Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет119/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Негізгі функцияның әлсіреуі оның күшеюі сияқты кәдімгі эволюциялық процесс. Киттәрізділердің тіршіліктің сулы ортасына өтуі кезінде олардың тектеріндегі түкті жабынның термореттегіш қызметі (қазіргі заманғы киттәрізділердің түкті жабындылары іс жүзінде жойылған) әлсірейді. Бұл әлсіреу дене бетіндегі түктер санының біртіндеп қысқаруымен байланысты. Бұл процестің жекелеген сатыларын салыстырмалы экологиялық – анотомиялық қатарлардың құралы арқылы елестетуге болады. Өсімдіктер әлеміндегі жартылай паразитті және паразитті формалар эволюциясындағы фотосинтез қызметінің әлсіреуін келтіруге болады.

Мүшелердің полимеризациясы. Полимеризация кезінде біртекті мүшелер немесе құрылымдар санының ұлғаюы жүзеге асады. Бұл принцип мысалы, құйрық қозғағыштығының күшеюіне алып келетін ұзынқұйрықты сүтқоректілердегі көпсанды құйрық омыртқаларының екіншілік туындауы кезінде жүзеге асады. Өз кезегінде бұл сан алуан қызметтік мәнге ие болуы мүмкін: бунақденелілердің сермеуі, құйрықты руль немесе тірек ұшын пайдалану т.с.с.

Мүшелердің олигомеризациясы мен қызметтер концентрациясы эволюциясында кеңінен байқалатын тәртіпке сай қызметтердің қарқындауымен байланысты көп санды біртекті мүшелер органоидтар мен құрылымдар, мүшелердің азаюы мен қосылу жолы. Киттәрізді бөліктердегі олигомерлену процесі мойын омыртқаларын өзгертеді. Бұл кезде басты ұстаудағы омыртқалық бағанның бүкіл мойын бөлігінің негізгі қызметі шұғыл түрде күшейеді. В.А.Догель олигомерлену гомодинамды мүшелер редукциясының нәтижесі арқылы өте кеңінен тарайды деп есептеді.

Қызметтер санының азаюы. Қандай-да бір мүше немесе құрлым мамандануы кезінде негізі кейіппен эволюция процесінде байқалады.

Қызметтер санының ұлғаюы. Субкуленттердегі жапырақтар мен немесе сабақ ұлпаларымен суды қорландырудың мүмкіндіктерін туындату мысалында көрсетуге болады. Кейбір өсімдітердегі түкті қабықшалар бетінің ұлғаюы тұқымдарды аэродинамикалық таралуын қамтамасыз ететін арнайы ұлпалардың түзілуіне алып келеді. Қызметтер санының өсуі кезінде негізгі қызмет тәртіпке сай басқасымен ауыспай толығады. Мысалы пластинка желбезекті молюскалардағы желбезектердің қызметі тыныс алу. Бірақ бірқатар формаларда эволюция процесінде ауыз саңылауына азық бөлшектерін тасымалдауда қосымша қызмет атқарса, ал аналықтарында дернәсілдерді дамыту үшін жетілдіру қуысы ретінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет