Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған)



Pdf көрінісі
Дата17.01.2017
өлшемі190,17 Kb.
#2103

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 137-қосымша  



 

 

 

 

Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған) 

оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-2 сыныптары 

үшін «Қоршаған ортамен таныстыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы 

 

1. Түсінік хат 

1.  Бағдарлама  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес әзірленген.  

2.  Бастауыш  сыныптарға  арналған  «Қоршаған  ортамен  таныстыру»  пәні 

«Түзету  компонентінің»  негізгі  пәндерінің  бірі  болып  табылады.  «Қоршаған 

ортамен  таныстыру» пәнін оқыту екі бағытта жүреді.  

3. «Қоршаған ортамен таныстыру» бағдарламасының бірінші бағытында: 

балаларды  қоршаған  ортадағы  қоғамдық  өмірде  пайдалы  істерді  атқару,  адам 

еңбектерімен  танысу,  мәдени  ортада  өзін-өзі  үстай  білу  талаптары  іске 

асырылады. 

4.  Бағдарламаның  екінші  бағытында:  айналадағы  табиғат  құбылыстарын 

тани  білу,  табиғат  құбылыстары  жөнінде  түсініктер  беру,  табиғатқа 

жауапкершілікпен  қарау,  табиғат  аясында  өзін-өзі  ұстай  білу,  табиғатты 

қорғауға  қолдан  келетін  барлық  шараларды  жасай  білу  жақтары  үйретілуі 

керек.  Осы  бағыттың  алдына  қойған  мақсаты  -  тікелей  және  түсінікті 

материалдарды  пайдаланып,  балаларды  және  тірі  табиғатпен  таныстыру 

табиғаттың өзіне тән қасиеттерін жете түсінуге тәрбиелеу. 

5.  Қоршаған  ортамен  таныстыру  сабағының  алдына  қойған  басты 

мақсаты  -  балалардың  табиғат  туралы  түсінігін  жүйелі  түрде  қалыптастыру 

және  қоршаған  ортаның  құбылыстарымен  таныстыра  отырып,  нашар  еститін 

балалардың сөйлеу тілін дамыту.  

6. «Қоршаған ортамен  таныстыру» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

1)  балаларды  нақты  материалдары  қолдана  отырып  тірі  және  өлі 

табиғатпен таныстыру; 

2)  табиғат  құбылыстарымен  адам  еңбектерінің  арасындағы  өзара 

байланысты түсіндіру; 

3) қоршаған орта туралы қалыптасқан білімдеріне сүйене отырып, нашар 

еститін  оқушылардың  өмірге,  қоғамға  деген  дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру, 

табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін,  отан  сүйгіштігін,  эстетикалық  көзқарасын 

тәрбиелеу; 



4)  қоршаған  ортамен  таныстыру  барысында  кеңістіктік  және  уақыттық 

ұғымдарын қалыптастыру; 

5)  қоршаған  орта  туралы  сөздік  қорын  кеңейтіп,  өз  бетімен  сөйлеуге 

ынталандандыру. 

7. Пәннің мазмұнын меңгеру үшін дайындық сыныбында аптасына 3-рет, 

жылына  99  сағат,  1  аптасына  3-рет,  99  сағат,  2  сыныпта  аптасына  2–рет,  68 

сағат.  

8.  «Қоршаған  ортамен  таныстыру»  пәні  математика,  тіл  дамыту,  ана  тілі 

пәндерімен  тығыз  байланыста  жүргізіледі.  Табиғат  құбылыстарын  бақылау, 

қоғамдық  ортаны,  адам  еңбегін  бағалау  осының  бәрі  қазақ  тілі,  еңбекке  баулу 

сабақтарында жете түсінуге мүмкіндік туғызады. 

9. Басқа сабақтармен қатар қоршаған ортамен таныстыру сабақтарында да 

есту  арқылы,  көріп-есту  арқылы  қабылдау,  дыбыстарды  қадағалап  дұрыс 

айтуды талап ету жұмыстары іске асыруы аса қажет. 



 

2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

10. Біздің мектеп: 

1) оқушының аты-жөні; 

2) отбасы мүшелері: ата, апа, әке, шеше, бала, қыз; 

3)  мектеп.  Мектеп  бөлмелері  (мүғалімдер  бөлмесі,  оқу  бөлмелері, 

кітапхана, салтанат залы, жатақхана, асхана). 

11. Біздің сынып: 

1)  мектеп  қызметкерлерінің  мамандығы:  директор,  мұғалім,  тәрбиеші, 

дәрігер, кітапханашы, үй сыпырушы, аспаз; 

2) мұғалім, тәрбиеші, мектеп директоры, оқу  ісінің меңгерушісі, дәрігер, 

кітапханашының аты жөні; 

3) мектеп мүлкі, оларды күтіп ұстау; 

4)  оқушылардың  мектептегі  міндеттері:  (мүғалім,  тәрбиешілердің 

тапсырмаларын  бұлжытпай  орындау,  сыныпты,  жатақхананы  жинау,  сабақ 

кезінде  мүғалімді  мүқият  тыңдау,  жолдастарына  кедергі  жасамау,  сабаққа, 

тапсырмаға,  өтініштерге  жауапкершілікпен  қарау.  Ойын  ойнағанда  ережені 

сақтай білу; 

5)  оқушының  асханадағы  тәртібі:  асхана  құралдарын  дұрыс  пайдалана 

білу, тағамдарды үнемі пайдалану, нанға ұқыптылықпен қарау; 

6) қоршаған ортадағы заттарға ұқыптылықпен қарау (киімдер, оқулықтар, 

жатақхана жабдықтары). 

12. Киімдер мен аяқ киімдер. Киімдер мен аяқ киімдер күтімі. Тұрмыстық 

құралдарды пайдаланудағы сақтандыру ережесі. Өрттен сақтандыру ережесі. 

13. Денсаулықты сақтау. Денсаулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру. 

Жұқпалы аурулардан сақтану жолдары.  

14. Адамның дене мүшелері: 

1) жеке бас гигиеналық ережелері: қол жуу, дене күтімі, шаш, тіс күтімі; 

2) жеке бас гигиенасына керекті заттар; 



3)  денсаулық  күтімі:  ертеңгі  жаттығу  сумен  жуыну,  күн  тәртібі.  Сабақ 

кезінде орындықта дүрыс отыру, денені тік ұстау; 

4) бөлмедегі тазалықты сақтау. Бөлменің ауасын тазарту; 

5) сыныптағы өсімдіктер және оларды күту; 

6) өсімдіктердің түрлері және олардың аталуы; 

7)  өсімдіктерді  күту  (суғару,  топырағын  қопсыту,  тыңайтқышпен 

қоректендіру,  ыдыстардың  тазалығын  сақтау,  өсімдік  жапырақтарын  сүрту, 

жуу); 


8)  мектеп  айналасындағы  өсімдіктер:  бүталардың,  2-3  ағаштардың 

аталуы,  гүлдердің  атаулары.  Мектеп  бау-бақшасында  өсетін  жемістер  мен 

көкөністер. Жемістер мен көкөністердің қолданылуы, пайдасы; 

9)  мектеп  жанындағы  үлескіде  жүргізілетін  жұмыстар:  қураған 

жапырақтарды жинау, көктемгі, күзгі бұтақтарды, өсімдік түқымдарын жинау. 

15. Біздің қала (ауыл): 

1) біздің қала (ауыл) және туған жер табиғаты; 

2) туған қаланың (ауылдың) аты; 

3) қаламен таныстыру (алаң, көше, көліктер). Қаланың бас көшесі, алаңы;  

4)  көше  (жол):  жол  жиегі,  өтетін  жер,  бағдаршам,  көше  қиылысы,  жол 

белгілері, «Сақ бол, балалар»; 

5) жүргіншілер жүретін жол, машина жүретін жол; 

6) көшеде жүріп-түру ережелері; 

7) балалардың көшеде және қала көліктерімен жүру ережелерін сақтауы, 

аялдамада  күту,  артқы  есіктен  кіріп,  алдыңғы  есіктен  шығу,  автобустың  арт 

жағынан айналып өту; 

8) қала (ауыл) табиғаты; 

9)  қалада  өсімдіктер  отырғызу  (ағаш,  гүлдер)  саяжайда,  көшелерде. 

Қоршаған  ортадағы  өсімдіктерді  қамқорлықпен  күту.  Өсімдіктерді  күту 

шараларына қатысу. 

16. Туған өлке: 

1) біздің еліміз - Қазақстан; 

2) Астана - республикадағы бас қала; 

3)  біздің  елдің  барлық  халқы  бірлесіп  еңбек  етеді.  Олардың  еңбектері 

бағаланады.  Қазақстан  үкіметі  балаларға  көп  көңіл  бөледі.  Елімізде  өтетін 

атаулы  күндер  мен  мерекелер.  Мерекелік  ертеңгіліктерді  дайындау  және  оны 

сыныпта өткізу; 

4)  ауа-райын  бақылау:  жауын-шашын,  күн,  жел,  қар,  ауаның  жағдайы 

(жылы, суық), аспан (ашық, бұлтты). 

17. Жыл мезгілдеріне байланысты өсімдіктерде болатын өзгерістер: күзде 

жапырақтардың сарғаюы, түсуі. Қыстағы ауа-райының өзгешіліктері. Көктемде 

ағаштардың  бүршік  жаруы,  шептің  жығуы.  Жазда  жеміс-жидектердің  гүлдеп, 

пісуі.  Қыстағы  күйі,  өзгешіліктері.  Көктемде  ағаштардың  бүршікті  жаруы, 

шөптің  шығуы.  Жазда  жеміс-жидектердің  гүлдеп,  пісуі.  Мектеп  жанындағы 

құстарды бақылау. Құстарды күту (дән, нантүйіршіктерін беру). Көктемде жыл 

құстарын қарсы алу, үйшік жасап, ағаш басына ілу т.с.с. 



 

3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

18. Біздің үй: 

1) біздің отбасы: ата, әже, әке, шеше, бала, қыз, іні, қарындас, аға, әпке; 

2)  отбасындағы  қарттар  мен  балаларға  қамқорлық.  Отбасы  мүшелерінің 

өзара ілтипаты және қамқоршыл қарым-қатынасы. Әр адамның отбасына қосар 

үлесі.  Отбасындағы  ересектер  немен  айналысады.  Балалардың  үлкенге  көмегі. 

Үй  ішінде  езін-өзі  ұстау.  Қонақ  күту  ережелері.  Отбасы  мүшелеріне  ортақ 

орындалатын іс-тәртібі. 

19. Менің үйім (Менің бөлмем):  

1)  үйді,  бөлмелерді  жабдықтау.  Үй  жиһаздары.  Үлкендердің  еңбегін 

сыйлау.  Мекен  жайы:  қаланың  (ауылдың)  және  өзі  тұратын  көшенің  аты,  үй 

нөмірі, пәтері; 

2)  оқушының  жеке  бас  гигиенасының  ережелері:  ұйықтау  және  оның 

ұзақтығы. Ұйықтау гигиенасымен таныстыру. Оқушының күн тәртібі. 

20. Бөлме өсімдіктері және оларды күту. Үйдің айналасын көгалдандыру. 

Өсімдіктерді қорғау. 

21. Біздің мектеп және туған жер табиғаты: 

1) біздің мектеп. Мектеп ішіндегі сыныптар, бөлмелер, кабинеттер. Біздің 

сынып,  көрші  сыныптар,  кабинеттер.  Мұғалімдер  бөлмесі,  директордың 

кабинеті,  асхана,  салтанат  залы,  дене  шынықтыру  залы,  кітапхана,  жатақхана, 

шеберхана, дәрігер бөлмесі. Директор, мұғалім, тәрбиешілердің аты-жөні; 

2)  мұғалімдердің,  тәрбиешілердің,  дәрігердің,  үй  сыпырушылардың, 

аспаздардың мектепте атқаратын жұмыстары.  

22. Мектеп қызметкерлерінің еңбегін бағалау, көмектесу: 

1)  мектеп  ережелері:  үлкендерді  құрметтеу,  сыпайы  сөйлесе  білу. 

Әдептілікті  сақтау,  сәлемдесу,  өз  өтінішін  білдіру,  кешірім  сұрау,  алғыс  айта 

білу. Өзара достық қатынас;  

2)  асхана  құралдарын  дұрыс  пайдалана  білу,  нанды  тағамдарды  үнемі 

пайдалану; 

3) киімге, оқулықтарға, ойыншықтарға, сынып жабдықтарына, жатақхана 

жабдықтарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.  

23.  Киімдер  мен  аяқ  қиімдер  күтімі.  Киімді,  аяқ  киімді  тазалау. 

Тұрмыстық  құралдарды  пайдаланудағы  сақтандыру  ережесі.  Өрттен,  судан 

сақтандыру ережелері. 

24. Өсімдіктерді бақылау:  

1)  түр-түсін  анықтау,  өсімдіктің  құрылысымен  танысу:  тамыры,  діңі, 

сабағы,  жапырағы,  гүлі.  Өсімдіктің  тұқымы.  Мектеп  үлескісінде  өсетін 

гүлдердің аталуы, күтімі; 

2)  гүлдерден  гүлшоқтарын  жасау.  Серуенге  шығып  әр  түрлі  гүлдерді 

жинау.  Гербарий  жасау.  Ол  гербарийді  сабақта  пайдалану.  Табиғаттағы 

өсімдіктерді бақылау: түр-түсін, аталуын, өзгеруін. 

25. Біздің қала (ауыл) және туған жер табиғаты: 

1) қаланың (ауылдың) аты; 


2)  қаламен  (ауылмен)  танысу,  көшелер,  көлік  түрлері,  алаңдар.  Қаланың 

бас  көшесі  (алаңы).  Тұрғын  үйлер,  дүкендер,  мектептер,  балабақшалар  және 

т.б.;  

3)  қаланың  көрнекті  жерлері,  мәдени  орталықтары,  ескерткіштер, 



кинотеатрлар, мұражай, спорт кешені т.с.с. 

26. Құрылыста, көліктерде жұмыс істейтін адамдардың мамандығы: 

1)  адам  жұмысын  жеңілдететін  машиналар  (трактор,  комбайн,  көтергіш 

кран, қар тазалайтын машина); 

2)  қала  (жолы):  көше,  көшеден  өтетін  жер,  бағдаршам,  көше  қиылысы, 

көше жүрісін реттейтін белгілер. Көшеден өту ережесі; 

3)  балалардың  қала  көлігіне  отыру  тәртібін  және  ережелерін  сақтауы; 

аялдамада күту, артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу және т.б.; 

4)  қала  табиғаты:  саяжайдағы  көшелердегі  өсімдіктер.  Қоршаған 

ортадағы өсімдіктерді қорғау, күту. 

27.  Бау-бақша.  Бақтағы  жеміс  ағаштары:  алма,  алмұрт,  шие,  өрік, 

шабдалы,  алхоры.  Бақшадағы  көкөністер:  сәбіз,  қызылша,  қызанақ, 

қырыққабат,  қияр,  пияз.  Жемістер  мен  көкөністердің  айырмашылығы,  өсу 

жағдайы, оны адамдардың қолдануы және оның пайдасы. 

28. Туған өлке: 

1)  біздің  Отанымыз.  Отанымыздың  ең  басты  қаласы.  Біздің  еліміз  -

Қазақстан  Республикасы.  Астанамыз  -  Астана  қаласы.  Алаңдар.  Ескерткіштер. 

«Медеу» мұз айдыны. Біздің қаламыз (ауылымыз) туған өлкенің бір бөлігі; 

2) мерекелік ертеңгіліктерді дайындауға, өткізуге балалардың қатысуы; 

3) біздің еліміздің табиғаты, оны қорғау. Далада өсетін өсімдіктер: бидай, 

арпа,  сұлы,  жүгері,  картоп.  Осы  өсімдіктерді  өсіру,  күту,  адамдардың 

пайдалануы;  

4)  гербариймен  жұмыс:  өсімдіктердің  құрылымымен  танысу.  Дала 

өсімдіктерінен алынатын заттармен таныстыру: ұн, жарма, тары, қант, нан; 

5) бейнетаспаларды көрсету; 

6) үйде өсетін өсімдіктер: бөлмедегі гүлдер, оның аталуы, күтімі; 

7) үй өсімдіктерінің құрылысымен таныстыру. Бөлмеде өсетін гүлдермен 

іс-тәжірибие жұмыстарын жүргізу. 



 

4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

29. Біздің үй және туған жер табиғаты: 

1)  ата-аналар  мамандығы.  Отбасындағы  еңбек  және  демалыс  түрлері. 

Отбасындағы  үлкендерге  үй  шаруасына  көмектесу.  Отбасы  мүшелерінің өзара 

ілтипаты  және  қамқоршыл  қарым-қатынасы.  Үлкендердің,  көршілердің 

достарының еңбегін сыйлау, көмектесу; 

2) сыпайы түрде амандасу, өтінішін білдіру, кешірім сұрай білу, алғысын 

айту; 


3) күн тәртібі, күн тәртібіне кіретін еңбек түрлері: үйдегі өз-өзіне қызмет 

көрсету,  оның  міндеті  және  маңызы.  Күн  тәртібіне  кіретін  демалыс  түрі  және 

оның міндеті, маңызы; 


4)  үй  мүліктеріне,  өз  киімдеріне  және  отбасы  мүшелерінің  киімдеріне 

бөлме өсімдіктеріне, үй жануарларына ұкыптылықпен қарау; 

5) өрттен сақтандыру ережесін сақтай білу; 

6)  жеке  бас  гигиенасының  ережелері.  Балалардың  денсаулығын  қорғау 

туралы алғашқы ұғымдар: 

бөлмедегі тазалықты сақтай білу; 

көз гигиенасы. Жұмыс орнына жарықтың (шамның) дұрыс түсуі. Әр жыл 

мезгілдеріне сәйкес денсаулықты сақтау; 

7)  үй  айналасын  көгалдандыру  (ағаш  отырғызу,  гүлдер,  бұталар). 

Олардың күтімі және олады қорғау; 

8)  ауа-райын  бақылау  (күн  ашық,  бұлтты,  жаңбырлы,  суық,  жел).  Жеке 

күнделікке  күнделікті  ауа-райындағы  өзгерістерді  белгілеп  отыру.  Сонымен 

қатар күннің шығуын, батуын белгілеу; 

9) уақыт түсінігі: таңертең, күндіз, түс, кеш, түн; 

10) жыл мезгілі: қыс, көктем, жаз, күз; 

11) жыл мезгілдерінің ауысуы; 

12)  табиғатта  болып  жатқан  күнделікті  өзгерістерді  бақылау:  бақылау 

және  серуендеу  арқылы  оқушылар  табиғаттағы  өзгерістер  мен  құбылыстарды 

білу  керек:  күз  айларын  атау,  әр  айдағы  ауа-райындағы  өзгерістерді  айту  (күн 

бүлтты, жаңбырлы, суыта бастады, құстар жылы жаққа ұшып кетті, ағаштарың 

жапырақтары сарғайды, жерге түсті т.с.с.). Күздегі адам еңбегі; 

13)  қыс  айларын  атай  білу.  Ай  ішіндегі  өзгерістерді  (суық,  боран,  қар 

қалың, су қатты, өсімдіктер және андар жайлы); 

14)  көктем  айларын  атай  білу.  Табиғаттағы  өзгерістерді  айту  (қар  еріді, 

күн  жылынды,  ағаштар  бүршік  жарды,  қүстар  жылы  жақтан  үшып  келді, 

бәйшешек шықты); 

15) көктем айындағы адам еңбегі; 

16)  жаз  айларын  атай  білу.  Табиғаттағы  өзгерістерді  айту  (күн  ыстық, 

өсімдіктер  гүлдеп  түр,  жазғы  жаңбыр,  күннің  күркіреуі,  аңдардың,  қүстардың 

жазғы өмірі). Жаз айындағы адам еңбегі. 

30. Біздің мектеп: 

1) адамның дене мүшелері және оның күтімі. Мектептегі күн тәртібі, күн 

тәртібінде  істелетін  жүмыс  түрлері,  оқушылардың  өзіне-өзі  қызмет  жасауы, 

оның мақсаты  және  мәні.  Күн  тәртібіндегі демалыс  уақыттары,  оның  мақсаты 

мен  мәні,  бөлме  ішіндегі  тазалықты  сақтау  (бөлменің  ауасын  тазарту,  жинау, 

жуу,  сүрту,  оқитын  және  ойнайтын  бөлмелердің  тазалығын  сақтау).  Мектеп 

жабдықтарына  оқушылар  ойнайтын  жәнс  спорт  алаңдарына  сыныптағы 

жиһаздарға,  оқулықтарға,  оқу  құралдарына  ұқыптылықпен,  жауапкершілікпен 

қарау; 

2) сабақ кестесі. Кесте бойынша белінген уақыттар сағаты, минуты, жыл 



уақыттарын  белгілеу  (жыл,  ай,  апта,  тәулік,  сағат,  минөт).  Апта  аттары. 

Күнтізбе-табель. Оқушы ережелері. Мектептің қоғамдық жұмысына қатысу; 

3)  адамның  дене  мүшелері  (бас,  мойын,  дене,  қол  (оң,  сол),  қас,  кірпік, 

ауыз (тіс және тіл), жақ, иек): 

дене: арқа, кеуде, іш, бүйір (оң, сол), иық, мықын; 


қолдағы және аяқтағы саусақ аттары; (шынтақ, алақан, тізе, табан, тобық); 

4)  оқушының  жеке  бас  гигиенасы:  партада,  орындықта  дұрыс  отыру, 

денесін тік ұстау; 

5) іс-тәжірибе жүмыстары: 

адамның дене мүшелерін ажырата білу (көрсетіп, атын атау); 

жеке  бас  гигиенасын  сақтай  білу:  көз,  тіс  гигиенасы,  тамақтану,  үйқы 

гигиенасы. Осы тақырыптарға сай кинофильм, бейнефильмдер көрсетіп талдау 

жасау. 


31. Біздің кала (ауыл): 

1) қаланың басты алаңы мен көшелері; 

2) алаңның көрнекті жерлері, саяжайлар, ескерткіштер, мұражайлар т.с.с.; 

3)  қаладағы  басты  өндіріс  орындары.  Қаланың  мәдени  орталықтары: 

кітапхана,  мұражай,  театр  т.с.с.  Қаладағы  жаңа  үй  құрылыстары. 

Құрылыстарда, зауытта, фабрикада істейтін адамдардың мамандықтары; 

4)  адам  еңбегін  жеңілдететін  машиналар.  Әр  адамның  еңбегінің, 

қоғамдық еңбектің маңызы мен мәні; 

5)  қаладағы  (ауылдағы)  көлік  түрлері:  Әуеде,  жерде,  суда.  Көлік 

түрлерінде жүмыс істсйтін адамдар олардың мамандығы. Көшеде жүру, жолдан 

өту тәртібі. Бағдаршам және оның маңызы. Жол белгілері: «Кіруге болмайды», 

«Жаяу  жүргіншілер  өтуге  болмайды»  т.с.с.  Қоғамдық  көліктермен  жүру,  кіру, 

шығу ережелері; 

6) шанамен, шаңғымен сырғанайтын, ойын ойнайтын орындар. Қоғамдық 

көліктер  тоқтайтын  аялдамалар.  Сулы  және  тайғанақ  жолдармен  жүру 

ерекшеліктері. Темір жолдан өту ережесі; 

7) қоғамдық орындардағы оқушы тәртібі (көшеде, көлік  ішінде, дүкенде, 

кітапханада т.с.с.); 

8) оқушылардың мектептегі ертеңгіліктерге қатысуы. 

32. Жануарлар әлемі: 

1) үй жануарлары: мысық, ит, қоян, сиыр, шошқа, қой, жылқы. Олардың 

сыртқы  ерекшеліктері  (дене  мүшелері,  терісі  т.с.с.).  Олардың  күтімі, 

қоректенуі,  пайдасы.  Үй  жануарларының  төлдері.  Олардың  адамға  берер 

пайдасы, маңызы; 

2)  жабайы  аңдар:  ақ  тиін,  қасқыр,  түлкі,  аю,  қоян,  кірпі,  көртышқан, 

арыстан,  жолбарыс.  Олардың  сыртқы  ерекшеліктері  (дене  мүшелері,  терісі 

т.с.с.). Олардың қоректенуі, күтімі, пайдасы; 

3)  жабайы  аңдардың  үй  жануарларынан  айырмашылығы,  салыстыру, 

сипаттау; 

4) жыл мезгілдеріне байланысты аңдардың өмір сүру жағдайлары (қысқы 

ұйқы, үңгірде, інде ұйықтауы). Жабайы аңдардың пайдасы мен зияны; 

5) жабайы аңдарды қорғау; 

6) іс-тәжірибе жұмыстары:  

серуенде үй жануарларын бақылау; 

диафильмдер, бейнефильмдер көру, суреттермен жұмыс істеу; 

тақырыптарға  сай  макеттер,  көрнекі  құралдар  дайындау  (сабақтан  тыс 

кезде). 


33. Туған ел: 

1)  біздің  отанымыз-  тәуелсіз  Қазақстан  республикасы.  Бас  қаласы  - 

Астана. Ең ірі, мәдениет орталығы - Алматы қаласы. Қазақстан туы, елтаңбасы, 

әнұраны. Біздің республика көп  ұлтты; 

2) Қазақстанның бірінші президенті – Н. Ә. Назарбаев; 

3) Қазақстандағы аталып өтетін мәнді оқиғалар мен мерекелер: 8 наурыз - 

аналар мерекесі,  Наурыз  - жыл басы, 1 мамыр -  халықтар достығы мерекесі, 7 

мамыр - ұландар күні, 9 мамыр - Жеңіс күні, 1 маусым -дүниежүзілік балаларды 

қорғау  күні,  30  тамыз  -  Конституция  күні,  25  қазан  -  Республика  күні,  1 

қыркүйек  -  білім  күні,  16  желтоқсан  -  Тәуелсіздік  күні,  31  желтоқсан  -  жаңа 

жыл мерекесі; 

4) мерекелік ертеңгіліктерді бақылау және оны өткізе білу. 

34. Үй құстары және жабайы құстар: 

1) үй құстары (үйрек, қаз, тауық): 

олардың сыртқы түрінің ерекшеліктері, ұқсастығы, күтімі, пайдасы; 

үй құстарының өсуі, көбеюі; 

үй шаруашылығындағы құстардың пайдасы; 

2) жабайы құстар (қараторғай, ұзақ, қарлығаш, торғай, қарға, суық торғай, 

сауысқан, көкек, үкі): 

олардың  сыртқы  ерекшеліктері,  күтімі,  пайдасы,  зияны.  Олардың  өмір 

сүру ортасы, қоректенуі; 

қыстайтын және жылы жаққа қайтатын құстар. Оларды күту және қорғау; 

3) іс тәжірибе жұмыстары:  

құс фермаларына серуенге шығу, бақылау; 

жабайы құстарды бақылау, олардың өмір сүру ортасымен танысу; 

құстардың  жылы  жаққа  ұшуын,  көктемде  келуін  бақылау.  Құстардың 

қысқы күтімі. Диафильмдер, бейнефильмдерді көрсету; 

тақырып  бойынша  «Үй  құстары»,  «Жабайы  аңдар»  көрнекі  құралдарын 

жасау (сабақтан тыс кезде). 

 

5. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 

талаптар 

 

35. Пәндік нәтижелер. Дайындық сыныптың соңында оқушылар: 



1) оқушылар өзінің аты-жөнін; 

2) отбасы мүшелерін, мұғалім, тәрбиешілердің аты-жөнін; 

3) жеке бас гигиена ережесін; 

4) амандасу түрлерін; 

5) мектептегі тәртіп ережелерін (сабақта, жатақханада, асханада т.б.) 

6) көшеден өту, көлікте жүру ережелерін, бағдаршам түстерінің мәнін; 

7)  мектептің  айналасында  өсіп  тұрған  ағаштардың  атауын,  бұталарды, 

гүлдерді айыруды; 

8) елімізде өтетін атаулы күндер мен мерекелерді; 

9) жыл мезгілдеріне байланысты өсімдіктерде болатын өзгерістерді: күзде 

жапырақтардың сарғаюын, түсуін білуі тиіс. 


 

6. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

36. Пәндік нәтижелер. 1-сыныптың соңында оқушылар: 



1)  көшеде  жүру  тәртібін,  жол  айырма  белгілерін,  көшеден  өтуді, 

үлкендермен көшеде бірге өтуді. Бағдаршамға қарап өтуді; 

2) амандасу түрлерін; 

3)  мектеп  ережесін  сақтап,  тәртіпті  болуды  (жатақханада,  қоғамдық 

орындарда, көшеде); 

4)  өсімдіктерді,  оладың  құрылысын,  пайдасын  білу.  Өсімдіктерді  (дала 

өсімдіктері мен үй өсімдіктерін) ажырата; 

5) киімдер мен аяқ қиімдер күтімі жайында; 

6) гербариймен жұмыс: өсімдіктердің құрылымын танып; 

7)  мұғалімдердің,  тәрбиешілердің,  дәрігердің,  үй  сыпырушылардың, 

аспаздардың мектепте атқаратын жұмыстары туралы; 

8) сөз, сөз тіркестерін, сөйлемді дыбыстарды қадағалап, дұрыс айта білуі 

тиіс. 

 

7. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

37. Пәндік нәтижелер. 2-сыныптың соңында оқушылар: 



1) өзі тұратын елінің (қала ауылының) аталуын білу. Өз республикасының 

астанасын; 

2) жеке бас гигиенасын сақтап, күн тәртібін орындай; 

3) амандасу, өз өтінішін білдіру, алғысын айта білу, кешірім сұрай; 

4)  көшеде  жүру  тәртібін  білу,  көшеден  өту,  көлікпен  жүру,  көше 

белгілерін  білу  «Байқаңыз  балалар»,  «Жүруге  болмайды»,  «Өтуге  болмайды», 

«Темір жолдан өту» тәртібін; 

5)  тұрмыстық  жабдықтарды  пайдалана  (Үтік,  шаш  кептіргіш, 

микроволновка, т.с.с); 

6) өртке қарсы ережені колдана; 

7) қоршаған ортадағы өсімдіктер мен аңдарды қорғай; 

8) өсімдіктердің (бөлмедегі гүлдердің) күтімі, суғаруы, түбін қопсытуды; 

9) үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті түрде сөйлесе; 

10) өз тілегін, өтінішін білдіруді; 

11) бақылау күнделігіне, жыл мезгілдері ішіндегі өзгерістерді мұғалімнің 

көмегімен бақылап, жазып отыруын; 

12) күн тәртібін бұлжытпай орындау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтай 

білу, үлкендерге және езінен кішілерге кемектесуді орындай; 

13)  сабақта,  серуенде  көргендерін,  қызықты  оқиғаны  айтып  беруді  білуі 

тиіс. 


38. Тұлғалық нәтижелер: 

1) берілген тапсырмаларды өздігінен орындай алуынан; 

2) табиғатты қорғай білуінен; 

3) отбасындағы қарттар мен балаларға қамқорлық жасауынан; 



4) әдептілікті сақтау, сәлемдесу, өз өтінішін білдіру, кешірім сұрау, алғыс 

айта білуінен; 

5) өзара достық қатынас туралы түсінуінен; 

6) табиғат құбылыстарын, айналадағы әдемілікті сезіне білуінен; 

7)  меңгерген  сөздік  материалдарын  ауызша  айтып  үйренуінен  көрініс 

табады.  

39. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: 

1) тапсырманы түсініп, орындай білуімен; 

2) сұраққа жауап беріп, әңгімелесе білуімен; 

3) оқу-тәжірибе үлескісінде далада, саябақта, кітапханада, тікелей табиғат 

аясында бақылау жүргізе алуымен; 

4)  тақырыптық  серуендер,  топсеруендер,  әңгімелеу,  музыка  тындау, 

диафильмдер көру арқылы алған ақпараттарын шынайы өмірмен байланыстыра 

білуімен; 

5)  адамзат  қоғамының  өркендеуі  үшін  адам  еңбектерінің  маңыздылығы 

туралы түсінігімен айқындалады. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет