Есте сақталады тарих шежіресінде алтын әріппен жазылған оқиғалар



жүктеу 32.29 Kb.
Pdf просмотр
Дата27.03.2017
өлшемі32.29 Kb.

ЕСТЕ САҚТАЛАДЫ 

ТАРИХ шежіресінде алтын 

әріппен жазылған оқиғалар 

көп. Совет халқының фашис-

тік Германияға қарсы жүргізіл-

ген Отан соғысын жеңіспен 

аяқтаған күні — 9 май сол та-

рихи маңызы зор оқиғалардың 

төрінен орын алады. Совет 

Одағының Қарулы Күштері, 

оның батыр ұлдары мен қыз-

дары өз Отанының тәуелсізді-

гі мен намысын қорғап қана 

қойған жоқ, сонымен қатар 

Европадағы көптеген елдердің 

халықтарын фашизм құлдығы-

нан азат етті, өзінІң интерна-

ционалдық борышын абырой-

лы өтеді. 

Міне сол Ұлы Жеңістің 

жиырма бір жылдығын тойлап 

отырмыз. Жеңіс өздігінен кел-

ген жоқ. Бақайшағына дейін 

қаруланған неміс басқыншы-

ларына қарсы шайқаста көпте-

ген құрбандықтар беруге ту-

ра келді. Сан мыңдаған совет-

тік семьялар аяулыларынан 

айрылды. Жетім балалар мен 

жесір аналардың көкірегін 

ашы қайғы кернеді. Уақытша 

жау басып алған қалалар меи 

селолардың тұрғындары фа-

шистердің озбырлығынан азап 

шекті. 

Бірақ та фашистік қанішер-

лердің айуандық әрекеттері 

халқымыздың әділеттік үшін 

күресте қайрат-жігерін мұқал-

та алмады. Коммунистік пар-

тияның төңірегіне берік топ-

тасқан көп ұлтты совет хал-

қы жауды талқандау үшін қол-

дан келгеннің барлығын да 

істеді. Қазақ халқының патри-

от ұлдары мен қыздары да 

ұпы жеңіске жету жолындағы 

күреске өз үлестерін қоса біл-

ді. 

«Ер басына күн туса, етігі-

мен су кешер, ат басына күн 

туса, ауыздығымен су ішер» 

дегендейін, өлім мен өмір 

белдескен сұрапыл соғыстың 

зардаптарын отандастарымыз, 

оның ішінде майданның ал-

ғы шебінде жаумен жалғас-

қан әрбір жауынгер ешқашан 

ұмытпақ емес. 

1943 жылдың қоңыр күзі 

болатын. Соққыдан соққы кө-

ріп, қансыраған фашистерді 

советтік өскери бөлімдер өк-

шелей қуып келе жатқан еді. 

Ер азаматтардың қанына 

боялғандай алаулаған алтын 

күн бірте-бірте көк жиектеп 

асып  ж о қ болды. Фашист бас-

қыншыларының зұлымдығына 

куә болған қарт Днепрдің кө-

бік шашқан толқындары жаға-

ға ұруда. Қас қарая жел то-

ластады. Алайда жарылған 

с н а р я д дүмпуі, тынымсыз 

ызыңдаған оқ дауысы ежелгі 

өзеннің тынысын тарылтып, 

мазасын кетіргендей. Өзеннің 

жау бекінген оң жағалауынан 

әлсін-әлсІн атылған ракета сәу-

лесімен оның беті кенет жар-

қырап көрінеді де, қайта қою 

қараңғылық құшағына енеді. 

Ал, ұлдарым, мен бөгет бол-

майын, өтіңдер, ұмтылыңдар 

алға, жаудан кек алыңдар де-

гендей үнсіз, жай ағады қарт 

Днепр. 

Біздің полктың атқыштары 

өзеннен өту өзірлігінде. Оң 

жағымызда қалың тоғай, сол 

жағымызда фашистөр өртеп 

кеткен Любечи селосының ша-

тырлы үйлері сытыр-сытыр жа-

нып жатыр. Құрастырылған 

тақтайшаны қайық, сапер кү-

регін ескек етіп суға түспек-

піз. 

Біздің артиллерия жаудың 

бекінісін атқылай бастаған кез-

де өзенге түстік. Ортада ста-

нокты пулемет, Сергей екеуі-

міз құрастырылған тақтайдың 

екі жақ шетіне тізерлей отыр-

дық та, кішкене күрекшеміз-

бен суды сылдыратпай өсіп, 

ілгері жылжыдық. Жағадан 

15—20 метрден қашықтаған 

кезде немістердің ракетала-

ры бірінен-соң бірі аспанға 

көтерілді. Су бетіндегілер ала-

қанның аясындағыдай айқын 

көрінді. Сол-ақ екен ерсілі-

қарсылы оқ зуылдап, айнала-

мызға снарядтар түсе бастады. 

Жақын жарылған снарядтар-

дың дүмпуінен пайда болған 

өктем толқын астымыздағы 

жадағай тақтайшаны аударып 

кетерліктей. Күрекшемізді 

құлаштай сермеп, жанталаса 

алға ұмтылдық. Біреулер ауда-

рылып, біреулер оққа ұшып 

суға батып жатыр. 

Совет жауынгерлерінің соқ-

қысына төтеп бере алмаған 

гитлершілдер құтырынған қас-

қырдай өршелене түскен. Жау-

дың жанталасқан қарсылығына 

қарамастан қиян кескі арпа-

лыспен сол 23 сентябрьдің 

түнінде жау бекінген жағаға 

шықтық. Құрғаққа өкшеміз тиі-

сімен біз де пулеметтің оқ 

шашқан стволын жауға бұ-

рып, ұрысқа араластық. Неміс-

тер таң ата жүремелете үш 

дүркін біздің атқыштарға ша-

буыл жасады. Күші басым жау 

автоматтарын кезеніп, қаз-

қатар сап түзеп келе жатты. 

Алпыс-жетпіс метрдй жақын-

даған кезде біз фашистерге 

пулеметтен бората оқ жау-

дырдық. Оң және сол жақ 

қанатымыздағы полктастары-

мыз да өршеленген жауға 

өлтіре соққы берді. Сөйтіп 

жаудың алғашқы әрекеті сәт-

сіздікке ұшырады. 

Шабуылға шыққан неміс 

солдаттары мен офицерлерінің 

үштен бірі ғана қашып құтыл-

ды.  Ж е р жастанған жау сол-

даттарының өлекселері ашық 

далада қала берді. Бұдан 

кейінгі шабуылдарда неміс 

фашистері тұмсыққа ұрылған 

жыртқыштай қансырап, өлім 

құшағына енді. Полк атқышта-

рының шағын тобы жаумен үш 

күн бойы айқасты. Келесі 

күнгі ша6уылдардың бірінде 

серігім Сережа жау оғынан 

қаза тапты. Үшінші күнге қа-

раған түні біздің басқа да әс-

кери бөлімдер Днепрден өтті. 

Біз майдандастарымыздын 

өзеннен аман өтуіне өз әлі-

мізше көмектестік. 

Төртінші күн дегенде ша-

буылға шығу біздің үлесіміз 

тиді. Ұшқыштарымыз аспаннан 

тастаған бомбалар мен арти-

леристеріміз дәлдеп түсірген 

снарядтардан жау бекінісінің 

күл-талқаны шықты. Қаншама 

солдаттарын құрбан етіп,со-

ғыс техникаларын барынша 

қарсы қойған жау дүркірей 

кейін қашуға мәжбүр  б о л д ы . 

Жан беру оңай емес қой. Фа-

шистік басқыншылар шегіне 

отырып қарсылық көрсетті. 

Біздің атқыштар ротасынан аз 

ғана адам тірі қалғанын мен 

осы шабуыл кезінде ғана біл-

дім. Днепрден өткеннен кейін 

жауды өкшелей қуып келе-

жатқан кезде ауыр жаралан-

дым... 

Днепрден бірінші өткендер-

дің ішінде маған да Совет 

Одағының Батыры атағы бе-

рілгенін госпитальда емделіп 

жатқанда естідім. Отанның 

тәуелсіздігі мен намысы үшін 

жаумен жағаласта өткен сын 

сағаттар, ажалмен айқасқан 

сұрапыл ұрыстар ешқашан 

ұмытылмайды. 

М. МАМРАЕВ, 

Совет Одағының Батыры. 

Орталық Қазақстан.-1966ж.-9мамыр.-2б. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> VOV kaz
Kraeved -> Айтуынша, бес жылғы ізденістің жемісі. Ұлтымызда
Kraeved -> Қазақ жазуының тарихы Алтын емес, балаларға одан да қымбаттырақ дуниені қалдырып бара жатырмын
Kraeved -> Қ азақ елінің тарихындағы Кеңестік кезең жұмбағы
Kraeved -> Мәдени мұра нындағы «Босаға» совхозының жыл
Kraeved -> Төбелер біршама биік тау жоталармен жалғасқан тұстарда
Kraeved -> Өлкетану бөлімі
Kraeved -> Қанат жойқынбектегі жазушы Бірінші қатар
Kraeved -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Т.Әубәкіров — 6О-жаста Биыл қазақтың біртуар ұлы перзенті, тұңғыш ғарышкеріміз, сынақшы-ұшқыш
VOV kaz -> Жалпақ әлемді қан қақсатқан сонау 1941-45


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет