Эссе тақырыбы:
Басты тұжырым: Жыраулар хандық мемлекеттің басты идеологы болып, мемлекеттік мәселелерді Халық - Елдің мүддесімен бірлікте қарастырылуын қадағалаған асыл сөз иелері. XV-XIX ғасырлар қазақ тарихында аса маңызды тарихи саяси оқиғалар орын алған күрделі кезең: XV ғасырда Алтын Орда құрамынан өз еркімен шыққан Қазақ хандығы тұңғыш рет ұлттық мемлекет болып құрылды.Тарихи ұлттық сана жаңғырды. Осы кезден басталған Отанды қорғау, Отанға адал қызмет ету тақырыбы әдебиет - асыл сөздің басты дискурсына айналды. Қазақ мемлекетінің тарихын жырланған жыраулар поэзиясы жастардың бойына совет кезінде тыим салынған Отан тарихымен таныстырп Отаншылдық сезімін қалыптастырады.
Ұлы дала демократиясы. 15 -19 ғғ. Қазақ хандығы дәуірі әдебиетіндегі Жыраулар мен Ақындық поэзиядағы Отанды қорғау сарыны..
1.Ұлы дала демократиясы. Қазақ жырауларының Қазақ хандығы – Мемлекетті басқару функциялық міндеті: Толғаудың тарихи контексі. Жырау, Жыршы, Ақын тұлғалары. Жыраулық дискурс: саяси әлеуметтік мақсат; жыраулық дәстүр, тұлғалық міндет. Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Қазақ жыраулары – Қазақ Хандығының рухани көсемдері мен тарихшылары: Кетбұға,Сыпыра, Қодан, Қазтуған, Асан Қайғы, Бұқар жыраулар.
2. Қазақ хандығы жыраулар поэзиясының зерттеушілері: Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабай, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов Б.Кенжебаев, М.Мағауин, Б.Әбілқасымов, Ж.Тілепов еңбектеріндегі толғау мен ақындық дискурс.
3. 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті. Хандық биліктің жойылуы. Исатай- Махамбет ұлт- азаттық көтерілістің әдебиетте бейнеленуі: Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы ұлт - азаттық сарын.
4. Отаршылдық қысымның әдебиетте орын алуы: М.Әуезовтың «Зар заман ақындары» зерттеуі негізінде Дулат Бабатайұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы поэзиясындағы ұлттық мүдде.
5.19 ғасырдағы Айтыс өнерінің дамуы. А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» мен М.Әуезовтың «Айтыс өлеңдері» зерттеулері негізінде Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Балта, Түбек, Сүйінбай, Нұрым, Қашаған; Қыз бен Жігіт айтысы Біржан Сара айтысы.
6. Сал Серілік ақындар поэзиясының дискурсы: Біржан сал. Ақан сері, Әсет Найманбайұлы.
7. Шоқан Уәлиханұлының жыраулық пен ақындыққа қатысты зерттеулері.
8. Ыбырай Алтынсарыұлы - «Дала Қоңырауы»: Кырғыз хрестоматиясы. Шариат ул Ислам.
9. Абай Құнанбайұлы: Ресейдің отарлау саясатына қарсылық: поэзия, Ғақлия, «Қазақтың шыққан тегі жөнінде».
Басқа салалары бойынша да осылай ізденіс жасаймыз. Өз мамандықтарыңыз бойынша да осы тақырыптарды байланыстыруға болады.
Эссе көлемі – 1500 сөз.
1. Тақырып таңдау (нақты бір саласы бойынша таңдау жасау)
2. Таңдаған тақырыбыңызға сай жырау мен ақындардың 3-4 толғау мен өлеңін талдау, бұл туралы жазылған ғылыми еңбектерге де талдау жасау. (Нақты детальдармен ( мәтіннен) мысал келтіре отырып, сараптама жасау. Мақаладан немесе мәтіннен мысалды келтіргенде 3-4 сөйлемнен аспауы керек. Тек бір жырау, ақынмен шектелу жеткіліксіз, таңдаған тақырыпқа сай бірнеше жырау мен ақындардың мәтіндерінен мысал келтіруге болады.
3. Зерттеуші-ғалымдардың еңбегін, пікірлерін қарау, пайдалану және сілтеме беру керек.
4. Сілтеме беру тәртібін сақтау.
Тапсыру мерзімі – Мудлден қараңыз!
Мерзімінен кешіктірілген жұмыстың бағасы әр күнге 5 пайызға қысқартылады.
Эссе – 20 %.
Эссенің ішкі құрылымы:
1. Жоспар болуы керек
2. Кіріспе,
Негізгі бөлім
Іштей екі немесе 2 тараушаға бөлінуі керек.
3. Қорытынды бөлім
4. Әдебиеттер тізімі.
Тақырыптың ашылуы, шығарманы (мақаланы) жан-жақты талапқа сай талдауы, салыстырмалы анализ жасауы, ғалымдардың сол шығарма (мақала) туралы әр кездерде жазған пікірлерін сарапқа сала отырып, студенттің өзіндік тұжырымының берілуі - 10 пайыз.
4. Стилистикалық, грамматикалық сауаттылық. Қосымша зерттеу еңбектерін қарастыру, оған сілтеме беру тәртібінің сақталуы,студенттің қорытынды ойы, талапқа сай рәсімделуі, уақытында тапсырылуы – 10 пайыз.
Жазбаша жұмыстардың талаптары:
Барлық жазбаша жұмыстар (зерттеу эссе, қорытынды ғылыми жоба) APA форматы мен үлгісін ұстануы керек. Егер ол жайында білгіңіз келсе, мына сілтеме арқылы қарауыңызға болады: https://libguides.library.usyd.edu.au/c.php?g=508212&p=3476096
Барлық жазбаша жұмыстарға міндетті:
Times New Roman, 12 пт
Аралық 1,5 интервал
үстіңгі және астыңғы жақтарынан – 2 см; сол жағынан – 2 см және оң жағынан – 2 см қалдырылып теріледі.
Зерттеу жұмыстарының бағалау критерийлері:
— Тақырыптың өзектілігін анықтауы
— Тақырыптың ашылуы;
— әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі;
— мазмұнының анық және ашық болу;
— дәлелдеу логикасын құрастыра білуі;
— ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі;
— цитаталарды қолданудың талаптарына сай болуы;
— лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы
— жұмыстың безендірілуі нормаға сәйкес болуы.
— Студент Университеттің плагиат әрекетіне байланысты ресми кодымен таныс болуы қажет.
Уақытында тапсырылмаған жұмыс:
Белгіленген мерзімнен кешіктіріп тапсырған жұмыс әр күнге 5 пайыздан кемітіледі. Белгілі себептерге байланысты кешіктірілген жұмыс тапсыру мерзімінен кейін үш күнге дейін қабылданады. Одан кешіктірілген жұмыс мүлде қабылданбайды!
Достарыңызбен бөлісу: |