Етіс категориясын оқытудың көкейкесті мәселелері


-с,-ыс,-іс жұрнақты -лас,-лес,-дас,-дес жұрнақты



бет2/2
Дата15.02.2023
өлшемі59 Kb.
#68091
1   2
Байланысты:
sciPaper65271

-с,-ыс,-іс жұрнақты -лас,-лес,-дас,-дес жұрнақты
ортақ етіс ортақ етіс


айтыс, сатыс, сөйлес, жазыс, біліс, ақылдас, көмектес, татулас,
жұлыс, төгіс, егіс, жасас мұңдас, тілдес, сырлас

Бірінші қатардағы етістердің түбірі етістікке негізделген, яғни етістіктен жасалған туынды етістіктер. Екінші қатардағы қимылдың иесін білдіретін етістіктердің түбірі есім сөздерге негізделген. Сондықтан, екінші қатарда берілген –лас,-лес,-дас,-дес жұрнақтары екі түрлі қызмет атқарып тұр. Бірін – шісі – есім сөздерден туынды етістік жасау, екіншісі – ортақ етіс мәнін иелендіру. Жіктеуге келмейтін, тұтас қалпында ортақ етіс қызметін білдіре- тін санаулы етістіктер бар. Олар – төбелес, күрес,алыс.


Етістіктің етіс категориясын оқыту ғылыми тұжырымдардың қайтадан қаралу мәселесіне көңіл аудартады.Заманның ағымына сай тілдік оралымдар да тілдік нормадан ауытқып, басқа тілдің грамматикалық үлгісіндегі аударма- ның жетегіне еріп кетеді. Әйтпесе, «Біз ашылдық» үлгісіндегі сөз қолданысты қай етіске жатқызар едік. Әр оқытушы – жеке әдіскер. Оқу құралының авторы оқушы мен студенттің алдында тұрмауы мүмкін. Ал біреу жазған оқулықтағы түрлі тақырыптарды жеткізе оқытатын да, тосын сұрақтарға дәлелді жауап беретін де – оқытушы.Оқытушы үшін шешімі табылмаған мәселелердің болуы мүмкін емес. Біздің етіс категориясын оқы – тудағы күрделі құбылыстарды көрсете отырып, олардың шешімін табу жолдарын ұсынуымыз да - көкейкесті мәселелердің көлемін азайтудың бір амалы.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі (морфология), Алматы -1991.


2.Сауранбаев Н, Қазақ тілі (педучилищеге арналған), Алматы -1953.
3.Исаев С, Қазіргі қазақ тілі (морфология), Алматы – 2007.
4.Әбуханов Ғ, Қазақ тілі (педучилищеге арналған), Алматы-1981.
5.Қазақ тілі грамматикасы (академиялық), 1-том, Алматы- 1967.

Резюме



В статье освещены некоторые принципиальные вопросы методики обучения
категории залога


Resume
The article is devoted to some principal of Kazakh language teashing methods

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет