Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады. Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады. Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары Музыка сабақтары Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортаң әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлыктықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген. Музыка пәнінің бағдарламасында, ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқу-шылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.
Бейнелеу өнері сабақтары Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемділікке тәрбиелеп, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі төртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдары арқылы шамасына сай беру, сызықтың сурет салуын меңгеру арқылы олардың өзіндік іс-әрекеті қалыптаса бастайды.
Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін түтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстарайтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.
Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды. Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.