Эссе тақырыбы: Тимур Мурзалин Орындаған: Турсынбаева Асел 1-014 ом тексерген: Рысбаева Гульнур 2021 жыл. «Тимур Мурзалин»



Дата23.02.2022
өлшемі18,81 Kb.
#26173
түріСабақ
Байланысты:
ПБЛ эссе


Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қарағанды медицина университеті

Морфология және физиология кафедрасы

ЭССЕ

Тақырыбы: Тимур Мурзалин

Орындаған: Турсынбаева Асел

1-014 ОМ


Тексерген: Рысбаева Гульнур

2021 жыл.



«Тимур Мурзалин»

Берілген ПБЛ сабағында біз, студенттер оқытушымен және сабақ барысымен таныстық. Бұл сабақта оқытушының нұсқауымен топ басшысын және хатшыны таңдадық. Топ студенттерімен ақылдаса келе топ ережелерін бекіттік. Сабақ барысында белгілі бір пациенттің жеке мәліметтерімен, оның басынан өткен жағдайымен танысып, қалай және қандай зақымдау алғанын анықтап, зерттеп, өз гипотезаларымызды ортаға салып, барлық топ студенттерімен қызу талқыға салдық және нәтижесінде нақты шешім қабылдап, пациенттің сырқатын таптық. Осы талқылауға қатысқан пациентіміз Тимур Мурзалин болды.



Тимур Мурзалиннің жеке мәліменттеріне сүйенетін болсақ, ол 50 жастағы жеке кәсіпкер, сантехник және сантехника құралдары дүкенінің иесі. Бойы 172 см, ал салмағы 85 кг. Тимурдың қандай зақымдануды алғанын білу үшін оқиғаның барысымен таныстық. Оқиға бойынша Тимур ағасы Рамильмен бас тігіп, қайырымыдылық қорынан біраз ақша жинап, жүгіру марафонына қатысуды шешті және спортзалда күнделікті дайындалды, Тимурдың айтуы бойынша, ол қаңтардан бастап сәуір айына дейін аптасына 2 рет спортзалда дайындалды, әр жексенбі күні 10 км қашықтыққа жүгіруді бастап, 3 айда 12 км қашықтыққа жеткізгенін, марафонға дайындық кезінде тізе жаттығуларына ерекше назар аударғанын, сонымен қатар 5 кг салмақ тастағанымен қоса, физикалық жүктеменің 15 арттырғанын хабарлайды. Марафон қарсаңында, Тимур су құбырын жөндеу барысында қатты шаршағанын байқады және де ол үйіне оралар жолда өзімен қуырылған балық пен картопты сатып алады. Марафон күні ауа-райы құрғақ, 12 градус жылулықты көрсетіп тұрды, Тимур басқа марафонға қатысушыларды көріп қатты қобалжыды. Марафонның бас кезінде ол өзін жақсы сезінді, алайда ол уақытты үнемдеу үшін су берілетін станциядан өтіп кетіп, жүгіруді ары қарай жалғастырды. Біраз уақыттан кейін оның аяқтары ауыра бастады, дене температурасы төмендеп, көз алдында қара нүктелердің пайды болғанын байқап,құлайды. Тимурдың мазасыз қал-жағдайын қатысушылардың бірі байқап қалып жедел жәрдем шақыртады. Медбике Клара Тимурдың тамыр соғысын өлшеп, алғашқы көмек көрсету орталығына жөнелтті. Тимур өзін кінәлі сезінді және оның тобығы қатты ауырды. Дәрігер Комаров Тимурды тексерістен өткізіп, рентгенген талдауына жіберді. Оқиғаны саралап, зерттей келе, біз өз гипотезаларымызды ортаға салдық. Бірінші студенттің болжамы бойынша, Тимурдың алдағы сырқаты оның марафон алдындағы қатты шаршаудың, яғни бұлшық еттеріне ауырлық түскенінің әсерінен деп ой қозғады. Ал келесі студент, ол оның майлы тағам қабылдауынан, дұрыс тамақтануды ұстанбағандықтан, оның метоболизм процесі бұзылуынан деген пікір келтірді. Екінші студенттің ойы бойынша Тимурда сусыздану болғанын және де марафон барысындағы қатты қобалжу оған психологиялық жағынан әсер еткенін айтып өтті. Келесі студент, өз ойын толықтыра кете, пациентке құрғақ ауа-райының да кері әсерін тигізе мүмкін екенін ескерете түсті. Үшінші студент, Тимурдың жасына және де салмағына назар аудартты, оның ойынша бұл жағдайда ода тахикардияға шалдығуы әбден мүмкін екенін айтты. Алайда рентген нәтижесіне сүйене отыра, студенттердің келтірілген бірнеше бұрыс гипотезалары жойылып, жаңадан бірнеше ойлар туындады, олар: тобықтың шығуы, тобықтың ашық немесе жабық сынық күйінде болуы, сіңірдің созылуы және де тобықтың қатты соғылуы.

Оқиғаны қорытындылай келе, біз берілген пациент Тимур Мурзалиннің рентген нәтижесіне сүйене отыра, гипотезалар ішінен белгіленген дұрыс гипотезаны анықтай алдық. Тимурдың рентген нәтижесі оған «тобық буынының байламдарының созылу инверсиясы» деген диагнозды бекітті. Бұл сабақ маған, сонымен қоса барлық топ студенттеріне өз үлесін қосты. Себебі бұл сабақта біз өзімізді болашақ дәрігер ретінде сезініп, паценттің сырқатын талқылай отыра, оның қандай зақымдану алғаны жөнінде өз ойымызды ашық әрі нақты жеткізе алдық. Сонымен қатар, топтық жұмыс жасай отыра, бір-біріміздің ойларымызды тыңдап, толықтырып, бір түйінді шығара алдық. Сабақ барысында, осы уақытқа дейін оқып келген мәліметтерімізді еркін қолдана білдік. Меніңше ПБЛ сабағының ерекшелігі, ол медицина студенттерінің тек қана кітаппен жұмыс жасамайтынын, олардың болашаққа апарар жолында қазірден бастап, осындай проблемалық сұрақтарды шешуде екенін айдан анық көрсетеді. ПБЛ сабағы менің болашақ дәрігер болуыма деген мотивациямды одан әрі арттырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет