Эссе тақырыбы:Қазіргі қазақ қоғамындағы қыздар тәрбиесі
Қыз тәрбиесі-қоғам ошағы.Қазақ халқы ертеден қыз баланың тәрбиесіне баса назар аударған.Жалпы қоғамның басты байлығы адам болса,парастты да тәрбиелі қыздар-қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы.Ұлттың бар болмысын,тілі мен дінін,әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,бойына дарытатын әйел-ана.Сол себепті де, ертеңгі ана,бүгінгі қыздардың дәстүрге сүйеніп,уақыт талабына сай тәрбиелеу-ата-ананыі ғана емес тұтастай қоғамның міндеті болып табылады.Қыз әдеміліктің,әдептіліктің,жинақылықтың үлгісі.Өкінішке орай,қазіргі технологиялар дамыған заманда, ақпараттар ағыны ұрпақты баурап,елітіп "тәрбиелеуші" құралына айналып бара жатқандығы баршаға аян.
Ұлттық дәстүрлерден қол үзіп,рухани құндылықтарынан айырылған еліктеуші жастар-қоғамды дәстүрлі ұстанымдардан алшақтататын қауіпті құбылыс.Ұлтты қалыптастырып,елді ел еткен құндылықтарды қыздардың саңасына сіңіріп, дәстүрлі рухта тәрбиелеу-елдің ертеңіне қызмет ететін кемел келешегін ойлайтын елжанды ұрпақты жетілдіру деген сөз."Қыз-өрісің,ұл қонысың ",-деп білген қазақ өрісін кеңейтетін қыз балаға ұлтымыз айрықша көңіл бөлген.Өткеннің еншісіндегі жақсы дүниені келешектің кемесіне салып,ұлттың ұлылығын танытатын игіліктің барлығы да ұмыт қалмауы үшін тәрбиеге мән беру керек.Ертедегі қазақ тұрмысындағы киім-киіс сырт-келбет дәл бүгінгі қоғамда толықтай сақталады деп айту қиын.Дегенмен,ұлттық ұстаным,мінез-құлық,иман мен иба-жалпы адамдық болмыс кез келген қыз баланың бойында болуы тиіс.Қай заман,қай қоғамда өмір сүрмесін ол "қазақ қызы" деген атқа лайық болуы тиіс деп санаймын.Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева :"Өмірде қыз болу бар да ,нағыз қазақ қызы болуы мүлдем бөлек" ,-деген пікір айтқан.Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Әйел -бесік иесі.Демек,әйелдің жайы түзелмей,бесігіміз түзелмейді,бесігіміз түзелмей-еліміз түзелмейді.",-деген болатын.Яғни,жаһанданудың алып тегершігінде ұсақталып кетпеу үшін дәстүрлі құндылықтарымыз бен ұлттық ерекшеліктерімізді ардақтап,ұятты ұл,қылықты қыз тәрбиелеуге елдің келешегін ойлайтын әрбір адамның атсалысуы-азаматтық парыз.
Достарыңызбен бөлісу: |