Этика мен эстетика


Адамгершілік онтологиясы. Өнер онтологиясы. Этика мен эстетика категориялары



бет2/3
Дата05.04.2023
өлшемі22,53 Kb.
#79669
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
10 сабак

Адамгершілік онтологиясы. Өнер онтологиясы. Этика мен эстетика категориялары.
Жақсылық пен жамандық, парыз, ұждан ұғымдарының мәні.
Этикалық ілімдер тарихында бұл ұғымдар әр уақытта жан-жақты қарастырылған.
Жақсылық пен жамандық өте жоғары дәрежедегі жинақтаумен, тұжырымдамамен айқындалады. Өйткені олар этикалық сананың қарама-қарсы ұстанымдары. Біз олар арқылы адамның барлық іс-әрекетіне баға береміз.
Философия тұрғысынан, жақсылық дегеніміз – белгілі бір қоғам немесе қауымдастық жағымды, игілікті деп есептейтін адам іс-әрекетінің барлық түрін бейнелейтін ұғым.
Жақсылық жақсы өмір, риза болушылық сезімімен байланыстырылса, жамандық өмірге қауіп төндірумен, зиян келтіруімен ерекшеленеді. Жамандық – бұл әр уақытта жою, бүлдіру, төмендету. Жамандық бұзуға бағытталғандықтан деструктивті элемент болып табылады.
Әлемде орын алатын жамандық үш түрлі формада көрініс беруі мүмкін. Біріншіден, физикалық және табиғи жамандық. Бұған табиғи қара күштер: жер сілкіну, су тасқыны, қатты жел, жанартаулардың атылуы, эпидемиялар және кәдімгі аурулар жатады.
Екінші жамандық қоғамдық қатынастардан туындайды. Бұған басқаның жеріне көз салу, байлығын тартып алу сияқты іс-әрекеттер жатады.
Жамандықтың үшінші түрі – адамгершіліктің өзінен туындайды. Мұндай жамандықтың екі түрін анықтауға болады: біріншісі – жеккөрушілік, екіншісі – азғындық.
Жеккөрушілікке агрессияны, күш көрсетуді, ашу шақыруды, басқалардың мысын басуға ұмтылушылық жатқызады.
Бұл жамандық өте белсенді, өйткені ол басқа болмысты жоюға тікелей бағытталған. Басқа адамға теріс пиғылмен қарайтын адам еш нәрседен тайынбайды.
Жеккөрушілік сезімі адам өзі ұмтылған бір мақсаттарды орындай алмай қалған жағдайларда туындайды.
Азғындық ұғымы адам табиғатынан туындап отыратын қорқақтық, ұсақтық, жалқаулық, өзінің сезімдері мен көңіл күйін тежей алмаушылықты бейнелейді.
Адамға оның өміріне қауіп төндіретін, оның қадір-қасиетіне кір келтіретін, мысын басатын, арын таптайтын нәрсенің бәрі жамандыққа жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет