Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет82/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Тіршілік үшін күрес. Ағзалардың мақсатқа сәйкес бейімділіктері қалай пайда болатынын түсіндіру Дарвин теориясында жақсы айтылған. Тірі ағзалардың геометриялық прогрессия бойынша көбейіп отыратыны белгілі еді. Бұл заңдылық бойынша әрбір түрде даралар санын шексіз көбейтіп отыру мүмкіндігі бар. Бірақ, табиғатта бір түрдің өте көп көбеуі байқалмайды. Бұлардың шексіз көбейюіне «тіршілік үшін күрес» бөгеу болады. Тіршілік үшін күреске ағзалардың жеке қоршаған ортасының өлі және тірі табиғатымен қарым–қатынасын жатқызады. Ағзалар арасындағы қатынасты түр ішілік және түр аралық деп бөлді. Себебі ағзалардың көп ұрпақ қалдыруынан, табиғаттағы тіршілік ресурстары жеткіліксіз болады. Тіршілік үшін күрес сұрыпталу әрекетіндегі өзгеріс туғызатын негізгі фактор болып табылады.

Бейімділік пен табиғи сұрыпталу. Тірі ағза өкілдерінің қасиеттері әртүрлі болғандықтан қоршаған ортаға тәуелділігі де әртүрлі. Көптеген ағзалардың қоршаған ортаға бейім ерекшеліктері болады. Яғни, ағзалардың тіршілік қабілеттері де әртүрлі. Тіршілікке бейімділігі бар ағзалар тіршілік үшін күресте аман қалып, арттарынан ұрпақ қалдырып отырады. Сыртқы орта жағдайына және тіршілік үшін күресте бейімделе алмаған ағзалар азайып, біртіндеп жойылып кетеді. Ағзалардың тіршілік үшін күресін табиғи сұрыпталу деп атайды. Сұрыпталу әрекеті кезінде органикалық ағзалар жеке даму сатысында жетіле түседі. Сұрыпталу кезеңінде пайда болған бейімділік белгілері тірі ағза үшін белгілі жағдайларда ғана тиімді, қалған уақытта бейімделу табиғатта салыстырмалы сипатта болады. Дарвин ағзалардың белгілі жағдайда пайда болған бейімділігінің кенеттен жағдай өзгерген кезде маңызын жоғалтатынын айта келіп, оны органикалық тиімділіктің салыстырмалығы деп көрсетеді. Түр түзілу. Түр дараларының сұрыпталу әрекеті нәтижесінде сыртқы орта жағдайларына бейімделу негізінде өзгеретінін дәлелдей отырып, Ч.Дарвин өзінің монофилия және дивергенция принциптерін жазды. Монофилия дегеніміз түрлердің бәріне ортақ бір тектен пайда болуы. Бір форманың екі не одан да көп жаңа формаларға ажырауы. Дивергенция арқылы түрлер түзілуін Дарвин туыстас түрлердің бірдей қорек және бірдей тіршілік ортасына бәселекестік арқылы түсіндірді. Жаңа пайда болған түрлердің арасы аралық формалардың тіршілік үшін күресте жеңіліске ұшырап жойылып кетуіне байланысты алшақтай түседі. Монофилия мен дидергенция принципін эволюция идеясымен біріктіре отырып, филогенетикалық шежіре жасауға негіз қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет