Эссе «Салауатты өмір салты- денсаулық кепілі»



Дата02.12.2022
өлшемі14,04 Kb.
#54412
Байланысты:
Салауатты өмір салты эссе


Эссе
«Салауатты өмір салты- денсаулық кепілі»
Денсаулық- баға жетпес байлық. Салауатты өмір салты- бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға арналған іс-әрекет. Қазіргі заманда адамдар денсаулыққа және дұрыс тамақтануға көп көңіл бөліп жатыр және бұл қуантарлық жағдай. Өйткені әр пенде өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруы керек.
Салауатты өмір салтына спорт, дұрыс тамақтану, дұрыс режимде ұйықтау, шылым және алкогольді заттардан бас тарту жатады. Осы қағидаларды ұстанудың арқасында денсаулық жақсарып, көңіл-күй көтеріледі.
Денсаулық- тек тәннің саулылығы емес, ол жанның да саулылығы екенін ұмытпау қажет. “Жаны саудың-тәні сау” деп бекер айтылмаған. Моральдық және менталды сау болу үшін адам өкпе-реніштерінен арылып, кешірімді, мейірімді болуы керек. Бақытты болуға ұмтылу үшін, әрекет жасау керек. Кез-келген ауру психосоматикадан, стресстен пайда болады. Адамдар жанының тыныш және сау болуы үшін әр түрлі нәрселермен айналысады, мысалы: дінге жүгініп, дұғаның көмегімен жан тыныштығын табады, йогамен айналысады, медитация жасайды, музыка тыңдайды, билейді, жақсы пайдалы фильмдер көреді, кітап оқиды. Осы іс-әрекеттің арқасында адам іштей моральді тыныш болады және көңіл-күйі көтеріңкі болып, бақытты бола алады.
Тәннің саулылығы үшін әрине қимыл-қозғалыс жасап спортпен айналысу жөн. Дәрі-дәрмектен көрі табиғи өнімдерден витаминдер мен минералдар қабылдаған дұрыс, менің ойымша. Витаминдер жеміс-жидекте, көкөністерде, таза ет және қымызда көп болады, жасанды, химиядан қарағанда үлесі әлдеқайда зор және имунитетке пайдалы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет