Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет115/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

 
 
Адамзатпен  келе  жатқан  үрдістердің  бірі  – 
жаһанданудың  ұлы  қазақ  елінде  де  басталып 
кеткеніне  біраз  жылдардың  болғаны  жалған 
емес-ті.  Соған  орай  ескінің  жаңамен  қапталып, 
бұрынғының  биылғымен  жамалып  жатқан  жайы 
бар.  Қай  бағытқа  да  болмасын  септігін  тигізіп 
жатқан  аталмыш  құбылыстың  қазақ  әдебиетіне 
де өз үлесін қоспай кетуі мүмкін емес еді. Соның 
нәтижесінде  түрлі  терминдер  тізімге  тіркеліп, 
түсініктердің де түрленіп жатқаны шындық.  
Қазақтың  жері  қаншалықты  кең-байтақ 
болғанымен,  оның  жер  шарының  бір  бөлшегі 
ғана 
ретінде 
есептелетіні 
сияқты, 
қазақ 
әдебиетіміз  де  әлемдік  әдебиеттің  мағыналы 
бөлігі болуы заңды дүние. Сондықтан да әлемдік 
деңгейде  танылатын  ұғымдардың  барлығының 
қазақ әдебиетінде де жүруін зерттеушілер мақұл 
көріп,  керісінше  жаңа,  тың  дүниені  енгізу 
жаңалықтың  легіне  айналдырғандары  шындық. 
Сондықтан да мақаламыздың тақырыбына арқау 
болып отырған латын сөзінен аударғанда «жаңа, 
қазіргі» деген мағынаны білдіретін «модернизм» 
ұғымына біраз тоқталып, оның әдебиеттегі орны 
туралы сөз етуді жөн көріп отырмын. 
Модерн – нақты бір тарихи дәуір ғана емес, 
ол  тарихты  төменгі  пішіннен  жоғарғы  пішінге 
қарай  әрлететін  үдеріс  ретінде  қарастыратын 
нақты 
дүниетанымдық 
позиция 
болып 
табылатыны  да  жалған  емес.  Сондықтан  да 
аталмыш терминді жаңаға бағытталған, өткеннің 
адасуын  түзеуге  тиіс,  болашақ  қоғамның 
фундаменті  бола  алатын  дәуір  деп  түйіндеп 
айтуға негіз бар [1]. 


 
187 
ХХ ғасырдың басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-
эстетикалық ағымдардың атауы ретінде белгілі болған модернизмнің сол уақыттағы қазақ 
әдебиетіне  де  өз  желін  есіп  кеткенін  жоғарыда  атап  кеткен  ек.  Онда  адам  табиғатының 
трагедиялығы,  болмыстың  адам  тіршілігімен  үйлесе  бермейтін  қайшылығы,  қатігездігі 
жайлы  ойлар  сөз  етілген  болатын.  Заманымыздың  заңғар  жазушысы  М.Әуезов 
әңгімелерінде,  Ш.Құдайбердіұлы,  Ж.Аймауытов  шығармаларында  трагедиялық  бейнелер 
бой  көрсете  бастағаны  рас.  Жалпы  адам  баласының  өмірдегі  панасыздығын, 
қорғансыздығын  меңзейтін,  табиғатты  жатсынуын  бейнелейтін  шығармалар  1960-1980 
жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездескені туралы көптеген мәліметтер бар.  
Жалпы  біз  сөз  етіп  отырған  модернизммен  қатар  жүретін  постмодернизм  тәрізді 
әдеби стильдер өткен ғасырда зерттеліп, өзіндік орнын әдебиетте ойып тұрып алып алған-
ды.  Ал  қазақтың  жазба  әдебиеті  кешеуілдеп  дамығандықтан,  қазақ  әдебиетінде 
модернизмнің  бар  жоғы  ұзақ  жылдар  бойы  күмән  тудырып  келді.  Ол  қазақ  әдебиетіне 
«бөтен  стиль»  деген  теріс  пікірлер  болған.  Ортада  қалыптасқан  пікірді  жоққа  шығарып, 
жаңа дүниенің әдебиетте сіңісіп кетуіне септігін тигізген ғалымдардың ішінде профессор 
Бақытқамал  Қанарбаева  бар.  Зерттеушінің  «Қазақ  әдебиетіндегі  постмодернизм»  деп 
аталатын зерттеуі сол күдікті сейілтіп, кеңестік дәуірде, қазақ әдебиетінде де социалистік 
реализм  дәстүрінен  тыс  үлгілер  болғанын  дәлелдеді.Сондықтан  кітап  осы  қалпында 
ғылыми-зерттеу ғана емес, жоғары оқу орындарының студенттеріне көмекші оқу құралы 
ретінде таптырмайтын зор еңбек болып отырған жайы бар. Зерттеуші- ғалым осыған дейін 
де  2010  жылы  «Қазақ  әдебиетіндегі  модернизм»  деп  аталатын  көмекші  оқу  құралын 
жарыққа  шығарған  еді.  Бұл  кітапта  модернизм  жайлы  жалпы  түсінік  бере  келіп,  одан 
тарайтын  әдеби  ағым  түрлерімен  таныстырып,  қазақ  ақын-жазушыларының  еңбектеріне 
талдау  жасаған.  Оған  онға  жуық  қазақ  ақын-жазушыларының  шығармалары  алынған 
болатын. Бақытқамал Қанарбаева талдаған шығармалар негізінде осы мақалада ХХ ғасыр 
шығармаларын талдап көруді жөн көріп отырмын [2,12]. 
Қазақ  әдебиетіндегі  көркем  шығармаларға  тоқталып,  олардың  модернизациямен 
жұмысын  сабақтастырмастан  бұрын  прозаға  кішкене  тоқталып  өткім  келіп  тұр.  Яғни 
проза  –  әсемдік,  әдемілік,  сұлулықтың  әлемі.  Ондағы  бүкіл  көркемдік  айшықтар  іштей 
үйлесім  тапқан,  соның  бәрі  жымдасып  барып,  шығарманы  біртұтас  бітім  еткен.  Көркем 
шығарма бойындағы осы қадір-қасиет, сан адамды баурап әкетеді, жанын нұрландырады, 
әсемдікті тани білуге баулиды, сүйе білуге үйретеді. Шығарманың сұлу, тұтас бітіміне ену 
арқылы  оқушы  кейіпкер  бойындағы  ізгілік,  адамгершілік,  адамдық  сияқты  асыл 
қасиеттерді  тани  алады.  Мұның  өзі  кез  келгенді  биік  адамгершілікке  бастайды.  Демек, 
көркем  әдебиет  жаратылысындағы  эстетикалық  қуатты  оқушыларға  беру,  дүние  тану, 
тәрбиелеу мақсаттарына орай кәдеге асыру – оқытудағы басты бағдар. Әдебиет сабағы – 
өнер сабағы екені белгілі, олай болса, оның өзі өнер құралымен жасалуы керек. Бұл үшін 
кейде  бір  ғана  штрих  жеткілікті.  Әңгіме  мұнда  мәтіндегі  деталь  жайлы  болып  отыр. 
Өйткені ол бүтін бір шығарма, көптеген жыр арқауын бойына сіңірген түйін.  
Кез  келген  прозалық  шығарма  сюжет  желісімен  дамып,  жеке  бөлім,  тараулар 
оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. 
Композициялық  тәсілдер  алуан  түрлі.  Бұларға  қоса,  шығарманың  композициялық 
құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: оқиға автордың, автордан басқа 
баяндаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған  жағдайлар шығармадағы 
кейіпкерлердің  көзімен  көрген  қалпында  алынып,  соның  ұғым-түсінігі  арқылы  берілуі. 
Бұлардың бәрі оқырманның көркем туындыға деген қызығушылығын арттырады.  
Мысалы,  Дулат  Исабековтың  «Сүйекші»  деп  аталатын  шығармасында  тек  өз 
заманының ғана емес әр замандағы адам бойындағы ізгілік пен зұлымдық концепциялары 
сөз  болады.  Жалпы  шығарманы  талдау  арқылы  онда  кездесетін  қазіргі  кездегі  адами 
құлдыраудың  формалары  анықталады.  Осыған  орай  қазақтың  адамтану  және  адамды 
бағалау философиясы негізінде жазушы қалыптасқан социалистік реализм әдісіне өзгеше 


 
188 
қырынан  келіп,  кеңестік  кеңістіктегі  әдебиетке  қозғау  салуға  үлес  қосқандығы  туралы 
айта  кетпеске  болмас.  Негізінде  ұлттық  модернизм  ұлттық  рух,  ұлттық  сана 
түсініктерімен  қатар  келетіндіктен  аталмыш  ұғым  турасындағы  идеясын  ашық  немесе 
емеурінмен  білдіре  отырып,  кейіпкердің  шығарма  кейіпкерінің  белсене  күреспесе  де 
жеңіп  отыруын  ұлттың  жан  сырынан,  ділінен  іздегені  байқалып  отырады.  Келтіріліп 
отырған  мысал  жоғарыдағы  ұлттық  модернизм  туралы  берілген  түсінікпен  сабақтастып 
жатқандығы  айтпаса  да  түсінікті  шығар  деген  ойдамын.  Жалпы  қазақ  ұлтының  өмір 
сүретін  философиясы  арқылы  ұлттық  мінез  сипаты  сараланып  қазақ  реализмі  танылған-
ды.  
Біз тілімізге тиек етіп отырған Дулат Исабековтың «Сүйекші» туындысы – қаламгер 
шығармасындағы  ел  ғана  емес,  ұлттық  әдебиеттегі  өлі  сөз  етілмеген  әрі  тыңға  түрен 
салған туынды болып табылатыны шындық. Шығарманы қолына алған кез келген адам ең 
алдымен  Сүйекші  Тұңғыштың  кім  екендігі  туралы  ойланатыны  белгілі  дүние.  Ішкі  жан-
дүниесі  тоналған,  базардай  тоз-тозы  шыққан,  кеудесінде  жаны  болып  жүрегі  соғып 
тұрғанмен,  тірідей  өлікке  айналған  жан  ретінде  суреттелетін  образ.  Бұл  сұрағымызға 
жауап...  Біз  сөз  етіп  отырған  ұлттық  модернизмнің  де  аталмыш  шығармада  көрініс 
табатынына көзіміз жеткендей.  
Ана құрсағында тоғыз ай, тоғыз күн жатып, маңдайының жарығы болған күнді күтіп 
өмірге  келгенімен  аманатқа  беріліп,  көрінгеннің  тепкісін  көрген  шығарма  кейіпкері 
жылулықты  сезінбеген  соң  күндердің  бір  күнінде  рухани  тұрғыдан  кедейленіп,  өзінің 
мейірімі  мен  шуағын  сыйғызар  құтысынан  біржолата  айырылып  қалады.  Бай-барлардың 
бұйрығын  орындап  жүретін  шығарма  кейіпкерінің  физиологиялық  даму  жағдайы 
өскенменен  отбасын  құрып,  бала  сүюді,  жар  таңдауды  ойына  да  алмаған  образ  тура 
Ш.Айтматовтың «Боранды бекетіндегі» мәңгүртті оқырман есіне еріксіз түсіреді.  
Аманат-Кеңкелес-Диуана-Сүйекші....  бұл  шығарма  кейіпкерінің  есімін  автордың 
өзгертіп отыруы. Бас кейіпкердің мінез-құлығының шығарма бойында өзгеріп отыруының 
нәтижесінде оның кәсібі де өзгереді. Қанша қиындықты басынан өткерсе де тек иманынан 
ғана  пана  іздеген  кейіпкердің  түрлі  азаптарға  еш  қарсылық  көрсетпеуі  оқырман  ызасын 
келтіруі мүмкін, әрине. Итке таланып, ұрыға жем болған кейіпкер еш уайымсыз көр қазып 
сүйекші  болды.  Тұңғыштың  бойындағы  осы  қасиеттері  мен  одан  шығатын  іс-әрекеттері 
арқылы Дулат  Исабеков жалпы модернизмнің шыңына жеткендей десек қате айтпаспыз. 
Санадан  қуылып,  ұмытылған  жан  бейнесінде  суреттелген  кейіпкер  тағдырын  қалың 
оқырманына жеткізудің өзі жазушы шеберлігінің биіктігін көрсетері хақ.  
Шығармадағы  қылмыс  пен  тәртіп,  теңсіздік  пен  кісілік  ұғымдары  қатар  қойылып 
суреттеледі. Кейіпкерлер психологиясына барлау жасау арқылы автор біздің қазіргі сүріп 
жатқан  өміріміздің  шытырман  түйіндерін  шешуге  күш  жұмсағаны  көрініп-ақ  тұр. 
Дегенменен,  осы  мақсатта  бейнелеген  «бай  баласының  құдыққа  құлап  өлуі,  Сүйекші 
шешесінің  суықта  қатып  қалуы  –  жазушының  осы  секілді  шамадан  тыс  асып  кеткен, 
дәлел-дәйексіз  үрейлі,  қорқынышты  ситуацияларға  тым  әуестігін  құптауға  болмайды» 
[3,154] деген Рымғали Нұрғалиевтің пікірі өте орынды деп ойлаймыз. Қанша адам болса, 
сонша  пікірдің  болатыны  сияқты  Б.Ыбырайымов  мұндай  ойға  басқаша  уәж  айтады: 
«Сүйекші»  шығармасындағы  ойлы,  мұңды  сарын  кешегі  өткен  әлеуметтік  теңсіздік 
заманына соны қырынан үңілуден туған» [4,94].  
Заман  ағымына  сай  бейнеленетін  іс-әрекеттердің  жаңаша  берілуін  білдіретін 
модернизмнің айрықша көрініс тапқан Дулат Исабековтың аталмыш туындысы әлеуметтік 
жікке  бөлінген  кезеңнің  әлдісі  мен  әлсізінің  жай-жапсарын  емес,  түгел  қазақтың  зарын 
айтқаны  жалған  емес.  Құл  иленушілік  қоғамды  бастан  кешірмесе  де,  құлдық 
философиясының қазаққа қаншалықты жапа шектіргені туралы мәлім еткен шығарма көп 
ой салары хақ.  
Қалай  айтсақ  та,  ұлттық  модернизмнің  нақты  мысалына  сай  келетін  шығармадағы 
бас  кейіпкер  Тұңғыш  –  даралана  жасалған  шынайы  образ  ретінде  суреттелгені  мәлім. 


 
189 
Адамның  тағдыры  қаншалықты  өз  қолында  дегенімен,  өз  өмірін  өзгертуге  шамасы 
жетпеген  кейіпкерді  емес,  оның  тағдырын  текпіге  ұшыратқан  өзгелерге  кінә  артуға 
оқырман  ретінде  тура  келеді.  Дулат  Исабековтей  қаламгердің  шеберлігі  де  сол  болса 
керек, елде жоқ көр қазушы кәсібін меңгерген, естігенде тәнің түршігетін Сүйекші атауын 
имеденген Тұңғыштан – асылдың сынығындай, жаныңды суырып беруге дайын тұратын 
сенімді  бейне  туғызуы.  Автор  осынау  повесі  арқылы  әсемдік  пен  сұлулыққа  құштарлық 
жоғалған жерде адамның адамдығы қоса құрбан болатынын шебер-ақ дәлелдеп берген-ді.  
Қазақ әдебиетінде орын алатын бір ғана шығарманы талдау арқылы автордың біздің 
қозғап  отырған  тақырып  аясындағы  ойын,  көздеген  мақсатына  толыққанды  көз  жеткізіп 
отырған  жайымыз  бар.  Негізінде  модернизм  әлемдік  әдебиет  тарихында  ХХ  ғасыр 
басындағы  бірқатар  бағыттарда,  әсіресе  символизмде  (оның  ішінде  орыс  және  француз 
символизмінде) көрінгенін де естен шығармағанымыз абзал. Қоғам мен адам арасындағы 
қайшылық сарыны тұрғысынан романтизм эстетикасымен де ұқсас тұстары болды. Қазақ 
прозасындағы  адам  табиғатының  трагедиялығы,  болмыстың  адам  тіршілігімен  үйлесе 
бермейтін  қайшылығы бейнеленген,  адамның панасыздығын,  қорғансыздығын  меңзейтін 
шығармаларда  романтикалық  сипат  пен  модернистік  ұстанымның  берік  байланысы 
жатқандығын да ұмытпаған жөн. 
Кейіпкерлердің  екіге  жарылу  мәселесі  70-ші  жылдардан  бастап  қазіргі  қазақ 
прозасында да заңды жалғасын тапты. О. Бөкеевтің рухани сергелдеңге түскен, мазасыз, 
әлденені  іздеумен  жүретін  сезімтал,  қияли  кейіпкерлері,  сондай-ақ  Т.  Әбдіковтің  «Оң 
қол»,  «Парасат  майданы»  шығармаларындағы  екіұдай  сезім  кешкен  «сырқат»  тұлғалары 
хақында да осыны айтуға болады. 
Осы кезеңде жеке тұлғаны, адам болмысының күрделі, жұмбақ мәселелерін, бүгінгі 
рухани құндылықтарды зерделеуде бейнелеудің дәстүрлі әдістерімен қатар реалистік емес 
сарындардың да орын тебе бастағанын аңғару қиын емес. 1970-80 жылдардан бастап қазақ 
әдебиетінде  әлемдік  әдебиеттен  жаңғырық  тапқан  модернистік  эстетиканың  әсері  кем 
болмады.  Т.  Әбдіковтің  «Оң  қол»,  «Ақиқат»  шығармаларында  модернизммен  синтезге 
түскен,  трансформацияланған  романтизмді  көретініміз  белгілі.  Модернизм  белгілері  – 
жазушының  барынша  ашық  және  еркін  түрде  өзін-өзі  ашуы,  көркем  тілді  барынша 
жаңартуға,  жаңаша  түлетуге  ұмтылысы,  өзіне  жақын  нақтылықтан  гөрі  алыс  тұрған 
универсалды, мәдени-тарихи дүниеге назар аударуы болып табылады. Осы қасиеттерімен 
модернизм классикалық реализмнен гөрі романтизмге анағұрлым жақын тұрады.  
Зерттеуші  Н.А.  Нагорная  романтизмнен  поэтикалық  екіұдайылық,  қосәлемділік 
идеясын  өзіне  мұраға  алған  «модернизмде  суреткер  идеалды  әлем  мен  реалды  әлемнің 
арасындағы қақтығыстың зардабын тартатынын» жазады [5, 11]. Сондықтан да әдебиеттің 
жанына айналған сөз қадірін ғана түсінбей, кез келген шығарманы оқу барысында қандай 
әдіспен  жазылғаны  жайлы,  нені  мақсат  еткені  туралы  білу  –  оқырман  алдына  қойылған 
үлкен міндет деп білемін.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет