Етістіктің лексика-семантикалық сипаты.
Тілімізде қанша сөзді етістік деп танысақ, солардың әрқайсының өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Сөйте тұра олардың лексикалық мағынасы қаншалықты өзгеше болғанымен, сол етістіктердің бәрі де ең алдымен өздерінің бір ортақ сипаттарына байланысты бір сөз тобына телінеді.
Ы.Маманов етістіктерді мағынасына қарай топтастырып, сегіз топқа бөледі:
1) Іс-әрекеттік қимылды білдіретін етістіктер: жазу, сызу, көру, жұлу.
2)Қозғалыс-қимылын білдіретін етістіктер: жүгіру, еңбектеу, домалау, жорғалау.
3) Қалып-күй процесстерін білдіретін етістіктер: ауру, ұйықтау, тұру, отыру, жату, тынығу.
4) Көңіл –күйді білдіретін етістіктер: қайғыру, мұңаю, қуану, ренжу.
5) Сапалық белгінің өзгерісін білдіретін: ұзару, қысқару,сарғаю,ағару, азаю,көбею.
6) Еліктеу-бейнелеу етістіктері : жылмыңдау,қылмыңдау, пысылдау, ыңқылдау.
7) Туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер : балалау, құлындау, қоздау, боталау.
8) Субъективтік реңді етістіктер : азсыну, кісімсу, көпсіну.
Көсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады: 1) күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-әрекетті білдіреді. 2) қимыл-әрекеттің әртүрлі сипатын, амал-тәсілін, себеп-мақсатын білдіреді. Мысалы, Тапсырманы орындап болды. Орындап болды – күрделі етістік; орындап – негізгі іс-әрекет; болды – көмекші мәндегі етістік. Әңгімені құмарта тыңдады.Құмарта – қалай? Іс-әрекеттің амал-тәсілін білдіріп тұр.
Көсемше үш түрлі жолмен жасалады:
1) -а, -е, -й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады. Мысалы, Боран соғады, мал төлдейді, итүреді;
2) -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Мысалы, Сыпайы сызып айтады, шорқақ үзіп айтады. Көсемшелер: сызып, үзіп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |