Қазақстан әлі сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Бұл әлем елдеріндегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency Іnternatіonalұйымының 2017 жылғы қорытынды есебінде көрсетілген.
Қазақстан 2017 жылғы рейтинг бойынша 131-орынға шықты.
Қазақстанда зерттеулер 1999 жылдан бастап жүргізіле бастады. Егер сол кездегі елдегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін (кестені қараңыз) алсаңыз, 2017 жылғы көрсеткіштен айырмашылығы аз. Қазақстанда сәл ілгерілеу болғанымен, индекс (2,2-2,8 балл) әлі төмен. Сыбайласқан жемқорлықтан арылған мемлекетте индекс 10 балды көрсетеді. Сол себептен, Қазақстан ең құрығанда 5 балл алуға ұмтылуы керек. Ал индексі 3 балға дейінгі кез келген елде сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары болып есептеледі.