Эссе туберкулездің эпидемиологиясы



Дата06.06.2022
өлшемі14,27 Kb.
#36441
Байланысты:
туберкулез эпидемиологиясы


Орындаған: Аманкелд3 Сымбат
7-015ЖМ
ЭССЕ
Туберкулездің эпидемиологиясы
Туберкулез эпидемиологисы туберкулез ауруының халық арасында пайда болуы мен таралуын зерттейді. Эпидемияның пайда болуы эпидемиялық үдеріс еп аталады. Ол үш компоненттен тұрады: инфекция көзі, жұғу жолы және жаңа жағдай. Туберкулез ауруы үшін инфекция көзі науқастар, жануарлар мен құстар болып табылады. Соның ішінде негізгі көзі ол бактерия бөлуші науқастар. Туберкулез микобактериясы ауалы тамшлы, алиментарлы, қатынасты және плацентарлы жолдары арқылы жұғады. Үшінші компонент –жаңа жағдай, инфекция көзінен белгілі бір сау адамға микобактерияның жұғып, ауру тудыруы. Оған инфекцияның массивтілігі, науқаспен қатынастың ұзақтығы мен адам ағзасының сезімталдығы әсер етеді.
Туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы 4 көрсеткіштер арқылы бағаланады. Олар: инфекциялану, сырқаттылық, дерттілік, өлім-жітім. Инфекциялану дегеніміз туберкулинге тексеру барысында оң нәтиже бергендердің санының пайыздық көрсеткіші. Сырқаттылық осы жылы жүз мың тұрғынға шаққандағы туберкулездің белсенді түрімен алғаш ауырғандар саны, ал дерттілік жыл соңындағы жүз мың тұрғынға шаққандағы туберкулездің белсенді түрімен есепте тұрғандардың саны болып табылады. Ал өлім жітім дегеніміз осы жылдағы жүз мың тұрғынға шаққандағы қайтыс болғандар саны. Сырқаттылық маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіштің жоғары болуы, басқа да көрсеткіштердің жоғарылығын арттырады.
Қазіргі таңда туберкулез ауруының алдын алу үшін көптеген шаралар атқарылуда. Сол арқылы аурудың таралудың көрсеткішін төмендете аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет