Эссе№1 Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандырудың дамуына әсері



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі18,48 Kb.
#20814
  1   2
Байланысты:
Эссе ДОТ Жақсылық Ұлмекен


Эссе№ 1

Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандырудың дамуына әсері

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі қазіргі ең басты мәселелердің бірі білім беру жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Осы іс- шара бойынша мемлекетімізде мамандардың жұмыс біліктілігін көтеру жоспарланып жатыр.Арнайы мемлекеттік білім беру жүйесін бітірген азаматтарға білім алғандығы туралы күәландырылған құжат табыс етіледі. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі. Білім беру тұжырымдамаларын, білім беру мақсатын, әдістемесін,студентті,оқу ғимаратын,оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды, оқытудың техникалық орталарын, қаржыландыруды қамтитын жүйе ретінде кеңінен қарастыру қажет. Студенттердің оқу үдерісі барысында игеруге тиісті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды іске асыруды қамтамасыз ететін, оларды тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған оқытушының іс-әрекет түрлерін оқыту түрлері ретінде атауға болады. Оқу үдерісіндегі оқыту мен студенттің білікті маман ретінде қалыптасуына қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыруды негізгі бағдар ететін оқытушы мен студенттің өзара байланысты іс-әрекет түрлері оқыту әдістері арқылы жүзеге асады.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі — оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 — 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникациялық технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан — жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін — өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын – соңғы болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігін анықтай бастады. Академик А. А. Харкевичтың есебі бойынша ақпараттық ағынның жалпы мөлшері орташа есеппен өндірістік потенциялдың квадратына пропорционал түрде өсіп отырады. Басқаша айтқанда, еліміздегі өндірістік күштердің екі есе өсуі ақпараттық ағынның төрт есе өсуін қажет етеді. Барған сайын ұлттық дамудың барысы ақпараттық ресурстардың жағдайына тәуелділігі арта түседі.

Эссе№ 2





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет