Эссе Заманауи мектеп қандай


Класс жетекші өз қызметі барысында тоқсан сайын



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі102,25 Kb.
#116809
1   2   3   4
Байланысты:
Самет Әділбек мок 222 (2)

Класс жетекші өз қызметі барысында тоқсан сайын:
— оқушылардың сабақ үлгірімін талдайды, қорытындысымен ата-
аналарды таныстырады;
— ата-аналар жиналысын өткізеді;
— оқушыларды экскурсияға, мәдени іс –шараларға, мұражайларға, т.б. апарады, ұжымдық тәрбие жұмыстарын жүргізеді;
— қыркүйек, қаңтар айларында журналдағы оқушылардың үйірмелерге қатысуы жайлы мәліметтерді талапқа сай толтырады;
— оқушылардың сабақтарды жіберген күндерін, сағаттар санын көрсетіп, керекті журнал бетін толтырады;
— класс бөлмесіне тазалық жұмыстарын жүргізуді, оқушылардың сәуір айында көгалдандыру, тазалау айлығына қатысуын ұйымдастырады;
— жүргізілген тәрбие жұмысын талдайды, есебін тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарға тапсырады, жаңа тоқсанда жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасайды,
— класс жетекшілер бірлестігінің отырысына қатысады, қабылданған шешеімдердің орындалуын ұйымдастырады.
Класс жетекші өз қызметі барысында жыл сайын:
— тамыз, қыркүйек айларында кітапханашымен байланыс жасап, оқушыларға оқулықтарды алуды ұйымдастырады, кітапхана қорында жоқ оқулықтар тізімімен ата-аналарды таныстырады.
— класста жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасайды;
— қыркүйек айының бірінші онкүндігінде журналдағы жинақ ведомостін толтырып, оқушылардың жалпы тізімінде жеке мәліметтерін құжаттарына сәйкес көрсетеді, 4 дана дайындайды: тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарға – 2 дана, мектеп дәрігеріне -1, қабылдау бөлмесіне-1;
— оқушылардың жеке іс – қағаздарын толтырады, мектеп директорының орынбасарларына статистикалық есеп береді;
— оқушылардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын зерттейді, акт жасайды.
— класстың әлеуметтік құжатын дайындап, бір данасын қыркүйек айының бірінші онкүндігінде әлеуметтік педагогқа тапсырады;
— ашық тәрбие сағатын өткізеді;
— жыл бойына жүргізілген тәрбие жұмысына талдау жасап, есебін мамыр айында тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарға тапсырады;
— жаз айларында оқушылардың тынығуы жайлы ата-аналармен әңгіме жүргізіп, мәліметтер жинақтайды; мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына мәліметтерді өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет