ЗахириддинМухаммад Бабур (1483-1530) үлы ел билеуші қызметші ғана емес, ақын және көрнекті жаратылыстанушы ғалым да болды. Оның «Бабур тағылымы» еңбегінде тарихижәне географиялық Орта Азиялық, Үндістандық, Ауғаныстандық жерлерден қызықты мэлімдемелер беріледі. Ол жерлердегі халықтың қоныстануы мен тұрмыс-салттары жазылған. Бабур өз деректерін нақты іс жүзінде өзі саяхаттаудың нэтижесі бойынша берді. Өсімдіктер арасында кездесетін ұқсастықты, жануарлар арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарды, әртүрлі аршалар мен бүталы өсімдіктерді сипаттайды. Үндістанның эндемді өсімдіктері туралы жазды. Басқа елдерден экелінген жануарларды жерсіндіруге көп еңбек етті. Мысалы, тоты құсын, тауықтарын, маймылдарын, үйректерін, еліктерін т.б. әкелді. Бабур жануарлар дүниесін төртке бөлді.