Эссе тақырыбы: Мақалалардың жариялану жарысы және ғылыми мәтіндердің сапасы



Дата20.10.2022
өлшемі15,74 Kb.
#44432
Байланысты:
Наукометрия Эссе


Эссе тақырыбы:
Мақалалардың жариялану жарысы және ғылыми мәтіндердің сапасы.
Менің ойымша ғылыми зерттеулерді бағалауда наукометрия үлкен және маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.
Ғалымдардың зерттеулерінің ұтқырлығының ғылыми салалардың дамуына тигізетін әсерін орасан зор . Мысалыға Scopus мұны зерттеуге мүмкіндік береді, өйткені біз жарияланған мақалалардың қандай нәтижеде өткенін білеміз, зерттеу қай елдерде және кімдер жүргізгенін білеміз. Мұндай еңбектер, менің ойымша, оның ішінде ғылыми саясатты қалыптастыру үшін өте пайдалы.
1960 жылы Юджин Гарфилд Ғылыми ақпарат институты (Institute of Scientific Information – ISI),кейіннен үздіксіз библиографиялық нұсқаулық пен дәйексөздер дерегін көрсеткішін көрсететін (Science Citation Index) негізін қалағанымен ол бертін келе мақалалардың шынайы болмысынан алыстатын коммерциялық мақсатты көздеген Thomson Reuters , Clarivate Analytics меншігіндегі Web of Science, Scopus сияқты корпорациялар мен компаниялардың табыс көзіне айналғанын ескеретін болсақ бұл саланың көлеңкелі жақтары да жоқ емес.
Отанымыздың ғалымдарының ғылыми мақаларларына дұрыс баға беру, мемлекеттік аттестацияға қойылатын қатаң талап қойылуы, жоғарыдағы көрсетілген сайттардың критерийларына сәйкестендіру арқылы бағалау гуманитарлық бағыт үшін тиімді емес деп есептеймін.
Мүмкін биология,химия,математика,физика т.б сияқты нақты ғылым салалары үшін өте тиімді болып келер және өз еңбегінің нәтижесін көрсету үшін үлкен мүмкіндік болып табылуы да мүмкін.
Алайда, гуманитрлық ғылым саласының өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы:әр елдің мәденетиеті,тілі,дініне сай зерттеу ерекшеліктері мен нәтижесіндегі жақсы,пайдалы, деп саналатын көсеткіштердің біз жоғарыда атап өткен саиттардың талаптарына сай келмей қалуы мүмкін.
Әсіресе соңғы жылдардығы жүргізіліп жатқан гендерлік саясаттың да мақаладағы көзқарасыңды толық ашып көрсете алмауыңа септігін тигізуі мумкін.
Квартиль процентиль сияқты тәсілдер адамдар, егер қаласа, кез келген адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынаста барлығын оңтайландыра алады деп санау,технологияландыру, алгоритмдеу, ұтымды ретке келтіру, жоспарлау,бақылау, есептеп, болжау сияқты тәсілдер бұл салада тиімсіз болып табылады.

Әсіресе, мақалаларды қысқа уақытта шығаруға талап қою ол мақаланың сапасыздығына алып келеді деп есептеймін.


Мысалы мен 1 курс докторанты бола турып Scopus-қа уақытында мақала шығарып үлгеру үшін тақырыбыма сай зерттеу жұмысымның нәтижесіне қысқа уақытта қол жеткізу сапасыздыққа әкеледі деп есептеймін және ол мақаланы тек ағылшын тіліндегі басылымдарды ғана беретін болғандықтан сапалы аударма жасату улкен қолайсыздық алып келеді .
Сонымен бұл жұрналдар шындықты капиталға, білімді маркетинг түріне, ал білім беруді,оқуды қызмет түріне айналдырып жібереді.
«Қазіргі адамдардың санасы мен жүрегін басқару»-идеологиясына алып келмейме деген де ой мазалайды.


Мырзапеисова Меруерт Туленбайқызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет