Қорытынды
Сонымен, қатынас тілде түрліше көрініс та
-
уып, түрліше концептуалданады. Морфология
деңгейінде ол етіс категориясы арқылы көрінеді.
Бұл концепт, морфологиялық жолмен берілетін
басқа концептілер сияқты, жіктеуші сипатта бола
-
ды. Ол адам санасында тіл арқылы түзіліп, белгілі
бір жағдаятқа қатысушылардың субъектілі-
объектілі қатынастары туралы тілдік білімдерге
негізделеді. Жіктеуші сипатта болумен қатар ол
тіл жүйесі мен сөйлеушіге бағытталады. Яғни
етіс концепті етіс морфологиялық категориясы
мен оның көрсеткіштері арқылы көрініс табатын
концептуалды деңгей бірлігі болып табылады.