Эстетикалық тəрбиенің негізгі құралы өнер. Өнер түрлеріне көркем əдебиет, бейнелеу, графика, би, театр, кино, музыка т б жатады. Осылардың ішінде музыканың адам өмірінде алар орны айрықша



Дата18.10.2023
өлшемі13,64 Kb.
#118758
Байланысты:
сож 4


Эссе
Эстетикалық тəрбиенің негізгі құралы – өнер. Өнер түрлеріне – көркем əдебиет, бейнелеу, графика, би, театр, кино, музыка т.б жатады. Осылардың ішінде музыканың адам өмірінде алар орны айрықша. Себебі шынайы өмірдегі сан алуан құбылыстардың, соның ішінде рухани және материалдық құндылықтардың барлығы адамға, табиғатқа қатысты болып келеді. Ал әдебиеттің басты құралы болған адамзаттың және оған қатысты дүниелердің барлығы шығармада көрініс табатыны секілді музыкаға қатысты дүниелердің де көркем шығармада көрініс табуы тосын жайт болмауы керек. әуен дегеніміздің өзі жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің қимыл іс-əрекетін, шындығын, ритімін, образдарын бейнелейтін өнердің бір түрі болғандықтан қоғамдағы орны әлдеқашан айқындалған болатын. Əдебиетті біз қоғамның айнасы десек, музыка сол қоғамның ажырамас бөлшегі. Музыка мен əдебиетті байланыстырушы – қоғам. Образдар жүйесі, тақырып, мотив, сюжет -барлығы шынайы қоғамдық өмірден өз бастауын алады. Сондықтан да музыканы біз əдебиеттен бөліп-жара алмаймыз. Əдебиет пен музыканың өзіндік жеке бағыт-бағдары болғанымен де екі өнерді бір арнаға тоғыстыратын ортақ қасиеттер бар. Бұл екі өнерді байланыстырушы – күй, ырғақ. Адамға тән қуану, қайғыру, сағыну, шаттану секілді əр түрлі күйге түсуі, әр түрлі эмоцияда болуы, адамның психологиялық қалыпқа түсуі заңды құбылыс. Ал осы күйді біз əдебиеттен де музыкадан да кездестіре аламыз.
Платон «Музыка адам жанын жоғарыға ұмтылдырып, ең кемел әрі шынайы болмысқа ақыл жүгіртуге алып келеді. Музыка адам жанын қалыптастыру мағанасында түсінгені сияқты адамды тәрбиелеуге үлес қосады. Егер тәрбие дұрыс болмаса, онда керісінше болмақ», – деп муызканың тек жанды ерекше күйге бөлеуден өзге тәрбиелік қызметінің де бар екенін айтады. Ал француз ақыны Стефан Малларме «музыка – оқырманға өмір шындығын бейнелеуде қосымша құрал болады» деп музыканың көркем шығармадағы орнын бағалайды. Музыка – ерекше күшке ие. Ол адамның 62 тамырырына жайылып, адамның əр түрлі ішкі толғаныстарына, эмоциясына, жан дүниесіне өз ізін қалдыра алады. Музыкалық дыбыстардың қасиеті, жаратылысы жайында мынадай аңыз бар деседі: Құдай адамның денесін жаратып, жанға оған кіруге әмір береді. Жан ұзақ уақыт бұдан бас тартады. Сонда Құдай оны музыка арқылы адам жанымен бір бүтінге айналдырады. Адамның бойында «материалдық» пен «руханилықтың» музыка арқылы қосылуы адамды жаратқан екен. Осыдан музыканың қаншалықты терең дүние екенін байқауымызға болады.Қазақ әдебиеті музыка өнерінен кенде емес. Сонау халық ауыз əдебиетінен өз бастауын алған, тарих тұңғиығынан бүгінгі күнге дəстүрмен ұштасып жеткен бесік жыры, шілдехана, сыңсу, жар-жар, тойбастар, жоқтау өлеңдер, домбыра, қобызбен сүйемелдеп өлең айту дəстүрі біздің ұлттық кодымызды айшықтаушы өнердің бір түрі. Осы құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа қол үзбей жеткізілуінің өзі қазақ əдебиеті мен мəдениетінің мықты екенінің айғағы. Соның ішінде қазақта ерекше атап өтер күй аңызы деген болған. Күй аңызы – музыка әлемінде тек қазақта ғана бар өзгеше байлық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет