Эссе Тақырыбы: Дислексия Қабылдаған



Дата03.05.2023
өлшемі27,96 Kb.
#89605
Байланысты:
Лффн дислексия



Эссе
Тақырыбы: Дислексия

Қабылдаған: Акилбаева Г.И.
Орындаған:1901-11 оқу тобы Байсейт А.

Шымкент-2022


Дислексия – тұрақты сипаттағы қайталанатын қателермен белгіленетін және жоғарғы психикалық функциялардың қалыптаспағандығымен (бұзылысымен) шартталған, оқу үрдісінің жартылай спецификалық бұзылысы. Қазіргі кездегі оқу бұзылысы мәселесін талдау бірінші кезекте қалыптағы оқу үрдісінің күрделі психофизиологиялық құрылымын және осы дағдыны балалардың меңгеру ерекшеліктерін түсінуге негізделеді. Оқу күрделі психофизиологиялық үрдіс, оған түрлі анализаторлар қатысады: көру, сөйлеу, қимыл-қозғалыс, сөйлеу-есту. Оның негізінде «анализаторлар әсерінің күрделі механизмдері және басқа екі сигналды жүйелердің уақытша байланысы» жатыр. Оқу өзінің психофизикалық механизмдері бойынша ауызша сөйлеу тіліне қарағанда, күрделі үрдіс болып табылады, онымен бірге ол жазбаша және ауызша сөйлеу тілінен бөлек қаралмайды. Оқу үрдісі көріп қабылдаудан, әріпті ажырату және танудан басталады. Одан кейін әріпті сәйкес дыбыстармен сәйкестендіру жүреді және сөздің дыбыс айту бейнесінің айтылуы, оның оқылуы іске асырылады. Ақыры сөздің дыбыстық түрін оның мағынасымен сәйкестендіру салдарынан оқығанды түсіну іске асырылады. Сонымен, бұл үрдісте шартты түрде екі жақты бөлуге болады: техникалық (жазылған сөздің көру бейнесін оның айтылуымен сәйкестендіру) және мағыналық - оқудың негізгі мақсаты болып табылады. Олардың арасында тығыз байланыс бар. Оқығанды түсіну қабылдау сипатымен анықталады. Басқа жағынан, көру қабылдауы алдында оқылған мағыналы мазмұнның әсер етуін сезінеді. Оқу кезінде үлкен адам оқығанның мағынасын ғана саналандырады, ал оған қатысатын психофизиологиялық операциялар саналысыз, машықтанған түрде іске асырылады. Бірақ бұл машықтандырылған оқуды меңгеру операциялары жан-жақты және күрделі болып табылады.
Дислексия қалыпта оқу үрдісін іске асыратын, психикалық функциялардың қалыптаспауынан пайда болады (көріп талдау мен жинақтауы, кеңістіктік түсініктері, фонематикалық қабылдау, фонематикалық талдау мен жинақтау, сөйлеу тілінің лексикалықграмматикалық жетілмеуі). Оқуы бұзылған балада барлық кеңістіктік түсініктерінің қиындықтары, оң және сол, жоғары және төменді анықтаудағы қиындықтар, түрді, көлемді анықтаудағы нақты еместік байқалады. Оптико-кеңістіктіктің қалыптаспауы сурет салуда, бөліктерден тұтасты құрастыруда, берілген форманы жасай алмауымен белгіленеді. Дененің оң мен солын ажыратуда тежелу, кеш латерализация және оның бұзылысы (солақайлық т.б.) байқалады. Солақайлық пен дислексияның арасын сәйкестендіру түзу емес, күрделі, кезектілі. Көп жағдайда әсіресе солақайларды оңмен жазуды үйретуде, балаларда кеңістіктік түсініктерінің қалыптаспауының қиындықтары, оң және сол жақтарын шатастыру байқалады. Қалыпта оң және солды ажырату алты жаста қалыптасады. Кеңістіктік түсініктерінің жеткілікті қалыптасуы баламен әріпті ажырату мен менгерудегі алғы шарт болып табылады. Солақайларда оқудың бұзылуысыз, латеральды дискоординацияның орнын басатын эволюция үдерісінде механизмдер пайда болады, дислексиясы бар
солақайларда бұл орын басу жүйелері баяу, кеш ұйымдастырылады.Сонымен, солақайлықтың өзі емес, үйретілген солақайларда кеңістіктіктүсініктерінің қалыптаспағандығы салдарынан, оқудың бұзылысы байқалады.
О. А. Токарева оқу бұзылысын анализаторларының (есту, көру жәнеқимыл-қозғалыстары) бірінші бұзылысына тәуелді деп топтастырады. Осыған байланысты дислексияның акустикалық, оптикалық және моторлы түрін бөледі. Автордың ойы бойынша, дислексияның көп тараған түрі акустикалық бұзылыстарымен байланысты, мұндай жағдайда естіпқабылдауының дифференциациясының нашарлығы, дыбыстық талдауының жеткіліксіз дамымауы байқалады. Балалар қиындықпен әріптерді буындарға,сөздерге біріктіре алады, өйткені әріптер фонема белгісі сияқты қабылданбайды; артикуляция және дыбысталуы бойынша ұқсас дыбыстарды алмастырады (ызың және ысқырық, ұяң және қатаң т.б).

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С .Оразаева, Г. Н. Төлебиева, Г. Б. Ибатова Логопедия Оқулық: Жоғарғы педагогикалық оқу орындарының дефектология бөлімдерінің студенттеріне арналған оқулық – Алматы: «Дәуір», 2011.- 495 бет.

  2. https://melimde.com/ouli-azastan-respublikasini-bilim-jene-filim-ministrligi-bekit-v2.html?page=8


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет