Байланысты: Эстетикалық тәрбие мұғалімнің құзіреттілігінің көрсеткіші ретінде
Эстетикалық тәрбие мұғалімнің құзіреттілігінің көрсеткіші ретінде Эстетикалық тәрбие мұғалімнің құзіреттілігінің көрсеткіші ретінде тақырыбын ашу үшін бірінші кезекте эстетикалық тәрбие дегеніміз не деген сұраққа жауап беруіміз қажет. Эстетикалык тәрбиенің мектептегі орны мен оның мақсатына токталайық.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту, - оқушының бойында көркемэстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады.Эстетикалық тәрбиенің компоненттеріне біз: эстетикалық сезімді, эстетикалық қабылдауды, эстетикалық талғамды жатқызамыз.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пөндерді оқудық нәтижесінде табиғаттың, еңбектіңсұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:
Эстетикалық мәдениетке қарым-қатынас эстетикасын, киім кию эстетикасын және мінез құлық эстетикасын жатқызамыз.
Қарым-Қатынас эстетикасы
Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Іргетасты қалаушы бірінші отбасы, содан соң мұғалім. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. Жәнеде мектепте мұғалім эстетикалық тәрбиеге сай білім беріп эстетикалық тәрбиеге сай қарым-қатынас орнатуы қажет.
Киім-кию эстетикасы
Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер үшін оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтеру негізгі міндеттерінің бірі. Мұғалімдер өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, эстетикаға сай киініп, жүріп тұруы қажет.
Мұғалімнің құзіреттілігінің қайнар көзі деп эстетикалық тәрбиені айта аламыз. Себебі, бала өсіп келе жатқан жас буын, не көрсе соны жасайды. Мұғалім оқушы үшін үлгі тұтарлық тұлға ретінде әр бір әркеттен тәрбие алады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз – бүгінгі қоғамның тапсырысы.