Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет30/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
Популяция туралы түсінік. «Популяция» терминін (грекше популяция - тұрғын) 1903 жылы дат ғалымы В.Иогансен енгізді. Популяция – тіршіліктің негізгі бірлігі, түрдің эволюциялық бірлігі. Белгілі бір территорияға орналасқан бір түр өкілдерінің бір тобы. Тіршіліктің негізгі бірлігі ретінде популяция белгілі бір тұрағымен, даралар санымен, даралардың орналасу тығыздығымен, құрамындағы даралардың белгілі жас-жыныстық жетілу арақатынасымен сипатталады. Популяция өзінше өсіп-өніп, тарихи дамуға бейім, тұрақты жүйе болып табылады. Сонымен, популяция дегеніміз белгілі бір ареалға мекендеген, оқшауланған генефондысы бар, бір-бірімен еркін шағылыса алатын, өсімтал ұрпақ бере алатын даралардың жиынтығы.

Популяцияның тұрақтылығы тарихи қалыптасқан көбею тәсілімен ұрпақтар алмасып отыру арқылы, сондай-ақ өз құрылымдарын өзгертіп, өзін-өзі реттей алатын байланыста сақталып отырады. Популяцияның түрден төмендегі белгілерімен айырмашылығы бар.


популяция


түр

- ерікті шағылысуы;

  • гендер алмасуы;


  • мутация жүреді


  • генофид түзеді.


- жаңа белгілер қалыптастырады


  • жаңа қасиет пайда болады.т.б.


- түрлер арасындағы бөгет бар;


- гендер алмаса алмайды




Популяцияның негізгі критерилері мен құрылымы. Сан мөлшері – даралардың популяциядағы жалпы саны. Бұл көрсеткіш әр туыстың түрлері арасында өзгермелі болады. Мысалы, бунақденелілер мен балықтардың кейбір түрлерінде жүз мыңнан миллионға дейін даралар саны болады. Құстардың сирек кездесетін түрі – ақ тырнаның популяциясында 20-30 дарадан ғана кездеседі.

Популяцияның ареалы (тығыздығы) – даралар жиынтығының бірлесіп мекен аумақ жері, оның көлемі даралардың сан мөлшерімен және тіршілік әрекетінің белсенділігімен анықталынады.

Жыныстық құрылым – жыныстық жағынан жетілген аталықтар мен аналықтар арасындағы санның арақатынасы. Ол еркін шағылысатын (панмиксиялық) түрлерде едәуір біркелкі болады да, партеногенездік популяцияларда (бітелер, баларалар, дафниялар) аналық даралар саны артады.























Популяция жасының құрылымы - әр түрлі жастағы даралардың өзара қатынасы. Егер популяцияда жас даралардың саны артса, онда популяция өседі. Ал, ересектер саны көбейсе, жақын арада популяция кішіреюі не жойылуы мүмкін.

Генетикалық құрылымы - әр қашанда гетерогенді болады. С.С.Четвериков: кез келген популяциядағы даралар тіршілік барысында бірнеше ұрпақ бойы үздіксіз мутантты гендермен толығып отырады. Мутациялардың көпшілігі рецессивті жағдайда болады да байқала бермейді.

Тіршілік (популяциялық) толқыны – даралар санының өзгеруі. Бұл терминді С.С.Четвериков енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет