Эссе тақырыптары «Білім – өмір шырағы»



Pdf көрінісі
Дата28.11.2023
өлшемі26,16 Kb.
#130768
түріПоэма
Байланысты:
esse taqyryptary 2453



Эссе тақырыптары
«Білім – өмір шырағы» деген тұжырымды дәлелдеңіз.
Эссе жазудың ерекшеліктері туралы өзіндік ой тұжырымыңыз қандай? 
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы Аристотель бейнесі мен өмірдегі
Аристотель ғұламаны салыстырып талдаңыз.
«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» ақындардың ой ұшқырлығы мен
тапқырлықтары туралы жазыңыз.
М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы Абыз бейнесінің маңызы мен мәні туралы не
айтар едіңіз?
Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасындағы рухани жігер, ұлттық код
ұғымдарының көріністерін дәлелдеп жазыңыз.
Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы кейіпкер психологиясын бейбіт
өмірдегі жандармен салыстырып, талдап жазыңыз.
Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі батырға тән қасиеттер
бүгінгі өмір кейіпкерлеріне тән бе?
Астана – «Мәңгілік ел» тарихының жаңа беті. Тарихи деректермен байланыстыра
дәлелдеңіз.
ЭКСПО – тәуелсіз елдің болашаққа батыл қадамы. Өз қөзқарасыңызды дәлелдеңіз.
Алаш ардақтылары аңсаған болашақ (дәлелді пікіріңізді жазыңыз).
Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы бойынша ақынның оқиғаны
суреттеу ерекшелігі мен әсерін талдап жазыңыз.
М. Мақатаевтың «Дариға жүрек» шағын поэмасындағы кейіпкердің өмір үшін күресін
өмірден мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесін
бүгінгі әжелер бейнесімен салыстыра отырып, талдап жазыңыз
С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі адамға қажет қасиеттерді қалай талдап
көрсетуге болады?
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан
екенін дәлелдеп жазыңыз.
А. Құнанбаевтың «Он жетінші қара сөзіндегі» жүрек, ақыл, қайрат, ғалым пікірін
талдап, өз тұжырымыңызды қорытып жазыңыз.
Ақын өлеңі – өмір дерегі. Сыни көзқарас (Мәди Бапиұлы, Біржан сал өлеңдері
бойынша).
М. Дулатовтың өлеңдеріндегі адами құндылықтар туралы сыни пікіріңіз қандай?
Рухани жаңғыру – болашаққа батыл қадам.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет