Эссе Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жүргізу оңайма



Дата12.05.2022
өлшемі20,53 Kb.
#34187
Байланысты:
Эссе


Бегимова Мафтуна сурдо 2 топ

Эссе

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жүргізу оңайма

Мектеп өмірінде мұғалім — басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.  Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.

Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол — сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.

Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады, Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімде, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты — мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеугe барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін «Класс жетекшісінің жұмысы туралы» әдістемелік хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармеи таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетілді.

Дұрыс тәрбие — балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға — мектептегі сынып жетекшісі.

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы «гимназиядағы сынып тәрбиешісі» Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.

Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыньшта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу.

Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға     және мемлекетке осыдан 1971 жылғы жаңа «Сынып жетекшісінің Ережесіне» дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады.

Соңғы жылдары кейбір мектептерде «Сынып жетекшісінің» орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес «Сынып тәрбиешісі» деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде.

Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емсе, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажетгігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.

70-80 жылдардағы мектептің өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптегсн сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша.

Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады.

Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, онда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

Диагностикалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйксс оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.



Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижссін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Тәбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет