қолдана білуі керек.
Мәтін оқуға қойылатын талаптардың ең бастысы- түсініп оқу.Олай дейтін себебіміз,біріншіден, оқушы түсініп оқыған мәтінді ғана жылдамоқи алады,екіншіден,оқушы оқып тұрған сөз, сөйлемнің мағынасына, тұлғасына түсінбейінше оны дұрыс та оқи алмайды,үшіншіден дұрыс, түсініп,жылдам оқу сияқты шарттардың басы бір жерге қосылғанда ғана мәнерлеп оқу шығады.Яғни, мәнерлеп оқу дегеніміз мәтінді дұрыс, түсініп, жылдам (жүгіртіп ) оқу деген сөз.Демек, мәтінді оқуға қойылатын төрт түрлі талап бір-бірімен тығыз байланысты,бірін-бірі толықтыратын әдістер.
Оқылатын мәтін туралы әңгімелегенде, мәтіннің тақырыбы туралы кіріспе әңгіме болғаны жөн. Мысалы:мәтінде жыл мезгілдерінің бірісөз болатын болса,кіріспе әңгімеде жалпы табиғат туралы, мысалы күз болса,бұл маусымда қандай өзгерістер болады,жемістер қайтеді?Адамдар не істейді? тағы басқа сұрақтарға қазақша жауап беруге дайындалу үшін біраз жаңа сөздердің мағынасын оқушыларға түсіндіру.Кіріспе әңгіменің нәтижесінде мұғалім мен сынып сұрақ-жауап әдісімен сөйлеседі.Мұғалім мәтіндегі жаңа сөздерді қандай әдістермен түсіндіре алады? Ең алдымен жаңа сөз затты я оның қимылын білдіретін мағынада болса, онда сол заттың өзін көрсету, ал, қимылды білдіретін сөздерді мұғалім өзі жасап көрсетеді.Екіншіден, сурет салу, көрсету.Үшіншіден, сөздердің синонимдік мағынасы арқылы.(әдемі сұлу.) Төртіншіден, орыс тіліне аудару арқылы түсіндіру.
Бұл әдістердің қайсысын қай уақытта, қандай жағдайда қандай мәтінде қолдану қажет деген мәселені мұғалімнің өз тандауы біледі.Ең көп қолданылатын әдіс-заттың өзін немесе суретін көрсету,екінші - тілге аудару арқылы түсіндіру.
Жаңа мәтін өтілгенде сбақтың мақсатына қарай түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Егер мақсат оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыруболса, онда оқушылар мәтінді іштей оқиды, өз беттерінше ондағы жаңа сөз, сөз тіркестерін теріп жазды. Соңынан мәтінді өздері аударады. Осы үш кезеңнің әрқайсысы сыныпта тексерілгеннен кейін ғана іске асады.
Егер сабақтың мақсаты мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқу болса, онда оқушылар мұғалімнің көмегімен мәтіндегі сөйлемдерді дұрыс оқуға жаттығады.
Егер сабақтың мақсаты оқушыларды екі тілде аударма жұмысына жаттықтыру болса, онда мәтіндегі әрбір сөз,сөз тіркестері, сөйлемдердің дұрыс орындалуына көңіл бөлінеді.Демек, әр сабақтың алдына қойған мақсатына орай сабақ, оны өткізу әдістері де түрліше болады.Мәтінмен жұмыстың бір түрі-сөздікпен жұмыс.Сөздікпен жұмыс тек қана мәтінді өткенде емес, сонымен бірге гарамматикалық анықтамаларды, жаттығужұмыстарын өткенде, суретпен жұмыста, сұрақтарға жауап бергенде қатар жүргізіледі.Олай болатын себебі орыс сыныптарындағы қазақ тілінің әр сабағында жаңа сөз, жаңа ұғым кездеседі.
Әрбір жаңа сөз оқушының есінде берік сақталуы үшін , оны көбінесе сөйлем ішінде әр түрлі мағынасын аша, саралап түсіндіру керек.Мысалы:Сәуле, бері қара!Тақтаның түсі қара.
(Омоним сөздер арқылы). Сара әдепті, сыпайы оқушы.(Синоним сөздер арқылы).
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстардаоқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты шағын түрлерімен шектеліп қана қоймау керек.
1.Арнайы бір шақта баяндалып тұрған әңгімені шағын өзгертіп баяндату.
Мен өз тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын.
Мен өз тәжірибеме сүйеніп айтамын.
Мен өз тәжірибемнен сүйеніп айттым.
2. Берілген әңгіменің жағынөзгертіп айту
Біз тұратын үйде менің кішкене досым бар.
Біз тұратын үйде сенің кішкене досың бар.
Біз тұратын үйде сіздің кішкене досыңыз бар.
3.Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялықталдау жасату, түбірлес сөздерді анықтау.
Біл,білім,білімді,білімділік.
Сонымен қорытып айтқанда,орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың мақсаты:қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлеу тіліне жетілу.Сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде сөйлем құрауға дағдыландыру.Әр түрлі стильде берілген мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну. Мәтін құрылымын түсіну, өз ойын әңгімелеу, баяндау, толғану түрінде жеткізе алу. Әр түрлі тақырып төңірегінде сөйлесе алу. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды меңгерту. Мұнымен қатар жүретін жұмыс-балалардың зейінін, еске сақтау дағдысын, ойлау қабілетін дамыту.