«Эстетикалық тәрбие мұғалімнің құзіреттілігінің көрсеткіші ретінде» эссе



Дата24.01.2023
өлшемі16,08 Kb.
#62570
Байланысты:
«Эстетикалық тәрбие эссе


«Эстетикалық тәрбие мұғалімнің құзіреттілігінің көрсеткіші ретінде» эссе
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады. Эстетикалық тәрбие мұғалімнің құзіреттілігінің көрсеткіші ретінде сипатталатыны бәрімізге белгілі.Ең бірінші құзыреттілік терминіне анықтама берсем.Құзыреттілік дегеніміз- білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті кәсіби маман педагогті атаймыз.Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен
мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың: «Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал.
Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға катысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда жұмыс істеуі арқылы іске асады.Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық процессте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліл, бірін бірі толықтырады, педагогикалық процесс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені оқушының денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады.Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбиенің бағыттарының барлығы жеке процесстердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланыскан, тұтас процесс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен қалыптастыруға болады.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным ‒ бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың аражігін ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тындаушы болуға баулу керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тындауға өте ынталы болады. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет