Эссе Тақырыбы: Ғылыми танымның әдістері. Орындаған: тфп21-015 Кайсаринова Аружан



Дата28.03.2023
өлшемі21,14 Kb.
#76799
Байланысты:
7-сабақ


Эссе
Тақырыбы: Ғылыми танымның әдістері.
Орындаған: ТФП21-015 Кайсаринова Аружан

Білім — адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі — таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады. "Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: — бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері; — кез келген танымдық мән бар ақпарат; — практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән — таным теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. Техника (грек., "технэ"-өнер, шеберлік, ептілік) - тар мағынада-инженерлік қызмет әдістерімен жасалынатын және қолданылатын артефактар (жасанды) жиынтығы. Техника - кең мағынады - адам қызметінің кез келген саласындағы ерекше техникалық үрдіс түрі. Техниканы кейде әйтеуір бір механизмдердің жиынтығы ретіндегі инструменталдық (құрал ретінде) түсінуде кездеседі. Платон мен Аристотель жасанды еңбек құралдарын (артефакт) талдай келе техника ұғымын қолданған. Маркстік философияда техника қоғами адамның жасанды органдарының жүйесі, заттық элемент тұрғысындағы қоғамның өндіргіш күштерінің құрамдас бөлігі ретінде анықталады. М.Хайдеггердің экзистенциялық философиясында техника деп жай бір әдіс, тәсілді емес, адамзаттың өзіндік көрініс құбылысы ретіндегі жасырын, тылсым дүниесінің ашылу түрін ұғынады. Хайдеггер техника адамға "қойылған" (постав-"берілген бітімдік") түрде қарсы тұрады,-дейді. Адам техника арқылы (техникамен қатынаста) өзінің нағыз тіршілігінен, болмысынан айырылады, бас тартады, жатсынады. Технинаның негізгі функциясы - зат дүниесін конструкциялау және реконструкциялау. Егер адам объектке немен әсер етсе - ол техника, ал оған қалай әсер етсе-ол технология. "Техника философиясы" терминінің шығуы Э.Капптың "Техника философиясының негіздері" (1877., Алмания) деген еңбегіне байланысты. Оның алдында И.Бекманның "Технология туралы басшылық жасау, немесе фабрика мен мануфактура істерін тану" (1777) деген кітабы шыққан. 1912-1913 ж.ж. П.К.Энгельмейер де "Техника философиясы" деген кітап жазды. XX ғасырдың орта шенінде техника философиясы мәселесімен көрнекті философтар М.Хайдеггер, О.Тофлер, Хосе Ортега-и--Гассет айналысты, шұғылданды. Техника философиясы - техника, жасанды объектер, артефакттармен байланысты мәселелерді зерттейтін, қарастыратын философия саласы. Техника философиясының негізгі мәселелері: техника табиғаты мен мәні; техниканың тарихи дамуы; техникалық мағыналықтардың ерекшелігі; техника және қоғам; техника өсуінің салдары; техноэтика; технократия. Техника дамуының екіұдайлық, екімағыналық салдары бар: адамзат дамуының жемісі; әлеуметтік жағымсыз мәселелерді тудырады. Ғылыми таным-жүйелі таным. Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет етеді.Ең алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-жақты дәлелді объективті білім жинақтауға тырысады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді 2)әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге мыналарды жатқызамыз: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге мыналар жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау. Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интер ғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар. Жалпы ғылыми әдістер ішінде бөліп мыналарды айтуға болады: - анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу; - синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; - абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу; - жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; - индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі; - дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі; - аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б –
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді. Осы әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет