Эссе XXI ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс? . Қазір заман өзгерді,талап өзгерді. Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы. Ондай болса,білім деңгейімен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздардың басты міндеттері екендігін ұмытпауымыз қажет. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет-білім, білімді ұрпақ»,-деп ХХІ ғасырды ғылым мен білімнің ғасыры атады.
Біздің басты міндеттеріміздің бірі қазақстандық отансүйгіштікті , адамның құқықтары мен бостандықтарын құрмет ететін азамат тәрбиелеу. Өйткені Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кірісті. Мұндай іс-шараның басты принциптерінің бірі-құқықтық білім берудің сапасын арттыру.
Білім мен құқықтық сананың қалыптасуы-қазіргі адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, біздің қоғамымызға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматты мектеп, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Өйткені: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»-деп дана халқымыз бекер айтпаған.Осы айтылған ойларды жинақтай келе,озық ойлы білім қалыптастыру үшін,заман талабына сай мектеп қажет.
Жаңа технологияның дамыған кезеңі мектепті үздіксіз жаңа технологиялар мен жабдықтап.Әр сабақтар өз кабинетінде жасақталған үлгіде жабдықталса. Мектепте үйірмелер саны артса, ол арнай орындарда өккізілсе.Ауылдық жерлерде интернет ресурстары қолға алынып,әр балаға жеткілікті компютерлер орнатылса. Келешекте қосымша оқулықтар орнына компютер немесе планшет алынса.
Сөз соңында өз ойымды Оқушылар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек. деген сөзімен аяқтағым келеді.