Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет103/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Табиғи сұрыпталудың мәні. Табиғи сұрыпталу жайындағы ілім органикалық дүниенің тарихи дамуының объективтік заңы ретінде Ч.Дарвин теориясының негізгі бөлімі болып саналады. Қазіргі кезде биологияда Дарвин теориясының негізгі жағдайларының дұрыстығын дәлелдеуші көп және жан-жақты материалдар қорланды. Дарвин теориясында табиғи сұрыпталу табиғатта жүріп жатқан процесс мағанасында түсіндіріледі. Бұл әрекетте дамып келе жатқан ағзаға орта жағдайының тигізген әсерлерінің нәтижесінде өмір сүруі және дамуы үшін пайдалы белгілерге ие болған жекеленген даралар (индивидумдар) сақталып қалады.
Табиғи сұрыпталу кезінде кері әрекетте көрініс беруі мүмкін, ол -элиминация – сыртқы орта факторларының ағзаға тигізетін зиянды өзгерісі, оның тіршілігіне теріс ықпал етеді, ондай өзгерісті даралар ең алдымен құрып кетеді немесе өсіп-өне алмайды. Мысалы, бір топ торғайларға жыртқыш құстар шабуыл жасағанда, ең алдымен олардың ішінен қандай да бір кемістігі бар құстар қолға түсіп жем болады. Швециядағы бақылаулар бойынша қырғи 50 шақты торғайлардың ішінен бір көзі соқыр торғайларды ұстап, жеп отырған. Бұндай факторлар, құстардағы элиминация, түр үшін бағасы кем дараларда болатындығына дәлел. Бір жағынан өзгергіштіктің сипаты, ал екінші жағынан элиминация сипаты өзара тығыз байланыста болғандықтан табиғи сұрыпталудың бағыты осыларға байланысты екенін түсіну қиын емес. Осыған орай табиғи сұрыпталуға қандай жағдайлар қолайлы екендігін айтуымызға болады. Даралар саны көп болып, олардың мекендеген ортасының жағдайлары алуан түрлі болса, өзгеру варианттары да көп болады, демек табиғи сұрыпталу үшін бастапқы материалда мол болады. Ағзаға пайдалы өзгерістің қандайы болса да, ол ұрпаққа берілетін болса ғана сұрыпталу үшін мәні болады. Ең соңында табиғи сұрыпталу әрекеті бір бағытта қанша ұзақ уақыт жүріп отырса, соншалықты нәтижелі болып шығады.


«Табиғи сұрыпталу» әрекетінің жүру жайы. Табиғи сұрыпталу әрекеті эволюцияның элементарлы факторы сияқты даралардың барлық тіршілік белгілері мен қасиеттеріне әсер етеді. Сұрыпталу көрінісі әуелі фенотип бойынша көрініске ие болады. Фенотип бойынша сұрыпталу принципіне орай генотиптік сұрыпталу өтеді. Осындай сатылы екі жақтылық сұрыпталу әрекеті эволюциядағы фенотиптік өзгергіштік пен фенотиптің маңыздылығын айқындай түседі. Дарвин көрсеткендей сұрыпталу кезінде бір белгі ғана өзгеріп қоймай, гендердің әр түрлі белгілерге жауап беруіне орай, басқа белгілердің де өзгеретін принципін полифен немесе полейтропия деп атайды. Мысалы, дрозофила шыбынындағы мутация әрекеті. Полифенді мутация кезінде шыбынның қанаты, көзінің түсі, аяқтарының ұзын-қысқалылығы қатар көрініс берді. Жаңа биология ғылымы көрсеткендей, сұрыпталу бірлігі бір белгінің ғана емес, тұтас ағза генотипінің өзгеруімен жүреді. Табиғи сұрыпталу әрекетінің жүру жайына айқын мысал – индустриялық құбылыс. Ақ көбелектерді сұр көбелектердің ығыстыруы. Түйелердің шөлдегі тіршілікке бейімделу жағдайы арқылы да табиғи сұрыпталуды түсіндіруге болады. Жантақты жеу үшін еріннің, таңдайдың және тілдің құрылысы мен жабыны ерекше болып келеді. Бұл бейімділіктер қоректік бәсекелестікті азайтады, өйткені осындай тікендері бар шөпті жеушілер тіпті шөлде де көптеп табылмайды. Май жинақталған өркешті тек қана кенеулі қосымша қоректік заттардың көзі ретінде ғана емес, ағза үшін іште туындайтын су көзін пайдалануға мүмкіндік беретін мүше деп санауға болады. Кеудесінде, шынтағында және тізесіндегі көн – ерекше құрылысты тері түйенің өте қызған құмға күймей жатуына мүмкіндік беріп, салалы жүні түйені ыстықтан және суықтан қорғайды. Түйе күшті, майлы және жеңіл табандарымен шағалдармен көтеріліп, сусымалы ыстық құммен тұрақты жүре алады. Табиғи сұрыпталу әрекетінің тірі ағзалар популяциясына ықпал ету дәрежесі табғи сұрыпталу қысымының қарқындылығымен түсіндіріледі. Жыландар популяциясындағы микроэволюцияның жүру мысалы (Natrex Sipedon). Ори аралында (солт.Америка) шұбар жыландардың 4 түрі А.Б.В.Г. ақ түсті – А, сұр түсті Б,В.Г. – қара жолақты болды. Элиминацияға ұшыраушы қара жолақты түрлері болды. Сарғыш түсті тастар үстінде қара жолақтылар көрініп қалып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет